ГЛОССАРИЙ
Агроэкожүйе – ауыл шаруашылық өсімдіктері мен адамдардың топыраққа өзара әсерінің салалары мен нәтижелері, жыл сайын өнімнің алынуымен топырақтағы қоректік элементтерді жоғалтады.
Топырақтың антропогенді бұзылыссы – физикалық, хмимялық немесе биотикалық антропогенді әсер етуінен топырақтың табиғи тұрақтылықтығынан жоғарылайды және топырақтағы экологиялық функциялардың орындалуына мүмкіндік бермейді, топырақ құрамының қайта қалпына келмейтіндей өзгерісіне ұшыратады.
Топырақ мониторингісін енгізу кезіндегі базалық бақылаулар – мониторинг енгізілген сәттен бастап бақылау нысандардың жағдайын фиксерлейтін бастапқы бақылаулар.
Топырақ бонитировкасы – өнімділік қабілетіне байланысты топырақты салыстырмалы сапасын бағалау, құнарлығы баллмен берілген топырақтың мамандандырылған генетикалық-өнімділік классификациясы.
Ластанған топырақ – шығу тегі антропогенді химиялық заттардың мөлшері жергілікті фон деңгейінен жоғары антропогенді ластанған топырақ түрі.
Ластанған заттар – шығу тегі антропогенді заттар қоршаған ортаға табиғи деңгейінен жоғары мөлшерде түседі.
Қышқылданған топырақ – топырақтың қышқылдығын жоғарлауына әкелетін қышқыл шөгінділерімен топырақтың ластануы.
Жер категориялары – жерді белгілеу, жинақтаушы және шартты түснік.
Жердің локалді мониторингі - (Local monitoring of land) – жекелеген жер иеленуші мен жер қолданушылар территорияларының шекараларында жер қорының жағдайын бақылайтын жүйе.
Жер мониторингі – жер қорының жағдайын бақылау жүйесі арқылы уақытылы өзгерістерді анықтау, оларды бағалау, жағымсыз үдерістерді алдын-алу мен жою. Қоршаған табиғи ортаның жағдайындағы мониторингтің негізгі бөлігі.
Мелиоривтенген жер мониторингі – мелиоративті жер жағдайын жүйелі бақылау, мұның негізінде мелиоративті жер жағдайын өзгерістерін бақылау мен бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік жүйедегі топырақ мониторингісінің негізі бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |