Ситуациялық есептер: 1 есеп.
Болжам диагноз: Құрысу-тырысу.
Құрысу дегеніміз дененің пішіні мен аяқ қолдарының сіресуін шақыртатын бұлшықеттің еріксіз жиырылуы.
Менің тактикам:
1. Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.
2. Қысып тұрған тар киімнен босату.
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
4. Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен оралған шпатель салу.
5. Құрысуға қарсы препараттар енгізу (көктамырға немесе бұлшық етке).
- реланиум (седуксен) – 0,1 мл жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе - дроперидол – 0,2 мл/кг немесе
- ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл - 200 мг)
6. Оттегі беру.
7. Құрысудың себебін анықтау және жою.
Достарыңызбен бөлісу: |