Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн


Ластанған топырақтың жағдайын бақылау кезінде тестiлiк телімдердi таңдау



бет2/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)

10.1.3. Ластанған топырақтың жағдайын бақылау кезінде тестiлiк телімдердi таңдау

Фонды және ластанған аумақтағы сынама саралау нүктелерiн таңдау қағидалары бөлек-бөлек. Тестiлiк телімдерiнiң орналасқан жерін фон аумағында ауданның жер бедері ерекшелiктерiне байланысты анықтайды, сол үшiн аумақтың рекогносцирлік тексеруi жүргiзiледi. Сонымен бiрге топырақ түзуші жыныстар, бедерлер, өсiмдiктер түрлері, топырақжасаушы түрлер анықталады. Бастапқы кезеңде кен кездесуге байланысты ластаушы заттар бойынша жергiлiктi геохимиялық қалыпсыздықтар айқындалуы мүмкін. Мұндай тестiлiк телімдердiң саны мен орналастырылуы аумақтың жер бедері геохимиялық және топырақтық ерекшелiктерiне тәуелдi болады. Элементтер көшюінің сипаты геохимиялық жер бедерінің шығу тегімен анықталады. Келесi үш шығу тегі біршама кең таралған:


l-ші шығу тегі – әлсiз эрозиялы бөлшектенуiмен немесе онсыз ақырын су алмасуы бар тегіс жазықтар. Бұл - теңiз жағалауындағы ойпаттар, аллювиальді жазықтықтар, жанартаулы және басқа үстірттер.
2-шi шығу тегі - баурайлары бар жазық беттердiң кезектесуі.
Сонымен бiрге жер беті және жер асты науалар біршама қуатты. Бұл эрозиялы төбелер, бөлшектелген үстірттер.
3-шi шығу тегі - беткейлі телімдер, жазық беттері дерлiк жоқ. Қуатты су алмасуымен сипатталады. Таулы және күштi төмпешiктi бедерлер.
1-шi шығу тегінің жер бедері үшін бедермен келісілген, элементтердiң аккумуляциясының белгіленген аймақтарының жоқ кезінде гумидты жағдайда қалай болса, аридты жағдайда да солай болатын телімнiң орналасқан жері топырақтың қасиеттерiне тәуелдi болады. Ластануға әртүрлi буферлiк қабiлеттiлiкке ие болатын топырақтар сараптауға жатады.
2-шi және 3-шi шығу тектерінің жер бедерінің тестiлiк телімдерi үшiн аймақтарды таңдау жер бедері геохимиялық талаптармен анықталады. Тестiлiк телімдер аккумулятивті ландшафта да, элювиалдi ландшафта да орналасады. Элювиалдi ландшафтқа бақылау тестiлiк телімге бейімделген. Аккумулятивті жер бердернің топырақтарындағы поллютанттардың құрамы берілген талаптарда, олардың көшкені анықталады.
Топырақтың сынамаларын таңдау үшiн ластанған аумақтағы нүктелер ластану көздерінен әртүрлi қашықтықта және жел бағытын есепке ала отырып орналастырылады. Байқау нүктелерiн орналастыру жиiлiгі ластану көздеріне қарай көбірек (50, 100, 200, 300 м) және алып тастауы бойынша қысқартылады. Тексеру ареалының формасы дөңгелек болмайды, ол желдiң бағыты бойынша керiлген дұрыс емес фигураны көрсетеді. Байқау нүктелерін таңдау кезінде жер бедері ұйымдастыру күрделiлiгiнің категориясы және топырақ жамылғысының құрылымдары назарға ілінеді, өйткені бұл топырақ картасын жасауда есепке алынады.
Тестiлiк телімдерде жүйелi және кезеңдік бақылаулар жүргiзiледi. Көп жылдық зерттеулер негiзiнде бақыланатын элементтердiң жылжымалы формаларының қайта анықтауын мақсатсыз бiрнеше (1 - 5) жылдан кейiн жүргізеді. Мерзiмдлiк аумақтың өнеркәсiптiк игерілу дәрежесімен, iрi ластанған нысандардың жойылуымен, бақыланатын элементтiң ерекшелiктерiмен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет