рымына сүйенсек, проблеманы шешу машығы – көшбасшының жаңа әрі
әдеттегіден бөлек, жеткілікті түрде анықталмаған ұйымдық проблемаларды
шеше білетін креатив қабілеті. Бұл машықтардың ішіне елеулі проблема-
ларды анықтау, мәселе жөнінде ақпарат жинау, түйін жайында жаңа түсінік
қалыптастыру және оны шешу үшін прототиптік жоспарлар құру қабілет-
тері кіреді. Мамфорд, Тод, Хиггс және Макинтош (2017, p. 28) проблеманы
шешуде көшбасшылар қолданатын тоғыз негізгі машықты анықтады:
1. Проблеманы анықтау: назар аударарлық мәселелерді немесе ұйым-
ға әсер етуші елеулі түйінді анықтау қабілеті.
2. Себеп/мақсатты талдау: проблеманы шешуге қатысты себептер
мен мақсаттарды талдау қабілеті.
3. Кедергілерді талдау: проблеманы шешуге әсер етіп тұрған кедергі-
лерді немесе шектеуші факторларды анықтау қабілеті.
4. Жоспарлау: жоспар, менталды модельдеу және себеп/мақсат пен ке-
дергілерді талдаудан туындайтын іс-әрекеттер ойлап табу қабілеті.
5. Болжау: жоспарды орындау салдарларын болжай білу қабілеті.
6. Креатив ойлау: жоспардың болжау кезінде анықталған ықтимал
жасырын кедергілерін жою үшін балама тәсілдер мен жаңа идеялар
ойлап табу қабілеті.
7. Идеяны бағалау: жоспарды орындау кезінде осы балама машықтар-
дың өміршеңдігін бағалау қабілеті.
8. Кемеңгерлік: аталған машықтардың көшбасшы әрекет ететін кон-
текстегі немесе белгілі бір жағдайдағы орындылығын бағалау қабі-
леті.
9. Мағына беру/көрегендік: ізбасарлардың проблеманы түсінуіне, зер-
делеуіне және соған сай әрекет етуіне көмек беретін стратегияны
жасап шығару қабілеті.
Псевдо трансформациялық көшбасшылықты жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |