Элемент
|
Кларк топырақ (Виноградов, 1962)
|
БМК
|
Зиянды көрсеткіштер
|
жалпы санитарлық
|
транслокациялық
|
сумен көшу
|
әуемен көшу
|
Жалпы құрамы
|
Mn
|
800
|
1500
|
1500
|
3500
|
1500
|
|
V
|
100
|
120
|
150
|
170
|
350
|
|
Pb
|
10
|
32
|
30
|
35
|
260
|
|
Hg
|
0,01
|
2,1
|
5,0
|
2,1
|
33
|
2,5
|
Қозғалмалы қосылыстар
|
F
|
200
|
2
|
|
2
|
|
|
Cu
|
20
|
3
|
3
|
3,5
|
72
|
|
Ni
|
40
|
4
|
4
|
4
|
14
|
|
Zn
|
50
|
23
|
37
|
93
|
200
|
|
Co
|
8
|
5
|
5
|
25
|
1000
|
|
Cr
|
200
|
6
|
6
|
|
|
|
Транслокациялық көрсеткiштi топырақтың өсiмдiктердегi (дақылдар тестіне шалғам, салат, бұршақ, үрмебұршақ, орамжапырақ және т.б. жатады) мүмкiн деңгейiн химиялық заттардың құрамын қамтамасыз етуге қабiлеттiлiгi бойынша анықтайды. Сумен көшуге және әуемен көшуге сәйкес қабiлеттiлiктері бойынша – БМК-сы жоғары болмайтын суда және ауада бұл заттардың құрамын қамтамасыз етіледі. Зертханалық зерттеулердің нысаны ретiнде шымды-күлгiн топырақтың жоғарғы қабатындағы үлгi пайдаланылады.
Топырақ үшiн норматив барлық сараптамамен табылған ең кiшi көрсеткiштер бойынша іске асырылады. Мысалы, топырақтағы ванадидің жалпы құрамы 150 мг/кг тең, БМК деңгейі анықталған, осы уақытта бұл деңгейге тек қана санитарлық көрсеткiш қана сәйкес келедi, ал сумен көшу топырақтың 350 мг/кг тең болды. Топырақтағы цинктiң жылжымалы қосылыстары құрамының БМК 23 мг/кг өлшенедi, бұл деңгей санитаралық көрсеткiш бойынша анықталған сонымен бiрге, сумен көшу көрсеткiші 200 мг/кг-шi тең болады.
Әртүрлi көрсеткiштер бойынша қойылған БМК деңгейлері химиялық заттардың улағыштығы ретін де, табиғи орталардағы олардың таралуының үстем болатын механиздері ретінде де көрсетедi. Мысалы, бенз(а)пирен және сынаптың шектейтiн көрсеткiшi жалпысанитарлық, мышьяктыкі үшiн - транслокациялық, хлорлы калийдікі - сулы, күкiртті сутектікі - әуе болып табылады (10.4 - кесте).
10.4 - кесте
Топырақтағы химиялық заттардың БМК (мг/кг) және олардың шектеушi көрсеткiштер
Зат
|
БМК (жалпы құрамы)
|
Шектеушi көрсеткiштер
|
Бенз(а)пирен
|
0,02
|
жалпысанитарлық
|
Ксилол
|
0,3
|
транслокациялық
|
Сынап
|
2,1
|
транслокациялық
|
Қорғасын
|
32
|
жалпысанитарлық
|
Күкiрт сутек
|
0,4
|
әуелі миграциялық
|
Формальдегид
|
7,0
|
әуелі миграциялық
|
Стирол
|
0,1
|
әуелі миграциялық
|
Дегенмен топырақ сапасының санитарлық-гигиеналық нормативтері кемшiлiкcіз болмаған; негiзiнен БМК анықтауының үлгілік тәжiрибе талаптары мен табиғи талаптары айтарлықтай ерекшеленіп тұрады.
Олардың кейбiреулерін атап өтсек:
1. Топырақтардағы химиялық заттардың БМК ұғымының анықтауында екiұштылық бар болады. Тірі ағзалар үшiн қауiпсiз топырақтағы заттың шоғырлануы сияқты ол БМК сипаттайды. Бiрақ оларға химиялық заттардың терiс әсерінің критерилерi анықталмаған.
2. Поллютант әсерiнiң уақыты ескерілмеген. БМК анықтау бойынша тәжiрибе ережеге сәйкес бір жылдан аспайды, бiрақ тірі ағзаларға химиялық заттардың әсерінің болар-болмас зардаптарын бағалау үшiн бұл мерзiм жеткiлiксiз. Ағзамен заттың байланысы неғұрлым ұзағырақ болса, оның жауап қайтаруы соғұрлым төмен болады.
3. БМК белгілеу кезінде тірі ағзаларда әдетте бiр, тiптi болмаса екi немесе үш фактордың әсерін үлгілейді. Бiрақ ағза нақты жағдайларда бiрлескен әсерi назарға алынбайтын факторлар қатарының кешендi әсерiне душар болады.
4. Жануарларға жүргізілген тәжiрибелердiң негiзiнде алынған қорытындылар адамға негiзсiз толық аударылады. Бiрақ ұсақ жануарлар (әсiресе егеуқұйрық, тышқан) адамға қарағанда сыртқы факторларға біршама төзімді. Мұндай жануарлардан алынған нәтижелері адамға көшірілуі - жеткiлiксiз және теңбе-тең дәлелденбеген.
5. Әдетте, генетикалық зардаптар, химиялық заттардың әсерiнен тiрi ағзаларда бұзушылықтарды сақтау мүмкiндiгі есепке алынбайды. Ағзалардың жеке даралық, тұқым қуалаушылық және түрлiк сезгiштiгі, олардың бейiмделгіш мүмкiндiктерi, биологиялық ырғақтары есепке алынбайды.
6. Топырақтар үшiн БМК басқа табиғи орталардағы БМК анықтаудың барлық қателiктерiн өзімен қоса алып жүредi. Мысалы, сулар үшiн БМК жасау кезінде бұл заттардың тек қана шын еритiн фракциясының әсері ғана есепке алынады, ал оларды (жүзiндiлер, коллоидтар) табудың барлық мүмкiн формалары еленбейді.
7. Көптеген поллютанттар ескерілмеген, мысалы, ауыр металдар, пестицидтер жинақы әсерлерге ие болады. Химиялық заттардың трофикалық тізбекте шоғырлануға қабiлеттiлiгi есепке алынбайды. Жануарлардағы химиялық заттар өсiмдiктерге қарағанда көп мөлшерде, адам ағзасында көп мөлшерде шоғырланады. Демек, трофикалық тізбектердiң төменгi буындарында химиялық заттардың БМК деңгейлері жетпеген жағдайда, олардың жинақталуы біршама жоғары (БМК асып кетуіне сәйкес) деңгейде болу мүмкiндiгін жоққа шығармайды.
8. Химиялық заттардың тасымалдануының мүмкiндiгi, олардың әр түрлi биогеохимиялық тосқауылдарда жинақталуынан есепке алынбайды.
9. Химиялық заттардың өзара әрекеттесуi есепке алынбайды. Әртүрлi түрлердiң өзара әрекеттесуi (адитивтік, синергизм, антагонизм) кезінде бастапқы қосылыстарға қарағанда біршама қауіпті құрлысының түзілуі мүмкін.
10. Табиғи орталардың сапасы тұтас толық мәнiнде бағаланбайды, мысалы, су үшiн нормативтерді жасау кезінде белгілі бір мақсатқа (iшетін, балық шаруашылығындағы, техникалық, рекреациялық) қолданылатын суға кез келген заттың әсерiн есепке алады, бiрақ табиғи қор ретінде бұл заттардың тұтас табиғи жүйе ретінде суға әсері қаралмайды.
11. Топырақтың қасиеттерi есепке алынбайды. Бiрақ, сору қабiлеттiлiгiнiң әсері, қарашіріктің құрамы, қышқылдық-сілтілік талаптары, түйiршікті өлшемдiк құрамы топырақтың өздiгiнен тазаруға қабiлеттiлiгiне себепшi болады. Топырақтың қасиеттерiне назар салмау салдары топырақтағы мышьяктiң БМК деңгейін қолдану үшiн қолайсыз болып табылады. БМК жасау кезінде гигиенисттер жұмыстарында топырақ үлгiсін емес, ең төменгi жұтқыш қабiлеттiлiкке ие болатын таза құм қолданғанда, бұл көрсеткiш топырақтар үшiн бiрiншi белгіленді.
Экологиялық нормалау мәселелерінiң шешiмдерiндегі кезеңдердің бірі топырақ сырттан түсетiн химиялық заттардың қозғалғыштығын шектейтін қабiлетiн, өздiгiнен тазарту қабiлетiн қамтамасыз ететiн топырақтың буферлiк қасиеттерiн есепке ала отырып оған мүмкiн жүктеменi анықтауға негiзделген тәсіл болды. Мұндай тәсілдер Ресейде және басқа елдерде дамуда.
Дегенмен топырақтың әрбiр түрi үшiн БМК жасау мүмкiн емес. Химиялық ластануына олардың төзімділігін анықтайтын, негiзгi жалпы бiрiккен физика-химиялық қасиеттерінің топырақ - геохимиялық қауымдастықтары үшiн химиялық заттардың нормативтерін өңдеуi орынды.
Химиялық элементтердiң қатары үшiн келесi кезеңде ең маңызды қасиеттері (қышқылдық және түйiршікті өлшемдiк құрамы бойынша) бойынша ажыратылатын топырақтар үшiн бұл элементтердiң БМК (шамамен мүмкiн мөлшері) жасалды. Олар стандартты эксперименталдi әдiстiң негiзінде емес, топыраққа жүктеменiң деңгейi арасындағы өзара байланыстар туралы бар мәлiметтердiң, топырақ жағдайының және шектi орталардың жалпылау негiзінде жасалды.
Ауыр металдарға тұрақтылығы бойынша топырақты топтауларының негiзінде сол немесе басқа топырақ үстем болатын, ең алдымен қышқылды-сiлтiлiк талаптар қойылған. Топырақтарды топтау үшiн Ресей аумағында негiзгi геохимиялық топырақтар қауымдастықтарының таралуы назарға алынды. Таралуының ең үлкен ауданын екi топқа бөліне отырып ортаның қышқыл және нейтралды реакциялары бар геохимиялық қауымдастықтары иеленді:
- өте қышқыл және қышқыл реакциясы (су сығындысының рН<5) бар топырақтар;
- нашар қышқылды және нейтралды ортасы бар (рН 5-1) топырақтар.
Ресейдің 60-10 % аудан алып жатқан бұл екi қауымдастық түгелдей дерлiк күлгiн, шымды күлiгінді, боз орманды және қара топырақтардың бiр бөлiгiне, олардың дақылдандырылған нұсқаларын қоса алып кiредi. Топырақтардың түйiршікті өлшемдiк құрамын, әсiресе бiрiншi топтың топырақтары үшiн есепке алу маңызды. сондықтан Бұл топтың топырақтары түйiршікті өлшемдiк құрамы бойынша екi шағын топшаларға бөлінедi:
а) ластануға біршама аз тұрақтылыққа ие болатын құмды және құмдауыт топырақтар;
б) химиялық заттарымен ластануға біршама тұрақтырақ саздауыт және сазды топырақтар.
Бұл қағида бойынша бiздiң елімізде топырақтардағы химиялық элементтердiң шамамен мүмкiн (ШММ) мөлшері анықталды (кесте 10.5). Шет елдерден олардың айырмашылығы сонда, олар фондық құрамының есепке алуымен есептелiнген және топырақтардың реакциясы мен түйiршікті өлшемдiк құрамына байланысты дифференциалдаған.
Кесте 10.5
Топырақтағы ауыр металдар мен мышьяктің бағдарлы мүмкiн шоғырлануы (БДК) (жалпы құрамы, мг/кг) (1994)
Достарыңызбен бөлісу: |