Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары жаңа редакцияда бұйрыққа қосылып отырған 1-ші қосымшасына бекітілсін



бет2/5
Дата15.04.2023
өлшемі60,71 Kb.
#174573
1   2   3   4   5
Байланысты:
0;;80B82 0 07. 1

Министр Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау
министрінің
2018 жылғы __ «_______»
№ ____ бұйрығына
1-ші қосымшасы

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен бекітілген


Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген


1. Жалпы ережелер
1. Осы Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 53-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы түрде жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, пысықтаудың және сақтаудың бірыңғай жүйесі;
2) мейірбике күтімі – денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытындымен расталған ауыр сырқаты бар тұлғаларға психологиялық және әлеуметтік көмек пен тұрмыстық күтім көрсету жөніндегі медициналық және әлеуметтік қызмет бағыты;
3) паллиативтік көмек – мақсаты денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытындымен расталған терминалдық (соңғы) сатыдағы сырқаты дауасыз пациенттердің өмір сүру сапасын және жалпы жағдайын жақсарту болып табылатын медициналық және әлеуметтік қызмет бағыты;
4) стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалып, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;
5) стационарды алмастыратын көмек – бір күннің ішінде медициналық бақылау жасалып, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;
6) үйдегі хоспис – бір күн ішінде төрттен сегіз сағатқа дейінгі мультидициплинарлық команданың білікті көмегі түріндегі үйде паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету;
7) хоспис – сырқаты дауасыз науқастарға және олардың туыстарына стационар жағдайында (медициналық, психологиялық-әлеуметтік және рухани) паллиативтік көмек көрсететін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым.
3. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халық санаттарына көрсетіледі.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) тізбесіне кірмейтін паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қызметтері кодексінің 7-бабының 1-тармағының 87) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
5. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарында науқастарды емдеуге жатқызу үшін мыналар айғақ болып табылады:
1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмайтын терапияны таңдау қажеттілігі;
2) әлеуметтік-психологиялық мынадай айғақтардың болуы: депрессия жағдайы, реактивті жағдай немесе отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқастың күтімі үшін тұрмыс жағдайларының болмауы.
6. Науқастарға паллиативтік көмек және мейірбике күтімі стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетіледі.
7. Пациентті ТМККК шеңберінде стационарға жатқызу:
1) стационарға емдеуге жатқызу күні туралы пациентке немесе оның заңды өкіліне хабарлай отырып, Портал арқылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) мамандарының немесе медициналық ұйымның бейінді маманының жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен;
2) жолдаманың болуына қарамастан, шұғыл айғақтары бойынша жүзеге асырылады.
8. Пациентті емдеу кезінде:
1) күндізгі стационарда № 003-3/е нысаны бойынша күндізгі стационар науқасының картасы толтырылады, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - бұйрық), (нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген).
2) үйдегі стационарда № 907 бұйрығымен бекітілген № 003-2/е нысаны бойынша үйдегі стационар науқасының картасы толтырылады.
9. Пациент туралы мәліметтер мынадай бастапқы медициналық есепке алу құжаттамасында:
1) № 907 бекітілген бұйрығына сәйкес № 001-1/е нысаны бойынша күндізгі стационар (емхана) науқастарын есепке алу журналында;
2) № 907 бекітілген бұйрығына сәйкес № 001-2/е нысаны бойынша үйдегі стационар науқастарын есепке алу журналында тіркеледі.
Оған тәуліктік бақылау талап етілген және үйдегі науқастың жағдайы нашарлаған жағдайда тез арада стационарға емдеуге жатқызу жүзеге асырылады.
10. Пациент келіп түскен кезден бастап емдеудің ұзақтығы:
1) күндізгі стационарда кемінде 8 жұмыс күнін;
2) үйдегі стационарда кемінде 8 жұмыс күнін құрайды.
11. Стационарды алмастыратын көмек алған пациентті шығару кезінде күндізгі стационарда және үйдегі стационарда емдеуден өткен пациенттің № 907 бекітілген бұйрығына сәйкес № 066-4/е нысаны бойынша статистикалық картасы толтырылады.
12. Қажетті ұсынымдары бар науқастың медициналық картасынан алынған көшірме пациенттің немесе оның заңды өкілінің қолына беріліп, қолы қойғызылады және бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет