Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн


Қашықтық топырақтық экологиялық мониторингісі



бет22/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)

12.6. Қашықтық топырақтық экологиялық мониторингісі

Қашықтық топырақтық экологиялық мониторингі – қашықтық әдiстерiнің көмегімен топырақтардың жағдайын бақылау. Ғарыштан жер бетiнiң түсiрулерi мен аэрофотосуреттердiң нәтижелерін қолдану үлкен аудандардан ақпараттарды алуға мүмкiндiк бередi. Аумақтың тексеруiн лазерлі дистанциялық барлап байқау әдiсімен бiрге қолданады. Аумақтардың қашықтық зерттеулері үшін сондай-ақ лазерлік қашықтық барлау (ЛҚБ) әдісін қолданады. ЛҚБ қою ауылшаруашылық авиацияның ұшақтарында немесе тiк ұшақтарында орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қысқа уақыт аралығында үлкен аудандардан ақпараттардың жиналуы қамтамасыз етiледi, ЛҚБ әдiстерi жоғары сезгiштiкке және рұқсат етілуіне ие болады.


Дистанциялық әдiстерінің көмегiмен топырақтардағы минералдық қоректену элементтерi жеткiлiксiздiгiнiң ерте диагностикасын жүзеге асыруға болады; гербицидтермен өңдеуден кейiнгі өсiмдiктер жағдайларының диагностикасын; топырақта ылғал құрамының жеткiлiксiздiгінің диагностикасын; топырақтың қазіргі жағдайының картасын құру (берілген аудандағы тұздалғандылық дәрежесi, қышқылдық); топырақ бұзылыссының әр түрлi түрлерiн айқындау. Дистанциялық әдiстердi қолдану топырақ жағдайы бойынша берілгендердің кең ауқымды деректер құруға, олардың өзгерiсiнің динамикасын бақылауға мүмкiншiлiк бередi. Жер бетiндегi және қашықтық бақылаулардың үйлесуі нәтижелі. Топырақ сынақтарын және олардың сараптамаларын таңдауды өзіне қосатын жер бетiндегi мониторингі дәлдейтiн кезең ретiнде қашықтық бақылаудың алдында қалай болса, солай оған ере де алады.
Топырақтардың қашықтық сараптау әдiстерi топырақтардың спектрлiк шағылыстыру қабiлетiне (СШҚ) – беткі жақтың химиялық құрамына және физикалық құрылысына байланысты белгілі бір толқын ұзындықтарының электромагниттi сәулелерiн таңдамалы жұту және шағылыстыру қаблетіне негiздеген. Топырақтардың спектрлiк сипаттамасының өзгерiсі бойынша қарашіріктiң жойылуы мен оның сапалық құрамының өзгерiсiн бағалауға, тұздалу үдерістерiн қадағалауға, күлге айналдыруға, эрозияны дамытуға және т.б болады.
Топырақтармен жарықтың шағылысуы олардың ылғалдығына, қарашіріктiң, карбонаттардың, бездердің, тұздардың құрамдарына, агрегаттар мөлшеріне тәуелдi болады (Орлов, Суханова, Розанова, 2001). Тәуелдiлiк бұл қарапайым және эмпирикалық теңдеулермен суреттеледi. Мұндай теңдеудiң әрбiреуi үшін теңдеудің жалпы түрі топырақ түріне тәуелдi болмайды, бiрақ тұрақты коэффициенттердiң мәнi кең ауқымда әртүрлi генезистiң топырақтары үшiн кеңiнен заңды өзгередi. Сонымен, спектрлік сипаттамаларды қолдану әр түрлi бояйтын компоненттердiң құрамын бағалауға тез және объективтi түрде мүмкiндiк бередi, ал олардың құрамының уақыт ішінде өзгеруi бойынша көптеген топырақ үдерістерінiң жылдамдығы мен бағыты туралы талқылауға болады.
Жер бетi мониторингі жүйесінде СШҚ сипаттау үшiн шағылысудың спектрлiк коэффициенттерiн (ШСК) қолданады. Шағылысудың спектрлiк коэффициенті деп, жарық ағынына қарай, осы бетке толқын ұзындығының белгілі бір интервалында, топырақтың жарық түскен бетіне барлық бағытта шашыраған, жарық ағынынына тең қатынасты шаманы айтады. Зертханалық жағдайда ШСК жарық ағынының нысанынан барлық диффузиялы шағылысқандар есепке алынатын, интегралдаушы саланы қолданумен, СФ-10, СФ-14, СФ-18 спектрофотометрлер түрлерiнде анықтайды.
Қашықтық мониторингі жүйесінде жарықтың спектрлiк коэффициенттерiн (ЖСК) қолданады. Жарықтың спектрлiк коэффициенттерi тамаша шашыраған беттен сол бағытта шағылысқан ағынның қарқынының, қандай да бір бағытта насанның бетінде шағылысқан, сәулелену ағынының қарқындығының қатынасына тең. ЖСК өлшеуді ереже бойынша ұшақтың, ғарыш кемесінің бортынан, мұнарасындағы немесе қолдағы дала спектрометрлерiмен жүргізеді. Бiздiң елімізде мұндай приборлардың өнеркәсiптiк шығарылымы өкiнiшке орай әлі жөнге салынбаған, және зерттеушiлер әрбiр нақты міндет үшiн жасалған авторлық даналарды пайдаланады.
Дала жағдайындағы ЖСК өлшеу бірқатар ерекшелiктермен байланысты, өйткенi егер зертханалық жағдайларында ШСК алу тек қана прибордың дәлдiгiне тәуелдi болады, онда дала жағдайларында сыртқы факторлардың әсерін есепке алу керек: жарық жағдайлары, топырақ ылғалдылығы, топырақты өңдеу дәрежесі және т.б. Сондықтан қателiктi азайту үшiн іріктеу көлемінің үлкеюіне жүгіруге тура келедi.
Топырақтардың спектрлiк қасиеттерiне қарашіріктiң біршама үлкен әсері толқын ұзындықтар аймағының 700-750 нм байқалады. Топырақтың үлкен жиынтығының қазiргi сараптамасы да, өтіп кеткен сараптамасы да көрсеткендей жарықтың шағылысу коэффициентiнiң арасындағы байланыс 750 (700) нм кезінде және экспоненциалдыққа жақын органикалық көмiртек құрамының тәуелдiлiгімен көрінеді. Қарашірік құрамының үлкен кезінде топырақ түсінің бояуы тек қана негізінен органикалық заттармен себепті және оның құрамының үлкеюiмен аз өзгередi. Қарашірік құрамының азаюуы кезінде шағылысу, жыныстардың шағылыстыру қабiлетiне қарай жақындағанда тез өседі. Мұндай байланыс орманды дала және далалы аймақтардағы топырақтың беткі қабаттарында түрдiң функциясымен сипатталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет