Мал жайылымдарының жағдайы
|
Мал сойылатын соқпақтардың ауданы
|
Нашар сомдалғаны
|
<10
|
Орташа сомдалғаны
|
10-25
|
Күштi сомдалғаны
|
25-50
|
Өте күштi сомдалғаны
|
>50
|
Көрсеткiштердiң жиыны негiзiнен таулы мал жайылымдарының топырағының - экологиялық мониторингi келесiдей:
- түрлi құрам, қорлар және фитомассаның құрылымы; жобалық жамылғы;
- төсенiштiң (сахаралық киiз) болуы және оның қалыңдығы;
- топырақтың бетiнiң шымдалуы; топырақтың тығыздығы;
- топырақтың құрылымдық жағдайы (бағалы агрономиялық агрегаттардың болуы және олардың суға төзiмдiлiгi);
- құрамы, қорлары және қарашірік құрамы;
- қоректену элементтерінiң (N, Р) болуы;
- қарашірік қабатының қалыңдығығы;
- сызықты эрозия формаларының болуы және олардың өлшемдерi (қосымшаны кестеге қара).
Бұл көрсеткiштегі бақылаулар 3-5 жылдарда 1 рет, кейде жиiрек өткiзілу керек. Тауда топырақ - экологиялық мониторингісінің ұйымдық құрылымдары жоқ болған кезде оның көрсеткiштерiн анықтауды аумақтың агрохиимиялық зерттеуі кезінде жүргізуге болады. Сонымен қатар қарашірік құрамын агрохимиялық зерттеудiң мерзiмдерімен келiсе отырып 5-10 жылда 1 рет сирек тексеру керек..
11.3 Ирригациялық-мелиоративті топырақ мониторингісі
Бұл мониторинг түрі суармалы топырақтың жағдайын бақылауға бағытталған. Ирригациалды-мелиоративті мониторинг мемлекеттiк гидрогеологиялық мелиоративтік (ГГМС) қызметiне жүктеген.
Мелиоративті бақылаудың негiзгi қызметi келесiдей:
1. Суармалы топырақтың мелиоративті жағдайының бағасы, тиiмдi мелиоративті шаралар, нақты топырақтың-мелиоративті болжамдары және есептеулері.
2. Топырақ-мелиоративінің үдерісiнің бағытын болжау.
3. Экспутацианды,гидротехникалық және басқада мелиоративті шараларды өңдеу, топырақтың құнарлылығының жоғары болуын қамтамасыз ету.
Суармалы топырақты бақылау олардың пайдалану сипатына қарамастан жер бетінде таралады, және олар оң ықпалда және жер бетінің басқатда категорияларын қамтуды мелиоративті жүйенің шекарасында немесе оның жер ету аймағында. Суармалы топыраққа бақылау жүргізу бойынша талаптардың орындалуына ұйымдар жауапты, ауылшаруашылық басқару органы, сонымен бірге осы жерлерді пайдаланушылар мен игерушілерде.
Топырақтардың ирригациясы жинағы табиғи кешеннiң жер бедерінің, жерасты суларының, сулардың, өзеннiң және коллекторлы - сорғытпа сулардың, топырақтың және өсiмдiктердің өзгерiсiне алып келедi. Топырақтың суармалы массивтарына әсерi ең үлкен суда болады. Судың молдылығының өзі және оның қанағаттанарлықсыз сапасы жер астындағы су деңгейiнiң көтерілуiн, тұздануды, сорлануды, су басуды және суармалы асыра сулауды, олардың массивтерге жабысып тұруын туғызады. Сол себепті ирригационды-мелиоративті бақылау суландыратын және тастау суларының сапасын міндетті түрде қадағалау керектігін болжайды.
Ерекше ахуал күрiш алқаптарында қалыптасады. Су басып кеткен жағдайда күрiштi өңдеу ерекшелігін топырақ - су – тұз жүйесінде заттардың гидрохимиялық тепе-теңдiк бұзады, өйткенi бұл кезде тұздар суландыратын сулармен енедi, су режимінiң түрi өзгередi. Бұл ЗГТ көтерілуімен, сорланумен қатар жүреді, минералды және органикалық заттар шайылады. Бұл үдерісстердi болжау үшiн су және тұз режимдерінің қалыптасуының сандық заңдылықтарын, сонымен бiрге тұздардың (бу ертінділерінде ерiген, ЖКК сорбцияланған) әр түрлi формаларының динамикалық тепе-теңдiгiн есепке алу керек.
Суармалы жерлердің жағдайының мониторингісі, соның iшiнде күрiшті алқаптарда, суарылатын сударда, сонымен бiрге чектердегi егiстiк қабаттардағы ыза сулардың режиміне, оларда болатын тұздарға тұрақты бақылауларды енгізуді қажет етеді. Бақылауларды қамтамасыз ету үшін режимдiк желiнiң ұңғымаларын, тұрақты алаңдарды, гидрохимиялық орындарды, сараптамаларды жүргізу үшiн қажетті құралдармен жабдықталған зертханалық ұйымдарды салу қажет.
Суармалы жерлердің мониторингісін ұйымдастыру және жүргiзу бойынша әдiстемелер (Скуратов және т.б., 2000) ММ ОңГжәнеМҒЗИ мамандарының көп жылдық зерттеулерінiң нәтижелерi бойынша жасалған.
Суармалы және тастау суларының сапасын бақылау келесi параметрлер бойынша жүзеге асырылады: минерализация, рН, тұздардың химиялық құрамы, ластаушы заттардың құрамы (қара түнектер, пестицидтер, нитраттар, радионуклидтер).
Бақылау көрсеткiштерін таңдау маңызды. Индикаторлардың саны қажеттi және жеткiлiктi болуы керек - олар өте көп болмауы (бұл жұмыстардың құнын уәжсiз бағасын көтерiп жiбередi) керек, бiрақ олар суландырудың экологиялық қауiптілігін анықтау үшiн жеткiлiктi болуы керек.
Ерте диагностиканың индикаторлары болатын көрсеткiштер: 0-100 см қабаттағы ылғалдылық; 0-100 см қабаттағы топырақтың сілтілігі; егiстiк және егiстiк жiктердегi топырақтың тығыздығы; егiстiк және егiстiк жiктердегi топырақтың саңылаулығы; қабаттар бойынша сутұздылық құрамы(0-20, 20-40, 40-60 және тағы басқалар, ыза суларға дейiн); 0-100 см қабаттағы тотығып бiтпеген улы заттар; 0-100 см қабаттағы содаға тұрақтылық.
Қысқа мерзiмдi мониторингіде индикаторлар тiзiмі мына көрсеткiштермен толықтырылады: 0-100 см қабаттағы рН; 0-100 см қабаттағы сорлылық; өсiмдiктерге жеткілікті қоректену элементтерiнiң құрамы (оңай гидролизденетін және нитратты азот, қозғалмалы фосфор, 0-20, 20-40, 40-60, 60-80, 80-100 см қабаттардағы алмасушы калий). Ерте диагностиканың көрсеткiштері қысқамерзімді көрсеткіштермен бірге жиi қарастырады.
Ұзақ мерзiмдi көрсеткiштердi анықтау біршама еңбекқор болып табылады: құрамы, қоры және 0-20, 20-40, 40-60 қабаттардағы қарашіріктің фракционды-топтық құрамы; егiстiк және егiстiк қабаттардағы құрылымдық жағдайы; 0-100 см қабаттағы алмасу негiздерiнiң құрамы; 0-20, 20-40, 40-60 қабаттардағы карбонаттар мен гипстiң құрамы; 0-20, 20-40, 40-60 қабаттардағы минералогиялық құрамы.
Суармалы аумақтарға пестицидтердiң, тыңайтқыштардың үлкен мөлшері қолданылады, сондықтан топырақтың биологиялық белсендiлiгiн бақылау үшiн топырақтың нитрификацияға қабiлеттiлiгiн және микроорганизмдардың жалпы сандарын мерзiмдi анықтауды ұсынады.
Топырақтың өнiмдi қабiлеттiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң бiрi өсiмдiктердiң әрбiр түрi үшiн ГОСТ-қа сәйкес салыстырылатын ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiгi болып табылады.
Мемлекеттік гидрогеологиялық-мелиоративтік қызмет (МГМҚ) суармалы жерлерде жер астындағы су деңгейiнiң тұрақты режимді бақылауын (3 айда бiр рет) жүргiзудi, режимдік ұңғымақтардың жұмысын тоқтамауды ұйымдастырады, тұзды түсiру, сулармалы судың сапасын бақылау мерзiмдi жүргізіледі.
Суармалы топырақтарға топырақ құнарлылығын бақылау - агрохимиялық қызметiң айрықша құзыретi. Мониторинг қоректену элементтерімен қамтамасыздандыру деңгейiн анықтауына апарады, алмасу натриының құрамы (бұл көрсеткiштiң анықталуы соңғы кезде шектеледi) бақыланады. Бұл зерттеулер осы қызметтер міндеттерінің алдына қойған шешiмдер үшiн анық жеткiлiксiз және толық мониторинг туралы айтуға келмейдi. Агрохимқызмет бақыланатын көрсеткiштердiң жиынтығын айтарлықтай кеңейтуi керек (кесте 11.3).
Кесте 11.3
Топырақ құнарлылығының көрсеткiштерi және суармалы жерлердің мониторингісін жүргiзу барысында оларды анықтау мерзiмділігi (Әдістеме, 2000)
Достарыңызбен бөлісу: |