Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет117/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жоқ. Қандай өкпең бар, ағайын? Ерлігім кімнен кем еді? Долданған теңізге желкен 
қайық не істей алады, хұнуға да қарсы шаптым, Қытайға да қарсы шықтым, бірақ 
күшім жетпеді. Ағайын деп Керей, Найман, Қоңырат жеріне ығыстым. Қоныс берді 
бұл ағайын. Арғын деп өзеніне ат қойдым. Соққан құйындай боп жерімді, елімді 
талап хұну өтті батысқа. Ата қонысыма қайта келдім. Қайтадан Арғынаты тауына 
қазық қақтым. Жауласар еліммен шекаралас Қыпшақ, Керей, Найман, Алшын, 
Үйсін, Дулат, Жалайыр, сендер болдыңдар. Ортаңда көз оймақтай мен қалдым. 
Сонау бір арғы заманда хан көтеріп ел болмасақ та, көшкен жерімізді жаудан 
сақтадыңдар, құрымадық. Ал бүгін не болғалы тұрмыз? Ойладың ба осыны, 
ағайын, өзара? Ойламасаң ойлайық, — Қобыланды сөйлемек боп тамағын 
қырынып ыңғайлана беріп еді, Арғын би оны тоқтатып тастады. — Шаңырақ 
өзіңдікі, кезегің келер, айтарсың. Алдыменен ағайынның сөзін ұғып ал. Сөйле 
Қарақожа батыр! — деді жолы үлкен болмағанмен осы отырғандардың жасы 
үлкені Керей Қарақожа батырға сөз тастап. 
— Дұрыс айтты Арғын би, — деді, ел арасында «бес құлаш» деп аталатын 
еңгезердей, қошқыл өңді Қарақожа батыр, — анадан ер болып жалғыз Қыпшақ 
туған жоқ, батырлыққа, ерлікке бәріміз де ортақпыз. Ежелден біздің қонысымыз 
Орхон, Онон өзендерінің бойы мен қарт Алтай, Тарбағатай таулары екені бәріңе 
аян. Арғы аталарымыз кәпір дінінде болыпты деседі. О заманда қазақ қандай дін 
ұстағанын кім білген. Мүмкін кәпір де болған шығар. Бірақ Керей Керей болғалы, 
Ертіске көшіп қонғалы Үйсін, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман, Уақ сендермен бір 
шығысып келеді бұл Керей. Рас, ерте кезде монғол елімен де біз дос болғанбыз. 
Қыз алысып, қыз беріскенбіз. Бірақ Темучин Шыңғысхан аталысымен-ақ, өзімен 
көршілес Керейдің ел болып отырғанын көргісі келмеді. Татар қауымынан кейін, 
ауызды бізге салды. Қылышынан қан тамған Шыңғысханмен он жыл айқастық. 
Керейдің ардагерлері Марғыз Бұйрық хан, Қожатұр хан, Уан хан — бәрі Шыңғыс 
қолынан қаза тапты. Осыншама біз не үшін алыстық, неге ардақты ұлдарымызды 
құрбан етіп қан-жоса болдық? Көк Орданың ханы Әбілқайырдың құлы болуға ма? 


125 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет