Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет29/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
соларға қарай иек артпақ... Бұның бәрі құр доңайбат емес, бір хандықты жүн етер 
қаһар. Ал Алтын Орданың өзінің іші қалай? Жиди бастаған теріге ұқсас. Хан салған 
алым-салықтың зардабына шыдай алмай әбден ауаланып алған. Күні бүгін 
Әбілқайырдан бөлінгелі тұрған қазақ рулары аз емес... Тек солардың санын 
көбейте түсу керек». 
Жәнібек, қырға шыққан сайын, ел тауқыметін көріп, ордасына үнемі ренжіп 
қайтатын. Әсіресе, өткен жылғы, бір оқиға сұлтанның көз алдынан кетпей-ақ 
қойған. Ол аңнан келе жатып Әбілқайыр лашкерлері шауып кеткен бір ауылдың 
үстінен шыққан. Шаңырағы күйрей жерге түскен үйлер... Ұлдары сойылға 
жығылып, ботасы өлген інгендей боздаған аналар... 
Жәнібекті таныған ақсақал: 
— Шырағым, Жәнібек, — деген, — бөтен елдерді шабуға жігіттеріңді 
бермедіңдер, мерзімінде алым-салықты төлемедіңдер деп ханның аш бөрілері 
аулымызды шауып кетті. Еділ бойында да көрген күніміз осындай болатын. 
Құтқара көр енді бізді бұл қорлықтан! 
— Қалай құтқарам?! — деген Жәнібек. 
— Әбілқайырдан бізді бөліп ал, — деп жауап қайырған қарт. — Өзгенің жер-
суына қызықпайтын, өз елінен жат жұрттай ауыр алым-салық салмайтын жеке 
шаңырақ көтер. 
Қытай мен Жоңғар жеріндегі рулар да осындай ой білдірген. Осының бәрінен 
Жәнібек жеке хандық құрудың көптің арманы екенін және өз басының қамы мен 
ел-жұрттың тілегінің сабақтаса бастағанын көптеп түсінген. Бұл — мұрат- 
қа жетудің даңғыл жолы. Бүгін болмаса ертең шаруашылығы, жер-суы, әдет-
ғұрпы, тілі, тілегі бір Дәшті Қыпшақ даласының көп руының бір жеңнен қол, бір 
жағадан бас шығарып, бір ел болып құралып, бір халыққа айналатынына шек 
келтірмеген. 
Осы себептен де Әбілқайыр хандығы — Алтын Ордаға бағынышты екі белді ру 
— Арғын мен Қыпшақтың арасындағы дау, таластың өрши түсуінен қатты 


31 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет