Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет25/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
әлемге, қала берді өздерімен бақ күндес жауларына, он мың адам қаза тапқан 
қанды қырғынмен сес көрсету болатын. 
Сөйткен Шыңғысхан ұрпағынан шыққан Әбілқайыр хан болса, енді мынау, бір 
жігіттің тағдырын шеше алмай жаураған торғайдай құты қашып тұр. «Бір 
Шыңғыстан тараған екі ұрпақтың біреуі он мың адамды бауыздағанын мақтан 
етеді, ал екіншісі бір адамды ажалға бере алмай, күні бойы әуре-сарсаң ойға 
берілуде. Бұл қалай? Расымен-ақ бір кезде бүкіл дүниені тітіреткен айбынды 
«әлем иесі» тұқымдарының уақтап кеткені ме? Солай тәрізді. 
Әбілқайыр тағы да ауыр күрсінді. Расында да бұл оған Төле балаларының он 
мың адамды құрбанға шалғанынан шешуі қиын кесік еді. Пышақ кесті үкімін 
шығара алмай қиналуы да содан туған. 
Қара қазақ жерін жаулап алған Шыңғыс балаларының арасы қым-қиғаш бір 
тарих. Әбілқайырдың дағдаруының өзі де осыдан еді. 
Үгедей балалары монғолдың өз жеріне Ұлы Ордаға ие болып қалғанда, 
Жағатай балалары мен Төленің кіші ұлы Арық Бұғы осы күнгі Орта Азия өлкесі — 
Жейхұн мен Сейхұн өзендерінің арасын — Мауреннахрдың бай алқабына ие 
болған-ды. Ал Төленің екінші баласы Құбылай Қытай жерінің Солтүстігі мен Батыс 
жағын жаулап алып, енді дені Дәшті Қыпшақ пен алан
1
1 әскерлерінің күштерімен 
сол Қытайдың Оңтүстік жағын жаулауға кіріскен. Үшінші баласы Құлағу осы күнгі 
Кавказ жерінің бүкіл Оңтүстік тұсын шауып, Иранды алып, енді сонау Египетке қол 
соза бастаған-ды. Құлағуды жергілікті ел ықпалына түсіп кетпес үшін, будда 
монахтары — ұйғырлардан, тібіттіктерден, қытайлықтардан құрылған кілең 
сенімді адамдармен қоршаған. Бұлардың бәрі ұлы хан Мөңкенің қарамағында 
болатын. 
Үгедей, Жағатай, Төле балаларының басшылық саясаты қан төгіспен, бағынған 
елді қыру, талаумен аяқталатын-ды. Қорқыту, қорғансыз елді тек найзаның 
ұшымен, айбалтаның күшімен бағындыру — бұлардың негізгі саясаты еді. 
1
Орыс пен Дәшті Қыпшақ жауынгерлерінен құрылған «әлен асы» атты әскер құрамасы. 


27 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет