Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет26/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Өртенген, қираған қала, құлазып бос қалған егін даласы, тау-тау болып үйілген 
адам сүйегі, қашқан, босқан жұрт — міне, монғол қанды балақтарының бір 
кездерде гүл-гүл жайнаған өлкелерге алып келген үлесі осы болатын... 
Ал қазақ жеріне келген Жошы да осы саясаттан танбаған. Тек ойын орындау 
тәсілі өзгеше еді. 
Қият руының батыры Есугейден туған Шыңғысхан Қоңырат Дай-ноянның қызы 
Бөртеден бес қыз, төрт ұл көрген. Солардың бір қыздан кейінгі ең үлкені Жошы. 
Монғол ғұрпы бойынша өз руынан әйел алуға болмайды. Жігіт қалыңдықты басқа 
рулардан, әсіресе нағашы жұртынан іздеуі керек. Осы дәстүрге қарап, Жошы да 
өзінің заңды төрт қатынының үшеуін Қоңырат руынан алған. Үлкен бәйбішесі 
Жүке-бегімнен үлкен баласы Орда, екінші әйелі Үкі-бегімнен Бату туған. Бұлар да 
нағашы жұртынан бір-бір әйелден алған. Осылай атадан әкеге, әкеден балаға 
ауысқан ғұрып бойынша Жошы ұрпағы Қоңырат руына күйеу жұрт боп кеткен. Ал 
бір кезде Керулен, Онон, Орхон өзендерінің бойымен көшіп жүрген Найман, 
Керей, Уақ рулары тәрізді монғол жеріндегі Қоңырат руы, енді бірінші боп Жошы 
ұлысына кіреді. Бұның үстіне «Шыңғыс монғолда хандыққа таласып жүргенде, 
Бөрте Керейдің бір батыр жігітімен көңілдес болған екен. Жошы содан туыпты» 
деген де қауесет бар. Бұл қауесет қисынға да келетіндей. Оған дәлел: Шыңғысхан 
енді өлетініне көзі жетіп, орнына Жошыны қоймақ боп бір мың екі жүз жиырма 
алтыншы жылы Ұлы құрылтайды шақырғанында, монғол жыраулары хан алдында 
«Жошыны қойма, ол сенің нәсілің емес», деп жыр айтады. 
Осындай себептерімен Жошы Қоңырат, Керей руларын іштей қанап жатса да, 
сырттай жақын ұстаған болып көрінеді... 
Жоқ, қарамағындағы жұртты Жошы қандас болдым деп аяған емес. Оған 
басқаратын, әмірін жүргізетін ел керек. Ал Дәшті Қыпшақ Жошы хандығының туын 
тігетін негізгі жері болуға тиісті еді. 
Демек, қазақ шежірелері Жошыны Шыңғыстың өзге балаларындай қанішер 
атамайды. Жыр, аңыздарда кейде қаһарымен бірге сөзге тоқтайтын, ашуын 


28 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет