Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет301/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
орнады. Мұндай күйге ұшыраған қазақ ауылдары жаппай атқа мінді. Бір кезде 
жауға дес бермеген кәрі шалдар, қайтадан қолына найза ұстады. Бұрын тек ән-
күйді ғана паш еткен қазақтың жас арулары аға орнына садақ тартып жауға 
шықты. Бүкіл қазақ намысына шауып, ең аяғы алыстағы Алшын руларынан да топ-
топ жігіттер келді. Осы кезде соңғы уақытта ұмытыла бастаған «Жалғыз көз» 
батырдың аты жерді жара қайтадан даланы тітіретті. Халық көтерілісінің басында 
енді Бұрындық та, Қасым да емес, осы халық ұлы «Жалғыз көз» батыр болды. Өзі 
жұрт көзіне көрінбесе де, оның құрған жасақтары жау шебіне қырғидай тиді. 
Халық жаралы жолбарыстай ақырып осылай жауына қарсы шыққан кезде, тағы 
бір суық хабар жетті. «Мұхамед-Шайбани хан мен Бұрындық хан ауыз жаласып 
бітімге келіпті. Соғысты тоқтатып қыз алысып, қыз берісетін болыпты» деген лақап 
бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін алып кетті. 
Бұл рас хабар еді. 
Мұхамед-Шайбанидың Бұрындықпен бітімге келуі тәсіл еді. Түркістан мен 
Мауреннахрды әбден өзіне бағындырып алғанша қазақтармен жауласу Мұхамед-
Шайбаниға тиімді емес-ті. Бір моғолдардың жаулығының өзі оған жететін. Ал 
Түркістан мен Мауреннахрды билеу — Мұхамед-Шайбанидың бер жағындағы 
ғана арманы. Айлакер ханның түпкі тілегі тіпті әрменде жатқан. Алдымен 
Түркістан мен Мауреннахрды алса, сосын Дәшті Қыпшақ пен Қорасанға қол 
созбақ. Бұларды бітіргеннен кейін Моғолстан, айдаһардың аузына өзі түскен 
көжектей, өзінен өзі келеді. Бүкіл шығысты билегенмен, атасы Әбілқайырдың Көк 
Ордасын қайта тұрғызу — оның шын көкейкесті мақсаты. Ал бұл арманға жетудің 
жалғыз ғана жолы бар — жауыңның басын қостырмай, біріне бірін айдап салып, 
шетінен біртіндеп бағындыру. Міне осы себептен қазір Түркістан мен 
Мауреннахрды бауырына әбден басып алғанша Дәшті Қыпшақпен жауласпау 
керек. Асықпаса оның да кезегі келеді. Шарттың қаншалық құны бар екенін
Бұрындық хан сонда көрсін! әзірге тұлыпқа мөңіреген сиырдай, «Мұхамед-
Шайбанимен татуластым, ол маған тимейді» деп жүре берсін. Мұхамед-Шайбани 


323 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет