Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн



бет10/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)

Құрамының деңгейі

Азот

Фосфор

Калий

Өте үлкен

0,35-тен көп

0,20-дан көп

3,0-ден көп

Үлкен

0,35-0,25

0,20-0,15

3,0-2,0

Орташа

0,25-0,10

0,15-0,08

2,0-1,0

Төмен

0,10-0,05

0,08-0,02

1,0-0,7

Өте төмен

0,05-тен аз

0,02-ден аз

0,7-ден аз

Агрохимиялық мониторингтің басты кезеңі өнімімен бірге химиялық элементтердің шығарылымын есептеп, тепе-теңдік есептеулердің орындалуы болып табылады. Осының негізінде өсімдіктердің қоректену қажетті деңгейдегі элементтерін шығара отырып, орнына келтіру және топырақтың тиімді құнарлылығын өлшеу үшін сандық көрсеткіш бойынша минералдық және органикалық тыңайтқыштардың мөлшері анықталады.




10.11 - кесте
Оңай гидролизденетін азоттың (NO2) мөлшері бойынша топырақтың тиімді өнімділігін бағалау (100 г топырақтағы мг өлшемі бойынша)



Топырақ тобы

Құрамының деңгейі

Анықтау әдісі

Тюрин-Кононов б/ша

Корнфилд б/ша

I

Өте жоғары

10-нан көп

-

II

Жоғары

10-7,0

-

III

Жоғары

7,0-5,0

20-дан көп

IV

Орташа

5,0-4,0

20,0-15,0

V

Төмен

4,0-3,0

15,0-10,0

VI

Өте төмен

3,0-тен аз

10-нан аз

10.12 кесте
Жылжымалы фосфордың (P2O5) құрамы бойынша топырақтың тиімді құнарлылығын бағалау (100 г топырақтағы мг өлшемі бойынша)



Топырақ тобы

Құрамының деңгейі

Анықтау әдісі

Кирсанов б/ша

Чирков б/ша

Мачигин б/ша

I

Өте үлкен

25,0-тен көп

20,0-ден көп

6,0-дан көп

II

Үлкен

25,0-15,0

20,0-15,0

6,0-4,5

III

Жоғары

15,0-10,0

15,0-10,0

4,5-3,0

IV

Орташа

10,0-5,0

10,0-5,0

3,0-1,5

V

Төмен

5,0-2,5

5,0-2,0

1,5-1,0

VI

Өте төмен

2,5-тен аз

2,0-ден аз

1,0-ден аз

10.13 кесте

Алмасушы калийдің (K2O) құрамы бойынша топырақтың тиімді құнарлылығын бағалау (100 г топырақтағы мг өлшемі бойынша)





Топырақ тобы

Құрамының деңгейі

Анықтау әдісі

Маслов б/ша

Чирков б/ша

Мачигин б/ша

Кирсанов б/ша

I

Өте жоғары

30,0-ден көп

18,0-ден көп

30,0-дан көп

25,0-тен көп

II

Үлкен

30,0-20,0

18,0-12,0

30,0-20,0

25,0-17,0

III

Жоғары

20,0-15,0

12,0-8,0

20,0-15,0

17,0-12,0

IV

Орташа

15,0-10,0

8,0-5,0

15,0-10,0

12,0-8,0

V

Төмен

10,0-5,0

5,0-3,0

10,0-5,0

8,0-4,0

VI

Өте төмен

5,0-тен аз

3,0-тен аз

5,0-ден аз

4,0-тен аз

Соңғы уақытта өсімдіктердің минералдық қоректенуінің көп элементтік диагностикасын жасау жүргізілуде. Бұл диагностиканың түрі өсімдікті тек қана N, P, K-мен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар топырақ ортасында қоректік элементтермен теңестірілуін сипаттайтын қоректенудің негізгі элементтері мен микроэлементердің арасындағы қатынасты да есепке алу ұсынады. Агрохимиялық мониторингке топырақтағы қарашірік жағдайын бақылау да кіреді.


Қазіргі заманғы агрохимиялық қызметтердің мемлекеттік орталықтарының міндеттеріне егістік жерлердің ауыр металдармен ластануын бағалау кіреді, осымен байланысты агрохимиялық картаға түсірумен қатар ауыр металдардың, мышьяк пен фтордың құрамы бойынша экологиялық-токсинді бағалануы мақсатында топырақтың ірі масштабты картаға түсірілуі жүргізіледі. Бағалау топырақ үшін осы элементтердің БМК мен ҚМК деңгейлерімен сәйкес жүргізіледі. Ластануын бағалау мақсатында жерді тексеру агрохимиялық қызметтердің бөлімшелерінде 1991 жылдан бастап жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта Ресей Федерациясының бірқатар аймақтарында топырақтың ауыр металдармен ластанғандығын көрсетті. Астрахан, Брянск, Волгород, Воронеж, Иркутск, Калининград, Костром, Қорған, Ленинград, Мәскеу, Нижегород, Орынбор, Самар, Свердлов, Сахалин, Ульянов облыстарында, Бурят, Мордова, Краснояр және Примор өлкелерінде егістік жерлердің топырақтарында үш не одан да көп элементтермен БМК асып кеткендігі байқалатындығы анықталды. Топырақ негізінен мыспен (ауданының 3,8% БМК жоғары ластануы бар), кобальтпен (1,9%), қорғасынмен (1,9%), кадмий және хроммен (0,6%) ластанады.
РФ-сының Владимир, Твер, Ярослав, Киров, Тамбов, Ростов, Пенза, Саратов, Омбы, Томск, Түмен, Чита, Амур облыстарындағы, Тува, Татарстан мемлекеттерінде, Кабардино-Балкар, Қалмақ, Краснодар өлкелеріндегі егістік жерлердің топырақтарында металдардың БМК жоғарлауы байқалмаған.

11-ТАРАУ


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГТЫҢ КОМПЛЕКСТІК ТҮРІ


11.1. Шөлденуге ұшыраған экожүйенің мониторингі

Шөлденуге ұшыраған жерлердің мониторингі бір-бірімен өзара әсерлескен негізгі үш бағыттан тұрады: әлеуметтік-экономикалық, санитарлы-гигиеналық және экологиялық. Мұнда осы іспеттес экожүйедегі әдістердің әр түрлілігі мен экологиялық жағдайы әдістерінің көптүрлілігі мағынасы бар, және ол мониторинг кезінде алынатын мәліметтердің де әр түрлілігін дәлелдейді.


Шөлдену кезіндегі табиғи жүйелердің динамикалық факторларын, шөлдену нәтижесінсіз анықтау мүмкін емес. Осы аталған компоненттердегі аз өзгерістің өзі, бүкіл жүйенің өзгеруіне алып келеді. Топырақ – жүйелердегі энергия мен зат алмасуға, топырақ экологиясындағы шөлденуге ұшырау үдерісін ғана емес, сонымен қатар басқа да дегредацияға әкелетін ландшаф комплекстерінің үдерістерін қадағалайды. Шөлденудің барлық мониторинктік көрсеткіштері қажет: климаттық, топырақтық, гидрологиялық, гидроморфологиялық. Бұл міндеттемелерге шөлдену индикаторын тандау жауап береді.
Шөлдену индикаторы
Негізгі шөлденудің базалық индикаторының көрсеткіші қорлардың азаюы, биомасса, индикатордың соңғы көрсеткіші болып табылады. (Бұзылыс және топырақ қорғау 2002.). Бірақ ол жалғыз барлық себептер мен үдерістің ерекшелігініне ғана емес шешім қабылдауға да көмектеседі. Сол себепті индикаторлардың үш түрін анықтайды, солардың ішіндегі ең маңыздысы топырақ болып табылады.
Шөлдену индикаторының жүйесі 1978ші жылы ұсынылған болатын, болашақта ол мемлекетаралық индикация схемасына және шөлдену монирингіне кірген болатын. Шөлдену индикаторлары қоршаған ортаның информациялық саны мен сапасын сипаттайды, олардың сипаттамалары жеткілікті әдістермен жүзеге асырылады, ал қорытындыларын бағыттауға болады.
Бұл тізбекте шөлдену индикаторларының үш түрі белгіленеді: топырақ-геохимиялық және гидроликалық (физикалық), биологиялық және әлеуметтік. Физикалық шөлдену индикаторы: 1) шанды және құмды дауылдардың және қолайсыз климаттық үдерістердің саны; 2) дебитаның өзгеруі, грунттық сулардың сапасы; 3) эрозия мен дефляцияның даму формалары мен деңгейі; 4) тасқын сулар және науаның тығыздығы; 5) тамырмекені қабатындағы топырақтың мықтылығының өзгеруі мен қарашірік құрамының өзгеруі; 6) топырақтың тұздану және тұзсыздану деңгейі; 7) әр түрлі топырақ қабаттарының пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет