Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Бүгінгі әдеби сынның көркемдік деңгейін айқындаңыз



бет53/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Бүгінгі әдеби сынның көркемдік деңгейін айқындаңыз.

Сын – аса күрделі сала. Сондықтан да оған анықтама бергенде, түрліше пікірлер айтылып жүр. Әдеби сынның негізгі зерттеу объектісі – көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиетттану ғылымының зерттеу әдістерін, методологиясын қолданады. Әдебиет сынының ғылымнан басты айырмашылығы көбіне қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында; әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Негізінен әдеби сын баспасөз бетінде газет жанрларында жазылып, өмір сүреді. Әдеби сынның әдеби, ғылыми, публицистикалық идеологиялық сипаттары бар [1: 4]. Қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихына, оның жүріп өткен жолына көркемдік сапа деңгейі тұрғысынан қарағанда бірнеше айтулы кезеңдерді атап өтуге болар еді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алаш арыстары негізін қалаған, осылардың арқасында жаңаша, ұлттық танымдық-көркемдік биігіне көтерілген әдеби-көркем сынымыз, ең бастысы осы арқылы сол кезеңдегі туған әдебиетіміздің тарихын, теориясын, көркемдік ізденістерін бір жүйеге түсіруге деген талпыныс, барлығы да зая кеткен жоқ. Сол жылдардағы А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев бастаған және осы ізденістер арнасын ары қарай сәтті жалғастырып кете алған кейінгі толқын әдебиет зерттеушілері мен сыншылары да ұлтымызға теңдессіз мол мұра қалдырды.

Қазақ әдебиетінің көркемдік мәселелерін танып –білуде әдеби сынның өзіндік 


орны бар.Қазір әдеби сынға қатысты біршама еңбектер бар.Бұнда сынның 
тарихы ғылыми тұрғыда сараланды, жеке қаламгерлердің сыншылық қызметтері зерттелді.Сынның ғылыми, идеялық, көркемдік дәрежесін зерттеу кезінде оның ұзақ жылғы бару 
барысында қалыптасқан өзіндік құрылымы,даму заңдылығы барын ұмытпау керек.

  1. Баспасөздегі саяси сараптама сауаттылығын көрсетіңіз.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік трансформациялаудағы рөлі өте жоғары. Біз теледидардағы жаңалықтарды үнемі көреміз, баспасөздегі қызықты мақалаларды оқимыз, достарымызбен интернетте сөйлесеміз. Бүгінде Қазақстанда жалпы халықтың 30% -дан астамы жастар болып табылады және олар бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді тұтынушысы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары өз кезегінде жастар аудиториясына әсер етеді. Сонымен бірге, БАҚ-тардың жастарға оң және теріс ететін әсері бар, ал жастардың қоғамдағы жағымсыз мінез-құлығынан көрініс табады. Заманауи жасөспірімдер, жастар қоғамда үлкендердің (тәлімгерлердің) мақсатты көмегінсіз жиі жаңа шындыққа кіреді. Қоғамдағы «тәлімгерлердің» бұл рөлін бұқаралық ақпарат құралдары түрінде әр түрлі делдалдар қабылдайды: баспасөз, теледидар, радио, интернет және ұялы байланыс. Мақалада БАҚ-ның жастарға әсер ету мәселелері талқыланады.

Қазіргі таңда БАҚ жастардың саяси санасы, олардың әлеуметтену жағдайына, патриоттық сезімінің жоғары болуына да өте ауқымды ықпалын тигізуде. Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті жастарға тікелей қатысы бар теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттары. Сонымен бірге, жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет