Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Қазақ публицистері туралы «Мен таныған тұлғалар» тақырыбында толғаныс-эссе



бет39/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Қазақ публицистері туралы «Мен таныған тұлғалар» тақырыбында толғаныс-эссе.

Мен таныған тұлға Камал Смайлов
1954 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінің редакциясында бастаған. «Білім және еңбек» журналының тұңғыш редакторы, ҚазКСР мемлекеттік кино комитетінің төрағасы, Қазақ КСР мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы сияқты жауапты қызметтері атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылған халық депутаты болып сайлаған. Ол Қазақстан киноөнерінің алтын қазынасына айналған «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» кинофильмдерін түсіруге бірден-бір жебеуші болды Смайылов басқарған тұста «Қазақфильм» киностудиясы «Әкелер жері», «Ән қанатында», «Артымызда Москва», «Тақиялы періште», «Қараш-қараш оқиғасы», «Мәншүк туралы ән», «Шоқ пен шер», «Көксерек», «Транссібір экспресі» және т.б. көркем фильмдері түсіріліп, тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шықты. К.Смайыловтың қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді. Ұлтжанды азаматтың бастамасымен Алматыда 1975 жылы тұңғыш рет Халықаралық кинофестиваль өтті. Қазақ телевизиясына басшылық еткен жылдары ұлттың ұстанымдағы «Айтыс», «Терме», «Шабыт», «Халық таланттары», «Асыл мұра» топтама хабарлары, көпшілікке арналған «Тамаша» бағдарламасы эфирге шығып, халық сүйіспеншілігіне бөленді.
21 билеті АЛИХАН

  1. 1970-1980 жылдардағы қазақтың көркем-публицистикасы.

Қазақ әдебиетінде 1970-1980 жылдар аралығында дүниеге келген тандаулы қазақ повестерінің авторлары болашақ шығармаларының тақырыптарын өз көзімен көрген, жүректерінен өткізген өмір құбылыстарынан іздеді, сол ізденіс жолында тақырыпты ашатын алтын кілтті тапты да. Олардың шығармаларынын басты тақырыбы - қырда жатқан қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігі болды. М.Мағауиннің «Тазының өлімі» мен «Қара қызы», Ә.Кекілбаевтың «Шыңырауы» мен «Автомобилі», С.Мұратбековтың «Жусан исі» мен «Үшқарасы», Т.Әбдіковтын, «Ақиқаты» мен «Әкесі», «Оралуы», Б.Нұржекеевтің «Кінәлі махаббаты», Д.Исабековтың «Тіршілігі» мен «Дерменесі», О.Бөкеевтің «Қар қызы» мен «Қайдасың, қасқа құлынымы», Т.Нұрмағамбетовтың «Түпкірдегі ауылы» мен «Қош бол, атасы», Ж.Түменбаевтың «Ауыл шетіндегі үйі» секілді қазіргі профессионалдық прозаның әлемдік стандарттарына толығымен жауап бере алатын повестері нақ осы тақырыпқа — ауыл өміріне арналған болатын. Бұл авторлардың осы тақырыпқа деген ерекше сүйіспеншілігінің себебі неде? Біріншіден, бұлардың барлығы дерлік қазақтың байтақ даласының түпкірлеріндегі ауылдардан шыққан кешегі қыр баласы еді. Сондықтан олар бұл өмірді, осы қоғамдық ортаның тіршілігін басқа такырыптарға қарағанда әдлеқайда жетік білетін. Ол кездері қазақ халқы әлі де болса урбанизацияның терең иірімдеріне тартыла қоймаған болатын. Қазақтардың басым көпшілігі әлі де болса ауылдарда, немесе тіршілігі, өмір сүру салты, әлеметтік жіктелуі жағынан ауылдарда пәлендей айырмашылығы жоқ шағын қалаларда, кенттерде (поселкелер) тұратын. Ал Алматы, Қарағанды секілді ірі урбанизация орталықтарындағы олардың саны 10 проценттен аспайтын және олардың көпшілігі осы қалаларға әлеуметтік, ұлттық тамырын жайып үлгермеген, жартылай маргиналданған, жартылай басқа ұлтпен, негізінен орыстармен және орыстанған басқа да этнос өкілдерімен ассимиляцияға түскен адамдар болатын. Сондықтан да жаратылысы жағынан ұлттық категорияға жататын көркем әдебиет шығармаларының бұлардың өмірінен ұлттық көркемсөзге азық болатын тақырып пен мазмұнды табуы қиындау еді. Жоғарыда аты аталған прозашыларымыз бен олардың қазак, көркемсөзіндегі тұстастарының ауыл өмірін суреттеуге құштар болуының бұл екінші себебі болатын.
1970-1980 жылдардағы таңдаулы қазақ повестерінің басты тақырыптарын шартты түрде бес блокқа бөліп жіктеуге болады. Олар — жоғарыда біз кеңірек тоқталған 1) ауыл 2) қала, 3) тарих, 4) шетел өмірі деп аталатын тақырыптар.
1970-1980 жылдардағы қазақ повестерінде жан-жақты көтерілген тақырыптың бірі — тарихи тақырып болды. М.Әуезовтың әлемге әйгілі атақты «Абай жолы» эпопеясынан кейін бұл тақырыпқа арналған романдар мен повестер, поэмалар мен әңгімелер, драмалық пьесалар жазғы нөсерден соңғы саңыраукұлақтардай қаптады. Тарих қойнауларына үңілу қазақ жазушылары үшін жаппай сәнге айналды: кітапханалардағы, музейлердегі, архив қоймаларындағы шаң басып, сарғайып жатқан мол мұраға қаламгерлер тарапынан жаппай «шабуыл» басталды. Соның нәтижесінде іштерінде шіп-шикі дүмбілезі бар, тым шикі болмағанмен шикілі-пісілі ортақолдаулары бар талай дүниелер республикалық баспаларда том-том болып жарық көріп жатты. Бұл арадағы әңгіме ондай шығармалар туралы болмақ емес, әрине. Қашан да халтураның жаны сірі, ол қай заманда да болған. Алайда, бағымызыға орай, көне тарихқа бағышталған көп дүниенің ортасында хас суреткерлердің қанымен, жанымен жазылған озық үлгілері де өмірге келген еді сол тұста. Олар Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер», І.Есенберлиннің «Қаһар», Х.Есенжановтың «Ақ жайық», М.Мағауиннің «Аласапыран», Қ.Жұмаділовтың «Соңғы көш», А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» секілді романдары, өзіміз сөз еткелі отырған Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Күй», «Бәсеке», «Шыңырау», А.Сүлейменовтың «Бесатар», Қ.Мұханбетқалиевтың «Ежелгі дұшпан» секілді талантты баяндары болатын.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет