Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет119/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   316
Әдеби KZ
 
 
күші басым жау келсе, не өзара бүліншілік күн туса, көрінгеннің тепкісінде кетеміз. 
Бүгін бірігіп өз хандығымызды, өз Ордамызды тұрғызуға әл-қуатымыз бар. Ал осы 
мүмкіншілікті пайдаланбасақ, қазақ деген ел болудан қаламыз. Осыны неге 
ойламайсың, уа, Қыпшақ Қобыланды? 
— Сөйле, Жалайыр Бөрібай, — деді Арғын би Жалайыр батыры атан жілік
жалаң төс, орта жастан асып бара жатқан Бөрібайға жол беріп: 
— Осы отырған рулардың Үйсіннен кейін жасы үлкені Жалайыр болар. Біз 
көргенді сендердің көбің көрген жоқсыңдар. Қытаймен де, қалмақпен де, грекпен 
де бетпе-бет алысқанбыз. Сол айқастың бәрінен де аман қалып, бауырым қазақ 
деп құшағымды жайып келгенімде, Қыпшақ, сен бүйректен сирақ шығарып 
отырсың. Бізді тастап Әбілқайырға қосылып, қандай ел болмақсың? Одан да есің 
барда жөніңді тап! 
Енді сөзді осы келген батырлардың ең кішісі, Тамадан шыққан Қарабура батыр 
алған. 
— Қырық бір жақ, қыңыр бір жақ, Қобыланды батыр. Сен қазір қыңырсың. 
Бірақ қырықтың аты қырық. Қандай қыңыр болса да түзетеді. Бұны ұмытпа, 
басымыз бірігуге айналғанда іріткі салма! Бұл саған ағайындық сөзіміз. 
Қобыланды батыр шарт жүгініп алды. 
— Бұларың не қорқыту ма? Қыпшақтың арысы Қобыланды батыр талай қоқан-
лоқыны көрген, бірақ тірі жаннан қорқып көрмеген. 
— Көрмесең көресің! — деді Арғын би даусын көтермей, — байқа, батыр, сен 
Арғын ұлы Ақжолды өлтірдім деп тым саңғи берме. Ат қазығынан кетпейді, саған 
да өз үйіріңнен кетпе дейміз. Кетеді екенсің, өз обалың өзіңе! Біз көппіз, бүкіл 
қазақ жиналып, Көк Ордаға әлі жетпесе де, Қобыландыға әлі жетеді. Мұны да 
жадыңда ұста. Бұларың не, қорқытпақсыңдар ма дейсің. Қорқыту жалғыз сенің 
ғана қолыңнан келеді деп ойлайсың ба? Жоқ, батырым, сен туған анадан біз де 
туғанбыз. Сен басып жүрген жерді, біз де басып жүрміз. Ақжолға сен сілтеген 
шоқпарды, Қыпшақтан шыққан Қобыланды, саған да біз де сілтей аламыз. Бұны 


127 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет