Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет300/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ақырында Мұхамед-Мазит-тархан інісінің қызы Айпатша-Бегімді Сұлтан-Махмұт 
ханға бергіздіріп, өзі тұтқыннан босанды. 
Алдын ойламайтын адамның ақылы өкінішімен бір жүреді. Мұхамед-Шайбани 
ханның қандай адам екенін, жолбарысты темір тордан шығарып алғанын 
Мұхамед-Мазит-тархан кеш түсінді. Ал жолбарысты қайтадан темір торға кіргізу 
үшін қаншама күш керек, айла керек! Мұхамед-Шайбани Яссыны алғаннан кейін 
ендігі кезек Ташкенттікі екенін Сұлтан-Махмұт хан да жаңа сезді. Ол жанталасып 
моғол әмірлерін жинауға кірісті. «Бұл қалпымен Мұхамед-Шайбани бәрімізді де 
бағындырады, әлі күш алып кетпей тұрғанында құртайық» деп жан-жағына ат 
шаптырды. Әмірлер ақылға салып «бұл іске қазақ сұлтандарын көмекке шақыру 
керек, оларсыз Мұхамед-Шайбаниға біздің күшіміз жетпейді» деді. 
«Бәріміз бірігіп Мұхамед-Шайбаниға қарсы шығайық» деп Бұрындық пен 
Жәнібек балаларына Сұлтан-Махмұт хат жазып кісі жіберді. Бұрындық бұл хабарға 
қуанып қалды. Біз моғолдармен бірміз деп қолына түкіріп шыға келді. Құран 
көтеріп, төс ұрысып уәделесіп Мұхамед-Шайбаниға көше бастаған Түркістан 
уәлиетін шаппақ болды. Ең алдымен Яссыны алсақ десе де, онда Мұхамед-
Шайбанидың өзі отырғандықтан беттерін Отырарға бұрды. Бірақ бұлардың 
қолына Отырар да оңай түсе қоймайды. Осы кездегі қаланың билеушісі, 
Әбілқайыр ханның кіші баласы Мұхамед-Темір сұлтан өзгелерден жас болғанмен, 
соғыс тәсіліне ешкімнен кем соқпады. Ұялы қасқырдың бөлтірігі — өнерді 
ұяластарынан үйренеді. Жауынгер ордада өскенін білдірді, Бұрындық пен Сұлтан-
Махмұтқа алдырмады. Олар енді әскерлерін Ташкент уәлиетіне жататын Сайрам 
қаласына көшіріп, күндіз-түні Түркістан уәлиетінің қышлақтарын, егінші, малшы, 
кіші-гірім дихтарын шаба бастады. Бұны көрген Мұхамед-Шайбани хан «сендер 
үйтсеңдер, мен бүйтем» деп қалың әскерін Дәшті Қыпшаққа жіберіп, қазақ 
ауылдарын қырғынға ұшыратты. Екі жақтан да халықтың көз жасы қан боп ақты. 
Өрт алған қалалар, малдарынан айрылып құр жер шұқып қалған ауылдар
құлдыққа — күңдікке айдалған қыршын жастар. Ел басына шын тозақ енді 


322 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет