Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн


Топырақтың өндіру қабiлеттiлiгiне байланысты олардың мониторингісі (бонитеттеу)



бет19/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)

12.5. Топырақтың өндіру қабiлеттiлiгiне байланысты олардың мониторингісі (бонитеттеу).

Топырақты бонитеттеу - топырақтың өндiру қабiлеттiлiгi бойынша олардың сапасының салыстырмалы бағасы, бұл топырақтың мамандандырылған гинетика - өндiруші классификациясы, құнарлылығы балдармен көрсетіледі.


Топырақ сапаның бағасына әр түрлi жолдар мен әдiстер ұсынылды (Гаврилюк, 1972):
1. Жаратылыстану-тарихи әдiсi, В.В.Докучаевтың жолдарына негiзделген. Топырақтың бонитетінің балдары оның табиғи қасиеттерiнің негiзінде ца белгіленеді, яғни егіншілік жетекші ауылшаруашылық дақылдың өнімділігімен түзетіледі. Мұндай әдiспен бонитеттеу кезінде қарапайым таксономикалық бiрлiк топырақтың әр түрлілігі болып табылады.
2. Жаратылыстану - тарихи әдiсiнiң нұсқасы, таксономиялық бiрлiкті қолдану кезінде топырақтың әр түрлілігі емес, топырақтың агроөндіруші тобы немесе топшасы болып табылады. Топырақ бонитетінің балдары топырақтың табиғи қасиеттері мен ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігіне байланысты белгіленеді. Бұл әдіс Украинада кең қолданылады.
3. Географиялық жолдар кезінде өнімділік пен жергілікті жердің түрі арасында байланыс пайда болады. Бониететтің балдары әр түрлi жергілікті жердің түрлері үшін ауылшаруашылық өнімдердің шығарылымы бойынша белгіленеді. Әдiс ММУ мен Львов университетінің геогрофтарымен жасалған.
Топырақ құнарлылығының жалпы бағасының негiзiнде қарашірік жағдайының бағасы беріледі, өйткенi қарашіріктiң өзi топырақ құнарлылығының интегралды көрсеткiшi болып табылады. Топырақтардың бонитетінiң шкаласын жасау кезінде негiзгi генетикалық көрсеткiштер ретiнде қолданылатын көрсеткiштер (Гаврилюк, 1972):
- қабаттардың жалпы қалыңдығы (А+В);
- қарашіріктің барлық қалың қабаттарындағы (т/га) қарашіріктiң қорлары.
Бұл құнарлылықтың индекстерi Төменгi Дон мен Солтүстiк Кавказдың қара топырақтары мен қоңыр топырақтарын бағалау кезінде жоғары ақпараттықты көрсеттi. Бұл топырақтардың бонитировкасы ең алдымен дәндi дақылдардың қажеттiктерiне қолданумен iске асады, өйткенi астық дақыл шаруашылығы аймақтың ауылшаруашылық өндiрiсiнiң негiзiн құрайды.
Топырақтардың балдық бағасының таңдаулы белгiлерi мәнге ие болады. Жұмыс бағалау шкаласын жасау кезінде Ростов облысының топырақтарының бонитетінiң баллын анықтау үшiн 100 баллдарға (яғни эталонға) қарашіріктің белгілері қабылданды қарашірік қабатының қалыңдығы А+В= 75 см, қарашіріктiң қорлары - 425 т/га, ал өнімділігі - сұрыпты учаскедегi астық дақылдарының орташа өнiмдiгiне жақын - 20 ц/га (Гаврилюк, 1974). «Алшақтатылған» бағалау шкалалары қолданылды, бұл жерде топырақ сапасы бойынша орташа 100 балл, сапасы ортадан жоғары топырақтарға сәйкесiнше 100 баллдан астам және сапасы орташадан төмен топырақтарға - 100 баллдан кем белгіленді.
Бұл көрсеткiштердiң тиiмдiлiгi топырақтардың әртүрлi түрлерi үшiн бірдей емес. Қарашірігі аз болатын топырақтардағы (қоңыр және оңтүстiк қара топырақ) жеке алғанда, топырақ құнарлылығына оның әсері топырақтардағы қарашіріктiң құрамының көптігіне қарамастан жоғары. Бұл қарашіріктiң сапалы құрамның ерекшелiктерiмен байланысты.
Егiстiк қабатындағы шымды күлгiн көп топырақтардағы қарашіріктiң құрамы ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлігiнiң шамасымен мықты байланысқанын көрсеттi.
Топырақтың қарашірік құрамынның көрсеткiштері бойынша оның бұзылыссын бағалауды қарашірік қабатының азаюы оның қалыңдығының 0,1 үлесінен аз болуы бұзылысның жоқ екендігін көрсететiн, қоршаған ортаны қорғау Министрлiгінiң және Ресейдің табиғи қорларының ұсыныстарына сүйене өткiзуге болады.
Дегенмен бұл ұсыныстардың топырақ бұзылыссын бағалау бойынша А+В қалыңдығының кiшiрейуiнсiз егiстiк қабатының қарашірікпен қамтамасыз етілуінің төмендеуі кезінде қолдауы болмайды. Сол уақыттың өзінде бұл құбылыс далалық және құрғақ далалық аймақтардың жағдайларында кең таралған.
Бұзылысны бұзылыс үдерістерiнiң қарқынды көрсеткiштерiмен және олардың бағыттарымен сипаттауға болады. Бұзылыс жылдамдығын уақыт бiрлiгiнде топырақ қасиеттерiнiң нашарлауы деп түсінуге болады. Үйлестіру мақсаттарындағы барлық көрсеткiштер үшiн бұзылыс жылдамдығын топырақ бұзылыссының бiр дәрежесінен кез келген қарастырылып отырған көрсеткiш бойынша басқа дәрежесіне өту жылдамдығы деп айтуға болады.
Егер бонитировкалы шкалалар және бонитировка зерттеулері нәтижелерінде жиналған көп жылдық материалдар болса, олар қарашірік қабатының қалыңдығы мен жоғарғы қабаттағы қарашірік құрамының көрсеткiштерінің өзгерiс жылдамдығын бағалау үшiн тиiмдi қолдануы мүмкін (кесте 12.7).
Сонымен бiрге, қара топырақтардың әр түрлi түршелерiнде қарашірік қабатының (А+В) әртүрлi қалыңдығы, демек, және де бұл қабаттағы сантиметрлермен жоғалтылған әр түрлi «бағасы» есепке алынды. Қарашірік қабаты қалыңдығының 50 % көп жоғалтуы (шайылуы) осы топырақтардың бастапқы құнарлылығының қайтымсыз жоғалтуына және қайтымсыз бұзылыссына әкеледі. Топырақтардың мұндай күйi топырақ бұзылыссының шеткi-төртiншi дәрежесiне сәйкес келеді (қарашірік қабатының қалыңдығы бойынша диагностикасы).
Бұзылыс жоғалтуларын бағалаудың балдық жүйесіне аударған кезінде қара топырақтардың зерттелетін түршелерiнiң (А+В) әр түрлi бастапқы қалыңдығын есепке алу керек. Сондықтан, қара топырақтар бұзылыссының бiрiншi дәрежесі кезінде-ақ, бастапқыда қарашірік қабатының үлкен қалыңдығы барлары баллдардағы үлкен шығынмен «өзiне мүмкiндiк бере алады»және сонымен бiрге градацияда «дегредацияның әлсiз дәрежесі» қалады. Өте күшті бұзылыс кезінде қарашірік қабатының балмен есептегендегі қалыңдығын жоғалтуы қаратопырақтың осы түршесінде оңтүстік қара топыраққа қарағанда 2 есе жоғары.


Кесте 12.7
Қара топырақтың қарашірікті жағдайының бұзылыслық дәрежесін бағалау көрсеткiштері мен критерилері (Безуглова, Бессчетнова, 2000)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет