Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары жаңа редакцияда бұйрыққа қосылып отырған 1-ші қосымшасына бекітілсін
«Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығы және «Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгерістер еңгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 369 бұйрығы «Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы күші жойылды деп тану туралы бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығына осындай енгізілсін:
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары жаңа редакцияда бұйрыққа қосылып отырған 1-ші қосымшасына бекітілсін.
2. «Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгерістер:
көрсетілген бұйрығымен бекітілген паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесі осы бұйрыққа қосылып отырған 2-ші қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 369 бұйрығы «Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.