Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет122/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Қыз қалаға кіріп жоқ болғанша, Қобыланды батыр соңынан көз алмай қарап 
тұрды. Оның сонау шүңірейген отты көзінде кенет бір қасірет тұманы пайда 
болды.
— Иә, жанымды жалынға салған бар арманым күйреді, — деді Қобыланды 
жанының қатты ауырып тұрғанын жасыра алмай. Айдалада жараланып жалғыз 
қалған жолбарыстай ыңырана күрсінді.
Қобыланды батыр бұл қызды күшпен көндіріп, не ата-анасын батырлығымен 
қызықтырып сатып ала алмайтынын бұрын да білетін. Қыздың бұған жоқ екенін 
естуімен, енді бар арманының күйрегеніне көзі жетті. Өйткені бұл қыз Гүлбаһрам-
Патшайым атты, Әбілқайыр ханның Маңғыт әйелінен туған кіші қызы еді. 
 


130 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
ІV 
Жасы ұлғайған сайын бұл дүниенің қызығы түспен тең екеніне Әбілқайыр
ханның көзі жетуге айналған. Тағы бір он жыл өмір сүрсе оның ар жағында бүкіл 
Дәшті Қыпшақ, Мауреннахр, Қорасан бас иген мынау алтын тақ, бір күнгідей 
болмай, адыра қалатынына шек келтірмеген. Қызық дәурен, сән-салтанат бәрі де 
өткіншек жалған емес. Өткіншек емес, тек ажал. Бір күні бұ да сол опасыз 
дүниемен қоштасып, мәңгі мекені қара жердің құшағына кіреді... Әйтсе де, тірінің 
тіршілігі бар, бұл жалғанда орындай алсам деген тілегі, арманы болады. Армансыз 
адам ескексіз қайықпен тең, тағдыр — толқын, қалай қарай ұрса, солай қарай 
ағады. Ал Әбілқайыр сол толқынды өз ықпалымен ағызам деген адам. 
әйтседе Әбілқайыр күні өтіп өлімге таяған сайын, өзінің әлі көп арманының 
аяқсыз қалып бара жатқанына көзі жетті. Сол армандарының бірі: көзінің тірісінде 
он баласын, ер жете бастаған немерелерін, хандығының жер-жерлеріне, 
шаһарларына әмір, сұлтан, даруға етіп таратып, бүкіл өз хандығын сенімді 
қолдарға тапсырып кету еді. Ал бұл тілегі әлі бәлендей түлектеніп жатқан жоқ, 
балаларының алды отызға келіп қалса да, көбі жорықтарға қатынасып, ерлік 
көрсетіп жүрсе де, әлі жеке ел билеп, не ел жаулап алып әкесінің атағын ұлғайта 
түскен бірде-бірі жоқ. 
әке балаға сыншы, бұ жағынан Әбілқайыр Маңғыт руынан алған бәйбішесінен 
туған Шах-Будақтың балалары Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтан мен Рабиу-
Сұлтан-Бегімнен туған Сүйіншік оғыланнан зор үмітті. Түбі Көк Ордаға осылар ие 
болар деп қатты сенеді. Үшеуі де болайын деп тұр, құр қол ұстай алмайсың, 
жыланның баласы тәрізді әлден-ақ ысқырына қалған. Үшеуінің жастары шамалас, 
тек 
Сүйіншік 
қана 
ана 
екеуінен 
төрт 
жас 
үлкен. 
Әттең 
жас- 
тықтары ғана ханға бөгет, әйтпесе ауыр да, қызғылықты да хан істеріне 
қатынастыра бастар еді, амал жоқ, тағы бір жеті-сегіз жыл күтуге тура келеді. 


131 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет