КӨру қабілеті зақымдалған балаларды физикалық ТҰРҒыда тәрбиелеудің ерекшеліктері у. А мирзахмедова



Дата01.06.2017
өлшемі102,39 Kb.
#17345
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ФИЗИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
У.А МирзахмедоваАбай атындағы ҚАЗҰПУ-нің 6М010500 – Дефектология мамандығының 2-курс магистранты

Ғылыми жетекші: А.Н. Аутаевадоцент, пс.ғ.к., Абай атындағы ҚАЗҰПУ, арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі, akbota-n@mail.ru


FEATURES OF PHYSICAL TRAINING IN CHILDREN VISUALLY IMPAIRED
U.Mirzakhmedova- undergraduate Kazakh National pedagogical university named after Abai , Almaty

A. Autaeva- Kazakh National pedagogical university named after Abai, Almaty,
Бұл мақалада бастауыш саты — оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады.

Түйін сөздер: бастауыш сынып, көру қабілеті зақымдалған балалар,бағдарлау мүмкіндіктері, іс-әрекет, бағыттық белгілер.
Нашар көретін және көрмейтін (соқыр) балалар қалыпты балалар тәрізді өзінің физикалық және психикалық даму барысында өзгеріп отырады. Әрбір жас ерекшелік кезеңдері физикалық дамудың жоғары деңгейімен сипатталып, оның ақыл-ой дамуымен де байланысты болады. Қалыпты жағдай тәрізді балалар дамуының келесі жас ерекшелік кезеңдері ажыратылады: сәбилік, мектеп алды балалық шақ, жоғары мектеп жасы. Жас ерекшелік кезеңдерінің қалыпты жағдай мен ауытқушылық кезіндегі дамуын есепке алсақ, аталмыш балалардағы биологиялық даму темпіндегі кейбір артта қалушылықтарды да байқауға болады [1].

Нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жүйесіндегі қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, оларды тәрбиелеу мен оқыту өзіне тән бірқатар ерекше міндеттер мен қағидаларға ие болып, ол бағыттар жетілмеген функциялардың және зақымдалулардың орнын басу және түзету, қалпына келтіру, дифференциальды оқытуды ұйымдастыру мен аталмыш балаларды өмір мен еңбек дағдыларына дайындауға бағытталады [2]. Атап кететін жайт, нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері жалпы заңдылықтар мен балалардың дамуындағы арнайы ерекшеліктерді есепке ала отырып бағытталады: баладағы сау денсаулық мүмкіндіктері мен сақталған мүмкіндіктері, ажыратып оқыту түрі, жұмыстың арнайы формалары мен әдістерін қолдану, оқу материалдарын бөлу мен таратуда ерекше оқулықтар түрін , көрнекі құралдарын, және құрал-жабдықтарын қолдану т.б. Басты назар аударатын жайт, түзете-тәрбиелеу жұмысы ептеп-қалпына келтіру жұмыстарымен үйлесуі керек [3].

Нашар көретін балаларға арналған мектептердегі дене шынықтыру сабақтары баланы жан-жақты дамытуға, қажет дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыруға бағытталып, жалпы, физикалық даярлықтың жоғарғы жан-жақты деңгейіне жету негізіндегі мақсаттарға бағытталады.

Наша көретін балаларға арналған мектептердегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері – қозғалыс бұзылыстарын түзету, денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, нашар көретін бала бойында екінші кемістіктің алдын алу, сол жас ерекшелігіне сай физикалық даму деңгейіне жету (координациясы, нақтылығы, дәлдігі, қозғалыстың жылдамдығы бойынша және шыдамдылық т.б) болып табылады.

Дене шынықтыру –сауықтыру жұмыстарының арнайы міндеттеріне: нашар көретін бала бойындағы жасқаншақтық пен қозғалыс шектеулігін жою, естуге бейімделу дағдыларын дамыту, бұлшық еттеріне физикалық жаттығулар арқылы ықпал ете отырып, бұлшықет сезімдерін дамыту.

Бұл балалардың физикалық және психикалық даму ерекшеліктеріне орай арнайы мектептердегі физикалық тәрбиелеу сабақтары өзінің ерекшелік сипаттарына ие. Дұрыс физикалық тәрбие мен қозғалыс дағдылары мен қабілеттерін меңгеру физикалық даярлықтың жетіспеушіліктерінің орнын толтыруға бағытталады. Көру анализаторының бұзылысы нашар көретін балалардың компенсаторлы мүмкіндіктерінің дамуы негізінде физикалық жаттығуларға үйретудің сипатына да ықпал етеді [4].

Физикалық жаттығуларды орындау барысында балалар бұзылыстың клиникалық сипатына орай екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа:түпкі көз ішінің өзгеру сипаты бар жақыннан көрмеушілк, көз жарықшасының өзге жаққа қозғалуы, қылилық; ал, екінші топқа: көру жүйкесінің атрофиясы бар балалар мен алыстан көрмеушілік, альбинизмі бар балалар жатқызылады. Әр топ үшін өзіндік жаттығулар таңдалынып алынып, ол денсаулық және көру қабілетінің сипатын орай болады.

Алғашқы топтағы балалар үшін айтарлықтай жүйке-бұлшықеттің тартылуы сиқты жаттығулар тиым салынса (желкемен, баспен тез қозғалу , жылдамдық пен ұзақтыққа секіру; иықпен, баспен, қолға сүйене тұру, коньки мен шаңғыларда сырғанау т.б), ал екінші топ балалары үшін нашар көретін және көрмейтін (соқыр) балаларға арналған мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындауға болады. Олардың міндеттері келесі бағытта болады:



  • Мектеп оқушылары бойында өмір сүру барысында қажет шыдамдылық, ептілік, координациялық қозғалыстың нақтылығы сияқты қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіру;

  • Қозғалмалы ойындар, секіру, өрмелеу, тепе-теңдік, шаңғы тебу, коньки тебу, ритмикалық жаттығулар сияқты шынайы қимыл-қозғалыс түрлеріне оқыту;

  • Статистикалық тұрыс барысында денені тік ұстау, қозғалыс пен тыныс алуды дұрыс үйлестіру, дене шынықтыру сабақтарында гигиеналық талаптармен танысу сияқты дағдыларын қалыптастыру;

  • Көру, есту, сезіну арқылы кеңістікке бейімделуде балалардың қорқынышын жеңуіне басты назар аударған дұрыс. Физикалық тәрбиелеу үрдісінде әр оқушыларға жеке ықпал ете білу керек. Ол үшін балалардың функциональды мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, жаттығулар мен олардың ұзақтығын таңдауда, оларды қайталау ұзақтығында баланың көру жағдайы мен дәрігер окулистің кеңестерін есепке алу керек [5].

  • Көру қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс барысында (баланың аномальды дамуында) қозғалыс жүктемелерін ұлғайту түзету –тәрбиелеу жұмысының соңғы қажет жағдайы болып табылады.

  • Нашар көретін және көрмейтін балар үшін жас ерекшеліктері мен денсаулық жағдайларына қарамастан (екі топ үшін де) келесі жаттығуларды орындау міндеттеледі: сапқа тұру, затпен және затсыз жалпы дамыту жаттығулары, доппен жаттығу, дене тұрысын түзу ұстауға арналған жатттығулар; тепе-теңдік, координацияны ұстауға арналған жатттығулар, ритмикалық ырғақтар, көріп бақылаудан тыс бейімделу жаттығулары, қарапайым және күрделі реакцияларын дамытуға арналған жаттығулар, белгіленген темп бойынша далада таза ауада серуендеу т.б. Балалар үшін бұлшықет пен жүйке бұлшықет жүйелерінің қысымын, жүктемелерін талап ететін жаттығулар жасауға тыйым салынады. Дене шынықтыру бойынша сабақ мазмұны балалардың қозғалыс функцияларын қалыптастыру сипатында болып, көру қабілеті зақымдалған балалардың физикалық даму көрсеткіштерін теңестіру мен жақсартуға мүмкіндік береді [6].

  • Атап өтетін жайт, дәл осы физикалық жаттығулар көру қабілеті зақымдалған балалардың көру ауытқушылықтарының орнын басуға септігін тигізіп, яғни бір рецепторларды қосу арқылы қозғалыс анализаторына сүйене отырып, баланың кеңістікке бейімделуін жүзеге асыруға болады. Сондықтан кешенді рецепция негізінде нашар көретін балалар өздерінің еңбек әрекеттерінде үлкен мүмкіндіктерге жетеді деген В.С Сверлованың, И.М. Земцованың зеттеу жұмыстары өте маңызды болып саналады. Орын толтыру заңдалақтарына сүйене отырып, ғылыми негізделген құралдар көмегімен баланың ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға болады.

Мақсатты бағытталған педагогикалық ықпал ету үрдісінде нашар көретін оқушылардың қозғалыс қасиеттерін дамыту мен қозғалыстарын қалыптастыру қалыпты балалармен салыстырғанда әлдеқайда баяу жүреді, ол балалардағы ортаны тану, кеңістікке бейімделу, өз қимылын басқару мен реттеудегі жетіспеушіліктер сипатымен байланысты болады.

А.И. Каплан физикалық жүктемелердің оптимум жағдайындағы физикалық жаттығулар үлкен жалпы дамытушылық нәтиже әкеледі деп есептейді. Бірақ, ғылыми әдебиеттерде нашар көретін балалар үшін оптимальді жүктемелер туралы мәліметтер қоры жоқ.

В.С. Полынкин нашар көретін балалардың бұлшықеттік жұмыс қабілетін дамыту үшін физикалық жаттығулардың нормасын есепке ала отырып, түрлі сипаттағы жаттығуларды орындау арқылы (жылдымдық-күштік, шыдамдылық) шаршау дәрежесін басқарудың обьективті критерийлерін ашумен айналысқан. Автор келесі нормаларды келтірген: кіші сынып жасында нашар көретін оқушылар жылдамдық жаттығуларын 4-5 рет орындай алады; орта жаста ол 5-6 құраса, жоғары сынып жасында 6-7 құрайды. Әр серия арасындағы үзіліс 3-4 мин тең болып келеді. Жылдамдық –күштік жаттығулардың 70 % нашар көретін кіші сынып оықушылары 25 сек дейін орындай алса, орта сынып жасында ол 45 сек, ал жоғарғы сынып жасында балалар аталмыш жаттығуды 60 сек орындай алады екен. 1 мин созылатын 3-4 рет қайталанбалы шыдамдылықты, төзімділікті дамытуға негізделген жаттығуларды балалар кіші сыныпта орындай алатын болса, орта сынып жасында ол 2 мин құрайды. Күштік динамикалық аймақтық сипаттағы жаттығуларды нашар көретін оқушылардың әрқайсысы 7-10 рет орындай алады. Жоғарыда көрсетілген жаттығулар жұмысқа қабілеттілігін артыру үшін ұсынылған болып табылады.

Бірқатар зерттеушілер тобы нашар көретін оқушылармен физикалық жаттығуларды жасау барысында өлшемдерін сақтап, 4-5 қайталанатын жаттығуларды ақырындап қана ұлғайтып, 8-12 рет жасауға жеткізуге болатындығын айтқан. Олар жаттығулар барысына тыныспен жұмыс, волейбол ойынының кей элементтерін (допты жоғарыдан және төменнен беру), баскетбол ойынының (сақинаға доп салу, ) сиқты элементтерін, бадминтон ойынын , орта темптегі теннис ойындарын т.б қосуға болатындығын айтып өткен. Физикалық жаттығуларды орындау барысында нашар көретін балалардың жүрек қағысы минутына 110-120 рет соғады екен. Бұл аз мөлшердегі жүктеме көрсеткіші, ал орташа көрсеткіш жүктемесінде ол минутына 150-170 құраса, ал жоғарыда ол – 150-170 соққыны құрайды. Сондықтан физикалық сабақтан соң баланы қатты шаршатпау керек. Жүйке-бұлшықет жаттығуларының жүктемесі сабақ барысында орташа болып, ағзаның шаршауы мен көру қабілетінің төмендеуіне әкелмеуі керек.

Дене шынықтыру сабағын өткізу өзінің ерекшелік сипатына ие. Бұл ең алдымен нашар көретін балалармен сабақ барысында сабақ берудің көрнекі әдісін қолдау мүмкіндігінің өзге сипаты. Қозғалысты зерттеу үшін бала тыңдап және сезіп қабылдай алуы керек.

Нашар көретін балалардың қозғалыс әрекеті үрдісінде есту мен сезіну процесіне деген жүктеме арта түседі. Түзету жұмыстары мағыналық, реттеу сипатына ие болып, түзетушілік-тәрбие жұмысының нәтижесі сөзбен басқару кезінде арта түседі.

Нашар көретін оқушылардың физикалық дамуы келесі формаларды қамтиды: таңғы гигиеналық гимнастика, физикалық шынықтыру сәттері, таза ауада серуендеу, әуенмен сүйемелденетін ритмикалық гимнастикалар, көру қабілеті зақымдалған балалардың функциональді мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүргізілетін спорттық кей элементтері бар сабақтар.

Физикалық жаттығулар міндетті түрде шынықтыру процедураларын қамтиды.

Көру қабілеті зақымдалған балаларды физикалық тәрбиелеу бойынша жұмыстар дене шынықтыру, емдік гимнастика сабақтарымен шектелмей, олар міндетті түрде қозғалыс белсенділігінің жоғарыда көрсетілген формаларымен толықтырылуы керек.

Нашар көретін балаларды дене шынықтыруға оқыту процесінде қозғалысты сезініп бақылау мен реттеудің тәсілдері мен әдістері пайда болып, олар орын басушылық сипатта балалар тарапынан келеі жаттығуларды жасай отырып, көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді: қимылдың нақтылығы, координациясы, шыдамдылық т.б. Нашар көретін балалардың физикалық дамуында терең сипаттағы арнайы ерекшеліктерді байқауға болады. Соның ішінде толыққанды жетілмеген көру қабілеті, жылдамдық пен секіру, с.с.с жаттығуларды орындау барысында қозғалысты реттеудің жеткіліксіз реттеуші құралы болып саналады. Нәтижесінде барлық жастағы көру қабілеті зақымдалған балаларда қозғалыс қасиеттерінің дамуындағы артта қалушылықтар кездесіп жатады: төзімділік, бұлшықет күші, жүгіру мен жылдамдық бойынша т.с.с

Көру қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін ұстанып, жарақаттардың алдын ала білу керек. Еске алатын жайт, нашар көретін оқушылардың адекватты емес физикалық жүктемелері үдемелі ауруларын асқындыруы мүмкін.

Нашар көретін оқушыларды физикалық тәрбиелеу үрдісі қозғалыс бұзылыстарын түзету бойынша кешенді түрде ұйымдастырылған жұмыс барысын талап етеді. Яғни, оқу және сыныптан тыс әрекеттерінің үйлесімділігі мен балалардың қозғалыс сфераларын қалыптастырудың оңтайлы жағдайларын тудыру болып саналады [7].

Арнайы бағытталған дене шынықтыру сабақтары мен түзету сабақтарының жүйелерін қолдану арқасында қозғалыс анализаторында өзгерістер туындап, бұлшықет жұмысы жақсарып, жүрек – қантамыр және тыныс алу әрекеттерінің жұмыстары қалпына келіп, аталмыш жағдайлар баланың денсаулығын жақсарта түседі екен.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау барысы көру қабілеті зақымдалған балалардың координациялық қабілеттерін зерттеу мәселесі өзекті болып табылатындығын көрсетті. Әдебиеттерде көру қабілеті зақымдалған балалар «дені сау балалардан» биологиялық жетілу темпі бойынша артта қалып, оларда физикалық даму деңгейлерінің төмен болатындығын көрсетті (бойы, салмағы, кеуде қуысының көлемі мен өзге де антропометрикалық көрсеткіштер). Бұл көру бұзылысының баланың қалыпты даму жағдайын тежеуімен тікелей байланысты. Көру жүйесінің бұзылысы мен ауытқушылығы баланың қозғалыс қасиеттерінің қалыптасуына (күші, жылдамдығы, төзімділігі т.б) сонымен қатар координациялық қабілеттерді дамытуға (тепе-теңдікті сақтау қабілеті мен кеңістікке бейімделу қабілеті , іс-әрекетін реттеу қабілеті) ықпал етеді. Бүгінгі таңда көру паталогиясы бар балалардың қимыл әрекеттерінің дамуын зерттеу бойынша тек фрагментарлы зерттеу жұмыстар ғана бар. Ал, көру қабілеті зақымдалған балалардың координациялық қабілеттерінің даму заңдылықтарын зерттеу мен оларды бағалау критерийлері бойынша ақпараттар жоқты қасы. Біздің ойымызша, көру қабілеті зақымдалған балалардың координациялық қабілеттерін дамыту мен жетілдіру бойынша әдістемелер, ғылыми шығарылымдар бүгінгі күні жеткілікіз болып отыр.



  1. Ермаков В.П., Якунин Г.А. Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения. Справ.-метод, пособие для учителя. -М.: Просвящение, 1990. 223с.

  2. Азарян Р.Н. Физическое воспитание слепых и слабовидящих школьников в режиме дня. М., 1987 г. - 81с.

  3. Горбылева И.Л. Психолого -педагогическая коррекция средствами искуссва в дошкольных учреждениях для детей с нарушением зрения // Дефектология. 1997. №6.-С. 60-69.

  4. Психомоторика: Сб. науч. тр. /Под ред. Ашмарина Б.А.,. Ильина Е.П. М., 1976. - 128 с.

  5. Бобков Г.А. Влияние индивидуально дозированных физических нагрузок на развитие некоторых двигательных качеств у слепых школьников: Сб.науч. тр. / Под ред. Сермеева Б.В. Горький, 1980.- С 20-22.

  6. Жигарев A.M. Воспитательная работа в школе-интернате для слепых детей. М., 1986.-С. 20-28.


Резюме

В статье рассматриваются особенности базовых координационных способностей детей 9-10 лет с нарушениями зрения.

Ключевые слова: начальное образование, дети с нарушениями зрения, координационные способности, мотивация, пространственное ориентирование.

Summary

In this articlethe state of base coordinating capabilities of schoolchildren with visual impairment 9 - 10.



Keywords:primary education, children with visual impairment, coordinating capabilities, motivation, spatial orientation.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет