Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет116/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Қыпшақ батыры Қобыланды да хан ордасының қасында қала алмады. 
Қыпшақтың қарамағындағы бес мың үйін ертіп, Торғай бойына кетуге бел буды. 
Қайсар батырдың бұлай көшуіне бір жағдай үлкен себеп болды. Жәнібек пен 
Керейге еріп қазақ рулары Моғолстан жеріне көтерілуден үш күн бұрын, қазақтың 
сол кездегі ардақты санайтын бір топ батыры мен билері Қобыланды батырдың 
аулына келген. Бұлар келсе Қобыланды он екі қанат ақ ордасының ішінде бүк 
түсіп теріс қарап жатыр екен. Сары қарын болып қалған бәйбішесі: «үйге қадірлі 
кісілер келді, тұрсайшы, батырым», — десе де Қобыланды тұрмады. «Ах» ұрып, 
өзге жұрт білмейтін, тек өзіне ғана аян жан азабына өртеніп жата берді. 
Сонда батырларды бастап келген Арғын би: 
— Уа, жарқыным, Әбілқайырға ердің — жол бермедің, ұлымды өлтірдің — құн 
бермедің. Бар жынымызды қоссақ біздің де бір Қобыландылық бақсылығымыз 
бар. Ел қамын ойлап келіп отырмыз. Келін-кепшігіне өкпелеген қариядай, теріс 
айналып, тоңқайып жатып алғаның не қылғаның? Тұр, сөйлеселік! — деген 
даусын көтеріп. 
Арғын бидің өктем сөйлеуінен, бұл келгендер, ел аузындағы өзімен үзеңгілес 
батырлар екенін біліп, Қобыланды басын көтеріп, сәлем беріп, түрегеліп отырған. 
Сырттағы жалшыларына қонақтарға арнап ту бие сойдырған Торғынай 
бәйбішесі үйге кіріп, бес тайдың терісінен тіккен сабаны қара піспекпен
күрпілдете пісіп, тегенедей-тегенедей ағаш аяқтарға қымыз құя бастаған. 
Ұзақ жүріп шөлдеп қалған Арғын сапты аяқты орталай бір сіміріп алған да, 
сөзіне кіріскен. 
— Күнбатысында Еділді, күншығысында Орхон, Ертісті, солтүстігінде Тобыл, 
Есілді, оңтүстігінде сонау Қытай Шым қабырғасына дейін жалпақ даланы ежелден 
ен жайлаған ел едік. Көне заманнан тіліміз де, ойымыз да, шаруашылығымыз, 
салтымыз да бір еді. Қыпшақ, Алшын батысымды, Найман, Керей шығысымды, 
Үйсін, Дулат, Қоңырат оңтүстігімді қорғап келдің. Атам заманнан орталары¦да мен 
бар едім. Сендерден күші асып, жер ортама жау жеткенде, аянып қалған кезім 


124 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет