Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет45/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Бернс (1978) ұсынған ‬
трансформациялық көшбасшылық тұжырымы өзге адам болмысын‭-‬
дағы мораль деңгейін арттыруды қамтитындықтан, бұл ұғымды теріс
тұрғыдағы трансформациялық көшбасшылықтың үлгісін көрсеткен ‭ ‬
Адольф Гитлер секілді көшбасшыларды сипаттарда пайдалану әсте қиын.
Осы проблеманы шешу мақсатында Басс (1998) ‭псевдотрансформаци‬я лық көшбасшылық ‭ұғымын енгізді. Бұл ұғым моральдық құндылықтары ‬ бұрмаланған өзімшіл, пайдакүнем және өктемшіл көшбасшыларды көрсетеді . Псевдотрансформациялық көшбасшылық өзгенің мүддесіне емес, көшбасшының мүддесіне басымдық беретін, белгілі бір адамға қарай ыңғайластырылған көшбасшылық болып саналады .Ал нағыз трансформациялық көшбасшылық – ұжымдық игілікке қатысты әлеуметтендірілген көшбасшылық. Әлеумет‭-‬ тендірілген трансформациялық көшбасшылар өзгенің мүддесі үшін өз мүддесінің шеңберінен шығады.



  1. Рухани қағидаларды жазыңыз.



Рухани қағидалар біздің алдымызға абстрактылық жалпыға бірдей талаптар қояды. Өмірдегі нақтылы қарым-қатынастар оның мазмұнын біршама өзгертуге мәжбүр етеді. Мысалы, ерлік пен батылдық – абстрактылық тұрғыдан алғанда – жақсы құндылықтар. Қиын-қыстау жағдайларда әр азамат өз елін қорғау жолында бұл қасиеттерді көрсете білу керек. Сонымен қатар, батылдық жемқор шен иелерінің, я болмаса, қылмыскерлердің де қасиеті болуы мүмкін. Уақытында Гитлер неміс халқына «мен сіздерді ар-ұждан сияқты құбыжықтан босатамын»,– деген болатын. Осы уақытқа дейін фашизмнің жасаған сансыз зұлымдығы адамзаттың есінде қалуда. Өз халқымен күресіп, оны тарихтағы болмаған қуғын-сүргінге, репрессияға ұшыратқан сталиндік тоталитаризмге де сондай баға беруге болады. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, қандай да болмасын тоталитарлық қоғам мен бүкіл адамзаттық моральдық қағидалар ешқашанда бір-бірімен ымыраға келмейді. Бұл арада біз моральдың бүкіл адамзаттық қарапайым қағидаларына келіп тірелдік. Олар бір қарағанда тұрпайы сияқты болғанымен қазіргі адамзат тағдырына өте маңызды болып отыр. Өйткені, тек қана бірлесіп, сабырлық пен төзімділік, қайырымдылық көрсетіп, зұлымдыққа жол бермей, мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешіп, ядролық соғыс пен экологиялық апатты болдырмауға болады. Сол сияқты нақтылы адами қарым-қатынастарда да төзімділік пек адалдықтың, біреудің қайғысына ортақ болу, аяушылық, үлкенді сыйлау, әке-шешеге риясыз құрмет көрсету т.с.с. Қ-тардың маңыздылығын асыра бағалау қиын.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет