Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн


Ластанған топырақ сапасының экологиялық нормалануы



бет3/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)

10.1.4. Ластанған топырақ сапасының экологиялық нормалануы

Жүйелi бақылаулардың негiзінде қоршаған орта жағдайына баға беру экологиялық мониторингтiң міндеті болып табылады. Сонымен бiрге қоршаған орта сапасының нормативтері «баға» болып табылады. Экологиялық нормалаудың мақсаты - экожүйені, оның құрылымын және жұмыс жасауын сақтау. Қоршаған орта сапасының бағалау (оның iшiнде топырақ) тәсілдерге бөлінедi. Демек, біреулері нақты антропоорталық бағытта болады, яғни «нормалыға» адам өміріне тиiстi сапаны қамтамасыз ететiн ортаны қабылдайды. Экожүйе тәсілдеріне сәйкес, барлық экожүйе буындарындағы мағыналы антропогендік бұзушылық болмайтын экожүйені «нормалы» деп санау керек. Бұл тірі ағзалар мен адам өмiрiн сақтауды қамтамасыз ету кепiлi етіп пайдаланылады. Санитарлық-гигиеналық нормалау, топырақ жағдайы - антропоорталық тәсілге жарқын мысал, экологиялық нормалау – экожүйелік тәсілдің мысалы.




Топырақтағы ластаушы заттардың құрамын санитарлық-гигиеналық нормалау

Қоршаған орта жағдайларының санитарлық-гигиеналық нормалауы кезінде адам денсаулығына кері әсер етпейтін қоршаған орта жағдайы «норма» деп түсініледі. Қоршаған орта сапаларының санитарлық гигиеналық шарты ретінде қоршаған орта насандарындағы химиялық заттардың барынша мүмкiн мөлшері (БММ) пайдаланылады. Табиғи нысандарда адам денсаулығына кері (тікелей немесе жанама) әсерді туғызбайтын (болар-болмас зардаптарды қоса) химиялық заттардың максималды құрамына БММ сәйкес келеді. Гигиена - сыртқы ортаның адам денсаулығына әсер етуін зерттейтін практикалық медицинаның бөлiмi. Санитария - медицинаның гигиена бағыттарының практикалық жағы.


Суда, ауада, топырақта, азықта, ауылшаруашылық өнiмдерде химиялық элементтердiң барынша мүмкiн мөлшері (БММ) деп адам үшiн қауiп туғызбайтын, санитарлық гигиеналық нормаларға жауап беретін тірі ағзалар түрлерінің бiрі ретінде адам денсаулығын нашарлатпайтын орта жорамалданады.


Бiздiң елімізде химиялық заттардың БММ анықтаудың бастамасы 1925 жылғы жұмыс бөлмелеріндегі ауада ластаушы заттар анықталуынан басталады. 1949 жылы атмосфералық ауа, 1950-i жылы су үшiн алғашқы БММ анықталды. 1911 жылға қарай ауадағы тексерiлетiн заттардың тiзiмi 120 атауды құрады. 1989 жылы атмосфералық ауада болатын 300-ден көп химиялық заттар үшiн және әртүрлi мақсаттармен қолданылатын сулар үшiн 1000-ға жуық нормативтерге БММ жасалды. Топырақ үшiн химиялық заттардың бірқатарына (30 шақты) БММ жасалды. РФ-да қайта құру басталғаннан кейін табиғи орталарда химиялық заттардағы БММ анықтау тоқтатылды.
Топырақта және тағы басқа табиғи орталарда химиялық заттардың БММ практикалық анықтау зертханалық жағдайларда, олардың қоршаған ортасында (суда, ауада, азықта) тірі ағзалардың жағдайы мен химиялық заттар құрамының арасындағы өзара байланысты анықтау жолымен жүргiзiледi. Тәжiрибе «доза – әсер» түрі бойынша жүргізіледі, яғни ортада әртүрлi химиялық заттар құрамының құбылмалы деңгейi кезінде тәжiрибеге алынған өсiмдiктер мен жануарлар жағдайларының өзгерiсі бақыланып отырады. Кез келген ағзалар (өсiмдiктер, жануарлар) жағдайы мен әртүрлі заттар шоғырлануының арасындағы тәуелдiлiктiң оларды қоршаған ортасындағы жалпы көрiнiсi айқындалған (Ковальский, 1974). Қоршаған ортада тірі ағзалар үшiн біршама қолайлы жағдайды қамтамасыз ететiн химиялық заттардың қолайлы құрамының аймағы әрдайым бар болады. Химиялық заттардың құрамы бұл қолайлы ортаның ауытқуы кезінде осы заттар құрамының төмендеу жағына қарай (элементтердiң жеткiлiксiздiгi, олармен ортаның бірігуі) немесе жоғарлау жағына қарай (элементтердiң шектен артуы, соның iшiнде олармен ортаның ластануы) әрқашан ағзалар жағдайының бұзылуы мен нашарлауы байқалады, тіпті олардың жойылуына дейін жеткізеді.
Бұл артар қолданбалы тәсілдер. Негiзгi токсикологиялық көрсеткiш жалпы санитарлық көрсеткiш болып табылады, сапасы ретiнде химиялық заттардың дозасы (50 %) тәжiрибедегi жануарларды опат ететін, АД 50 көрсеткіші қолданылады. Жануарлар дем алатын ауада, олар пайдаланатын суда, азықта заттардың жартылай летальды дозасы бойынша тірі ағзалар үшiн суға, ауаға, тұтынатын азыққа сәйкес заттардың мүмкін құрамы анықталады.
Бiрақ топырақпен адамның тікелей байланыстары жеңiл-желпi немесе тiптi мүлдем орын да алмайды. Адам ағзасының топырақпен байланысы жанама түрде тiркестеніп жүреді: топырақ - өсiмдiк - адам; топырақ - өсiмдiк - жануар - адам; топырақ - ауа - адам; топырақ - су - адам. Топырақта химиялық заттардың БММ анықтау осы заттардың топырақпен суда, ауада, өсiмдiктерде байланысатын заттар шоғырлануының тірі ағзалар үшiн мүмкіндігін өлшейтін қабiлеттiлiгi iс жүзiнде сараптама жүргізумен анықталады.
Сондықтан да химиялық заттардың БММ топырақ үшiн жалпы қабылданған санитарлық көрсеткiш бойынша ғана емес, бұл басқа табиғи орталар үшiн тағы да үш басқа көрсеткiштер бойынша бекiтiледi: транслокациялық, сумен көшу және әуемен көшу (10.3 - кесте).


10.3 - кесте
Топырақтағы химиялық элементтердің барынша мүмкін шоғырлануы (мг/кг)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет