Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн


Топырақтың агрохимиялық мониторингі



бет9/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)

10.2. Топырақтың агрохимиялық мониторингі

Өсімдіктер үшін топырақты қоректену элементтерімен қамтамасыз етуді бақылау агрохимиялық мониторингтің міндетіне жатады. Біздің елімізде біртұтас мемлекеттік агрохимиялық қызмет 1964 жылы қалыптасқан. Ол ауылшаруашылығы мекемелерінің агрохимиялық қызмет көрсету жүйесіне кірді және көптеген жұмыстарды атқаратын болды. Аз ғана уақыт ішінде 197 аймақтық агрохимиялық зертханалар құрылды, олар далалық және зертханалық зеттеулерге, картаға түсіру жұмыстарына, тыңайтқыштары бар далалық тәжірибелер жүргізуге, өнімділігінің сапасын бақылауға және т.б. қажетті барынша құрал-жабдықтармен қамтамыз етілген ғылыми-өндірістік мекемеге айналды. Олардың құзыретіне ұжымшарлар мен кеңшарлардың жерлеріне ұдайы агрохимиялық тексеру жүргізу, тыңайтқышты тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасау кірді, яғни бұл негізінен мониторингтық зерттеулердің жоспарлы жүргізілуі болды.


Қазіргі кезде бұл қызмет жаңартылды және аймақтық агрохимиялық зертханалар негізінде агрохимиялық қызметтің мемлекеттік орталықтары құрылды. Бұл ұйымдар топырақтың азот, фосфор, калийдің жылжымалы формаларымен, микроэлементтермен, қарашірік жағдайының мониторингісімен қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді.
Агрохимиялық мониторинг мақсаты үшін топырақтағы қоректену элементтерінің құрамын анықтау әдістері жасалды, ресми мақұлданды және біріңғайланды. Осы әдістердің көбісі салыстырмалы нәтижелер алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік стандарт формасында (ГОСТ) тіркелген.
Әртүрлі топырақтардың жекелеген қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтау әдістері дифференциялданған. Мысалы, жылжымалы фосфордың құрамын 3 әдістің біреуімен анықтайды: Кирсанова (қышқыл топырақтар үшін, ГОСТ 26207), Чирикова (шымды-күлгіндеу және сұр орман топырағы үшін, карбонатсыз қара топырақ үшін, ГОСТ 26204), Мачигина (карбонатты топырақ үшін ГОСТ 26205). Топырақ құнарлығының бағалануы олардың кешенді сипатталуы негізінде жүрзіледі, ал қоректену элементтерінің жылжымалы қосылыстарының құрамы туралы мәліметтер топырақтағы олардың жалпы құрамы туралы берілгендермен толықтырылады. Алынған нәтижелердің негізінде қоректенудің негізгі элементтері: азот, фосфор, калийдің (10.10-10.13 кесте) құрамы бойынша топырақты бағалау жүргізіледі. Азот, фосфор, калийдің жылжымалы құрамы бойынша топталуын есепке ала отырып, топырақтың қоректену элементтерімен қамтамасыз етілу картограммалары құрылады, олар тыңайтқыштар енгізумен нәтижелі құнарлық деңгейін тиімді түзетуге негіз болады.


10.10 кесте
Азоттың, фосфордың, калийдың жалпы құрамы бойынша
топырақтың әлеуетті өнімділігін бағалау (%)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет