Бүгінгі журналистердің эпистолярлық жанрда көріну сипатына баға беріңіз.
Қазақ журналистикасында эпистолярлық публицистиканың тамаша мысалдары аз емес.
Бұл жанрдың дамуы, әсіресе, ХХ-ХХI ғасырда ерекше қарқынға ие болды. ХХI ғасыр бедерінде заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше қарқынмен дамуы барысында қанатын кеңге жая түсті. Дей тұрсақ та, мұрағаттардағы қыруар хаттар зерттелмей,талданбаған күйі мұрты бұзылмастан тұр. Шын мәнінде онда ұшан-теңіз ақпараттық дүниелер қордаланып жатыр. Әрине, ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бірқатар республикалық деңгейдегі басылымдар бұл атыраптағы жазбаларға да мән беріп, жекелеген авторлар ұсынған эпистолярлық дүниелерді жариялады.
«Жалын» журналындағы әдебиет, өнер мәселелерінің берілу ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.
«Жалын» журналында тұрақты жарияланып келе жатқан «Түркі дүниесінің классиктері» айдары аясында қазақ оқырмандары Хұсейін Нихалдың «Көк бөрілердің ерлігі» романы мен Харун Токактың «Қара шалдың қайғысы» атты шығармасымен, белгілі ғалым Сабри Хизметлидің түркі әдебиеті мен мәдениеті туралы танымдық дүниесімен, белгілі журналист Ахмет Аляздың «Көрұғлы» атты бүкіл түркі дүниесінің рухани бірлігін паш ететін ғылыми еңбегімен танысты. Сопылық ілімнің жауһары Мәулананың «Месневи» шығармасының журналдың бірнеше санында жариялануы да діни бауырластықты бұрынғыдан да нығайта түсті. «Жалын» журналы жалпы түркі әлеміне аты белгілі, классик ақын-жазушылардың шығармаларын да ұдайы насихаттап келеді.
«Парасат» журналының шығармашылық тәжірибесін саралаңыз.
«Парасат журналы» ғылымның барлық саласын қамтиды. Қоғамдық – саяси, әдеби – көркем, суретті журналымыз 60 жылдың асқарына иық тіреуде. Сан жылдардың тіршілік тағылымынан нәр алған, мәуелі даналықтың исі аңқыған, ақын жазушыларымыздың көзі мен сөзі, жүректен шыққан асыл жырларын халыққа жеткізе білетін «Парасат журналы» ең алғашқы рет 1958жылдың шілде айынан бастап «Мәдениет және тұрмыс» деген атаумен, 10 мың тиражбен басылып жарыққа шықты. Саналы адамның мақсатты еңбектерін бағалап, халықты ынтық қылдыратын, орта буындағы аға журналымыздың қорында құнды мәліметтер көп. Шөлдесең шөліңді қандыратын, сұлу сөздің майын тамызатын, поэзия әлемінен бастау алып, прозаға қанат қақтыратын, шетелдік туындыларды аудармалап, халыққа жеткізетін, ұлттық бренд, озық үлгідегі туындыларымен жүректен жол табар журналымыз тарихпен де үйлесім табады. Тарлан мінез табиғатында адамзаттың асыл қасиеттері - даналық, шешендік, шеберлікпен тоғысқан, сыршыл да жыршыл, өткір тілді, жаңғырығы жер жаһанға жеткен, тамыры тарихпен сабақтасып жатқан журналдың біздің қоғам үшін маңызы зор. Көз қуанатын құндылық деп атасақ, артық болмас. Басылымның «Ойтолғақ», «Жаңғырық», «Тарих - тағдыр», «Таным», «Дерек пен дәйек», «Салауат», «Ғұмырдария» сияқты, тағы да басқа айдарлары бар. Журналдың ерекшелігі сұхбат жүзінде және аңыз адамдар мен қоғам қайраткерлерінің өмірінен хабар береді. Қазақ қашан да от ауызды, орақ тілді ақиық ақындарға, жаны жайсаң жазушыларға кенде болған емес. Нар аунаса жүк қалған, тұлпар аунаса түк қалған ұрпақ үшін игі істің бастамасы іспеттес.
№28 билеті М АИДА
Достарыңызбен бөлісу: |