Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет22/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ертіп, ханға бұрылып та қарамастан, шауып келе жатқан топқа қарсы ақырын 
аяңдап жүре берген. 
Бұл кезде тәлтіректеп орнынан Сарыбай да түрегелген. Атының үзеңгісіне 
аяғын салып жатып: 
Бекер сойылмен ұрмадыңыз, хан ием, — деген алқына сөйлеп, егер де 
жығылғанда мойын омыртқасын бұрап үзіп алатын едім де, атынан құлап өлді 
дейтін едім. Қалай өлгенін көзімен көрген ешкім жоқ... — деп келе жатты да, — 
тақсыр хан, кешіріңіз... — деп басын қолымен қорғай берген. 
Бірақ құлаштай сілтеген көк құрыш алдаспан оның мойнын қиғаштай кесіп
зәресі ұшып көзі адырайған басын анадай жерге ұшырып түсірген. 
Қайтып оралған Жәнібек пен Керей Сарыбайдың әлі де болса жаны шыға 
қоймай, анадай жерде ақырын қимылдап жатқан басы мен қан-қан болып діріл 
қаққан денесін көрген. Бұйрығын орындай алмаған құлы енді тірі куәге айналмас 
үшін, ханның әдейі өлтіргенін екеуі бірдей ұққан. Бірақ Әбілқайыр: 
— Жәнібек сұлтанға қастық ойлағаны үшін басын алдым! — деген. 
Ана екеуі оған жауап қайтармаған, үн-түнсіз аттарының басын бұрып, келе жатқан 
адамдарға қарсы аяңдаған. 
Хан қазір өзінің сол күнгі қылығын ойлауда. «Он алты жасымда Едігенің 
немересі Қазы биді өз қолыммен бауыздағанда, он жеті жасымда аталас туысым 
Дәшті Қыпшақ ханы Жұмадүкті туған баласындай боп қолында өскеніме 
қарамастан, жекпе-жекте шоқпармен ұрып өлтіргенде шімірікпеген басым, 
қастасқан жауым Жәнібекті қара құстан сойылмен бір салып өтуге қалай 
жарамадым? Кезі келгенде қандай құрбандыққа да болса бара алатын жүрегім, 
сол жолы қалай дауаламады? 
Иә, өзгелер айқай-сүрең салып жеткенше, сойылмен бір-ақ періп өлтіруім 
керек-ақ еді, ар жағында аттан құлап ажал тапты деп көрсету — Сарыбайдың 
шаруасы. Ал мен... Міне, сондағы сәл бөгеліп қалғанымның күнәсін енді тартып 
жүрмін... Жауыңа деген сойылды дер кезінде соқпау — үлкен қылмыс! Енді міне 


24 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет