Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Радиопублицистика және оның ерекшеліктері



бет52/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Радиопублицистика және оның ерекшеліктері

Радио-журналистика қоғамдық пікірді қалыптастыру арқылы маңызды саяси және идеологиялық рөл атқаруға арналған, кейбір жағдайларда ол өзекті әлеуметтік полемиканың құралы ретінде әрекет етеді. Журналистік радиоматериалдарда аудиовизуалды БАҚ-тың журналистік сөйлеу стиліне тән лексикалық-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік сипаттамалардың ерекше жиынтығы бар. 2000-2018 жж. радиохабар таратуда журналистика диалогтық және монологиялық бағдарламалар, аналитикалық сипаттағы және көркем бағыттағы синтетикалық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады, олар аудиторияға көркемдік презентацияның сөйлеу элементтерін және радиохабардың экспрессивті құралдарын (музыка, шу, монтаж) қамтуы мүмкін.

  1. Төлеген Жаңабайұлының публицистикасы

Қазақ зерттеушілерінің ішінде публицисгикаға тұңғыш анықтаманы А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде берді. Ол публицистиканы «көсем сөз» деген қазақ сөзімен байланыстарды. Қазақ елінің өркендеуіне дәуір тамырын дөп басып отыратын публицисгиканың, сон ың доңғалағын дөңгелеткен қаламгерлердің үлесі орасан зор. Олар әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір талғамына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем туындылары арқылы үлес қосады. Қаламгерлер заман тынысын публицистика тілімен шындықтың шырайын аша көрсеткенді жөн көреді.Сондай қаламгерлердің бірі - жазушы - публицист, ақын Төлеген Жаңабайұлы. Журналисттік пен жазушылық тізгінді қатар алып келе жатқан майталман жазушы. Туған жерге, отбасына, ағайын-досқа, ардақты азаматтарға арнаған кесгелі ойын ақ қағазға түсірген, сонымен қатар қазақ әдебиетінде публицистика жанрының қанат жаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқандардың бірі десек болады. Публицистика қай кезде болмасын әдебиеттің алғы шептегі барлаушысы, тыңнан жол салатын, жаңа тақырыптардың көзін ашатын жаңашыл жасағы, жауынгер құралы.
Төлеген Жаңабайұлының публицистикасы туған жұртының тұрмыс- тіршілігімен байланысты болып келеді. Ақын жүрегін тебірентпеген тақырып кем де кем екенін байқаймыз. Оның өлеңдерінде адам жанынының небір нәзік пернелерін жаңылмай басып, біресе сыңғыры мол сырға, біресе күңіренісі мол мұңға батыратын сәттерімен қатар, атақонысының даласы мен қаласын, данасы мен баласын, тарихы мен тағылымын, салты мен салауатын сан қырынан толғаған тұстар молынан ұшырасады. Осының бәрі - Төлеген Жаңабайұлының көңілімен түйген ойлар, бейнесі анық, бояуы қанық дүниелер. Шеберліктің шеңберіне салған кезде тақырыптың ұсақ-түйегі болмайтынын публицист өлеңін абайлап, аңғара оқығанда түсіне бастайсың.Жора-жолдастарына, туған-туыстарына жазған жырларынан аңқылдаған адалдық пен ақтық, ақ алмасгай жарқылдаған кісілік пен пәктік - ақын поэзиясының алтын арқауы екенін көреміз. Оны ақынның жазған өлеңдерінің әр тармағынан байқасақ болады. Мысалға, «Таптым асыл жанымды», «Қибат шеше», «Балдыздар-ай, балдыздар», «Достыққа, сірә, жетер жоқ» деген өлеңін ақын сыныптас құрдасына арнаған, «Келіндер сендей болсын, Рысты», «Айналайын, Айнамкөз», «Сүйіктісі ағамның», «Әлпешті, Әсет, әлпеште», «Ұлы Жамбыл аттасы» деген өлеңін Жамбыл жиенінің туылған күніне арнаған, «Қаршыға тектес Әндіржан», «Айболаттай теңін тапты Нұрлыгүл» және т.б.деген өлеңдерінің тақырыбынан жырдың нақты кейіпкері кім екенін білуге болады. Төлеген Жаңабайұлының жақындарына арнап жазған жырлары өте көп. Бұл қаламгер шығармашылығының ауқымды тақырыптарының бірі десек те болады. Огбасында әр адамның мерейтойына, маңызды күніне арнап жүрек жарды тілегін, ақ батасын өлең арқылы жеткізіп отырған. Оған мысал ретінде Tay тұлға бол ер жетіп деген өлеңін талдап көрейік:Мерейжан, өссің мерейің, Биіктен самғау көрейін Алғашқы мүшел жасында, Батамды осы берейін-деп, іргелес көршісінің баласы Мерей Ғабитұлына шын жүректен шыққан тілегімен, аталық батасын айтады. Осындай бірнеше мысалдарды тізбектеп келтіруге болады. Мәселен, махаббат лирикасынан мысал келтірсек:Көңілім жұлдызбен сырласты, Сәулемдей жымыңдап шақырған. Жүрекке сыр-күйді жырласты, Бейне бір таңым ба атырған-деп, ақын жүрек сезім сырын шерткенде іштегі алапат сезімді теңеулермен бейнелеп жырға қосты. Жүрекке сыймай, өлең болып ақ парақтың бетіне түскен бұл жыр ақынның асыл жарына арналған еді. Қаламгер буыныңды балқытып, көңіліңді шалқытар лирикалық өлеңдерімен қатар ел рухын, ер еңсесін көтерер азаматтық-патриоттық тақырыптағы туындыларымен де ерекшеленер қалам иесі. Публицист табиғаты бұнда да шынайылықты шырақ етіп, бұра тартуға мұрша қалдырмайды. Оның «Есте ғой, есте, сұрапыл соғыс» деген кітабы ерлік тақырыбына жазылған повесть, очерктер, эсселер, мақалалардан тұрады. Ол - Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына жазушы тарапынан жырық көрген сыйлық, яғни кітап.
Бұл кітапта 1418 күнге созылған алапат майданда болған оқиғалар тізбектелген. Ұлы Отан соғысында қайсарлықпен қызмет етіп, батылдықпен жау алдында туған өлкелерін қорғаған батырлар, бүгінгі ардагерлер туралы сөз болады. Жайық өзенінің төменгі сағасындағы жаудың бомбаларынан қырағылық пен батылдық, жігерлілік пен іскерліктің керемет үлгісі мен өнегесін көрсеткен атыраулық батырлардың ерен еңбектерін келешек ұрпаққа үлгі ету мақсатында жазылған. Онда Атырау аймағынан соғысқа кеткендердің саны, осы аймақта қалып сол сардарларға киім болсын деп жүн иіріп, азық болсын деп төрт түлік өсіріп, егін еккен азаматтардыңда ерен еңбектерін атап өтеді. Мысалы, Атырау өңірінен 42505 адам елімізді неміс басқыншыларынан қорғауға аттанды деп кітапта көрсетілген. Майданда қаза тауып, отбасына оралмағандардың саны 13827 боздақ делінген. Осылар туралы кітапта нақты айтылады. Мұса Баймұқановтың Кеңес Одағы батыры, Шүкір Еркіовтың «Даңқ» орденінің толық кавалері атанғаны туралы жеке тақырып арнап, ой бөліседі. Тақырыптар алуан түрлі. Бірі «Воронежге барып, 73 жылдан соң әкемнің бейітін тауып қайттым» деген болса, енді бірі «Тоғысқан тілектер, табысқан жүректер» деген атаумен майдангер Тәжіғали Садықов пен тыл аруы Сәния Ысқақова арасын байланыстырған хаттар туралы сөз болады. Бұлардың барлығын жазуда Төлеген Жаңабайұлы бір мақсатты ғана көздеді. Соғыс алаңында аянбай қызмет еткен сарбаздар мен оларға қажет заттарды майданға жіберу үшін жұмыс істеуден тынбаған еңбек өрендерінің есімі айтылмай келе жатқанына қиналып, осындай публицистикалық еңбегін жариялады. Оны «Немістердің үстінен ажал оқтарын сепкен авиация майоры Ермұқан Ідірісов, танкты ұршықша иірген взвод командирі Шәкір Сымғалиев, зеңбірекшілер тобын басқарған Қалу Мақиев және де басқа қызылқоғалық майдангерлерді қалай дәріптемейсің? Олар жөнінде зерттеу, тиянақтау істері жөнге қойылып, очерктер, эсселер жазылса құба-құп болар еді. Ең болмаса, публицистикалық дүниелерде аттары аталса кейінгі ұрпағы, зәузаты үшін мақтаныш болмай ма?» - деп жазылған қаламгер сөзінен аңғарамыз .Төлеген Жаңабайұлының публицистикасына журналисттік қызмет етіп жүрген кезінде жарық көрген мақалаларын дамысал етіп келтірсек болады. Олардың тақырыбы сан алуан, сол кездегі заман ағымының көкейтесті мәселелері көтеріліп отырғандығын аңғаруға болады. Ол қай саланы болмасын мұқият зерттеп, жазады. Жиі жазылған тақырыптардың бірі ауыл шаруашылығы. Себебі, оның журналисттік өмір жолы осы ауыл өмірімен тығыз байланысты. Аудандық Коммунизм туы (қазіргі Қызылқоға) газетінде жүріп-ақ мал шаруашылығы мәселелерін қыл қалам ұшымен терең бейнелей білген журналист келе-келе бұл тақырыпқа әбден машықтанып та алды. Оның еңбегі де ауыл ішіндегі тұрғындардың арасында жоғары бағаланды. Ол мақалаларында цифрларға көп мән берді.Себебі, статистикалық салыстырулар мақаланың нанымды шығуына септігін тигізеді. Мына бір мақаласын мысалға алсақ: «Ежелден Ақ Жайық жағалауы - ақтылы қойға құтты мекен болған аймақ. Мұнда бұдан 15-20 жыл бұрын шопандар тамаша рекордтар тасқынын туғызды. 1966 жылы Индер ауданы бойынша әр жүз саулықтан 148 қозы, ал 1967 жылы 150 қозы алынды. Ал, ауданның Переводик совхозы осы көрсеткішті 159-165-ке жеткізді. Өкінішке орай бұл цифрлардың еңсесі кейінгі жылдары елеулі түрде аласырып кетті. Тіпті оның жүзден төмен сырғыған кезі де болды. Here бұлай? Байырғы шопандарды осы мәселе қатты толғантады» [2.1] Осылай басталатын «Міндет биігінен қарасақ»... атты мақаласы Индерауданында қой шаруашылығын өркендету талап деңгейінен төмендеп кеткенін ерекше атап көрсетеді. Бұл журналисттің іздемпаздылығын, әсіресе, экономикалық бағытта тақырыпты талдай алатындығын көрсетеді. Төлеген Жаңабайұлы мал шаруашылығы тақырыбында да мақалалар жазды. Онда шопандар ауылын, малды қыстаққа дайындау жолындағы фермалардың жай-күйі, ауылда мал дәрігерлерінің сиреп бара жатқандығын ашық жазды. Мысалы, «Коммунисттік еңбек» газетінде мынандай мақаласы жарық көріпті: «Өкінішке орай, соңғы жылдары Қызылқоға ауданы шаруашылықтарында мал мамандарының қатары өте сиреп барады. Әсіресе, фермалардағы зоотехникалық мал-дәрігерлік қызметтің тұтқасын ұстаушыларға мақтаудан гөрі сын садағы көбірек тиіп жатады. Бұл - ойлантарлық жай»- деп қазіргі уақытта да маңыздылығын жоғалтпаған мәселеге тоқталады [3.2] Осы мамандыққа тегін оқу гранттары бөлінседе, мал дәрігерінің саны көбеймей тұрғаны тек қана ауданның емес, еліміздің шешімін таппаған жағдай. Өзекті мәселелерді көтеріп, көкейтесті сұрақтарға жауап іздеп, ауқымды тақырыптарды мұқият зерттеп мақала жазған журналист Төлеген Жаңабайұлының шығармашылығы публицисттикалық еңбектерге өте бай. Оның туған өлкесіне, кіндік қаны тамған Қызылқоға ауданына арнаған өлеңдері, жазбалары көп кездеседі, Ақын туған жеріне деген ыстық сағынышын өлең арқылы жеткізіп отырған. Ұмтылмас балалық шағы өткен алтын бесігін мақтана отырып оған жыр арнайды. Мысалы, «Ел-тірегім» деген өлеңінде:Сен жайлы сан толғанып, желпінемін, Туған жер Қызылқоғам - ел, тірегім. Құба дәң, бұйра құмды, көк майсалы, Далаңа жан-тәніммен елтігенмін, - деп, туған жердің табиғатын тамаша теңеулермен бейнелеп берді. Төлеген Жаңабайұлының табиғат лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенттері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады. «Табиғатты құрттық-ау», «Тынығайын қырға барып», «Аялай түсші ақ жаңбыр», «Күз», «Өзенім», «Жеті қарақшы», «Боранды түн», «Қызғалдақ» және т.б. табиғатты жырлайды. Мысалы мына «Күз» деген терт жол өлеңінде:
Ебіменен, деміменен сағасынан күз іліп, Жапырақтар түсіп жатыр, түсіп жатыр үзіліп. Қарашалар тектесіне, көсеміне ілесіп, Жылы жаққа барады ұшып, барады ұшып тізіліп-деп, күз мезгілінде болатын барлық табиғат құбылысын бір шумақ өлеңге сыйғызады. Бұл деген ақынның өлең жазудағы асқан шеберлігін көрсетеді. Ол көз алдындағы көріністерді жәй ғана көзбен көріп қоймай, көкірікпен қабылдап, өзінше, өзгеше бір бейнемен кейіптеп, кестеліп, бедерлеп көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Төлеген Жаңабайұлының публицистикасы мен ой толғаулары - ерекше әсермен жазылған публицистикалық тың дүниелер. Қаламгер шығармашылығы - еліміздің болашақ жас ұрпақтарына, жалпы барлық адамзатқа тәрбие беретін, үлгі көрсететін туындылар. Себебі, ол шығармаларында ерлікті насихаттады, туған жерді құрметтеуді, табиғатты қастерлеуді, отбасына сүйіспеншілікпен қарауды және де тағы басқа адами құндылықтарды жазды, жырларды
29 билеті УЛЖАН



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет