мен ілтипат (Stogdill, 1974). Қызметтерді құрылымдау мінез-құлқы – жұ- мысты ұйымдастыру, жұмыс контексін жүйелеу, әр рөлге тән жауапкерші- ліктерді анықтау және жұмыс әрекетін жоспарлау секілді істерді қамтитын міндетке негізделген мінез-құлық. Ілтипат таныту – көшбасшы мен ізбасар- лар арасындағы серіктестік, құрмет, сенім және іштартуды қалыптастыруды қамтитын қарым-қатынасқа негізделген мінез-құлық. «LBDQ-ХІІ» анықтаған екі мінез-құлық түрі мінез-құлық ұстанымы- ның негізгі өзегі саналады және олар көшбасшының әрекетінде басты рөл- ге ие: Көшбасшы ізбасарлар үшін құрылым әзірлеп беріп, ізбасарлар, өз кезегінде, оны одан әрі дамытады. Огайо штатында жүргізілген зерттеу- лерде осы екі мінез-құлық әртүрлі әрі өзара тәуелсіз болып қарастырылды. Олар бір континуумның екі нүктесі емес, екі түрлі континуум ретінде есеп- телді. Мичиган.Мичигандағы зерттеу бағдарламасы көшбасшылық мінез-құлықтың екі түрін анықтады: оның бірі – қызметкерлерге, ал екіншісі өндіріске бағ- дарлану еді. Қызметкерлерге бағдарлану дегеніміз – ізбасарларға қатысты мықты адами қарым-қатынасқа негізделген көзқарасты ұстанатын көшбас- шылардың мінез-құлқы. Олар жұмысшыларға адам ретінде қызығушылық танытып, олардың дара қасиетін бағалайды, әрі олардың жеке қажеттілікте- ріне ерекше көңіл аударады (Bowers & Seashore, 1966). Бұл Огайо штатында жүргізілген зерттеулерде «ілтипат көрсету» ретінде анықталған мінез-құ- лық жиынтығына өте ұқсас.
Проблемаға назар аударуды үйретуді жазыңыз.
Проблеманы шешу машығын жазыңыз.
Мамфорд, Заккаро, Хардинг және олардың әріптестерінің (2000) тұжы-