Бала: - Ата, осы фашист деген деген ит қандай екен?
1-қарт: Әбеке, мына баланың сауалына жауапты өзің берерсің.
2-қарт:Балам-ау, «фашист» деген кәззап қой. Басына кішкене қазанды төңкере киген, үстіне бүкіл жер бетіндегі темір-терсік атаулыны, мата біткенді жамыла салған. Қолына шолақ мылтық ұстаған сайтанның сапалағы секілді. Өздері адам да емес, жануар да емес аяғы қисық бірдеңе. Әркімнің жерін жаулап аламыз деп еді, енді ауыздарына құм құйылыпты ғой.
Бала: - Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.
1-қарт: - Ей, мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетіпті ғой.
2-қарт: - Мына кісіге не болған? Бұлай қатты жүрмеуші еді ғой!!!