Мейлі сені бір түгілі, жүз ұстаз баулысын, егер өзіңді-өзің көндірмесең,өзің-өзіңнен талап ете білмесең, олар да дәрменсіз болып шығады.
В.А.Сухомлинский
VIII.Үйтапсырмасын беру, әр топ өзін-өзібағалау
IX.Оқушылармен кері байланыс Рефлексия. (керек сөзді жаз)
1. Осы тарауды оқу барысында мен көмектестім, маған көмектесті.
2. Есептер оңай, қиын, қызықты болды.
3. Бүгінгі сабақ пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз өтті? Арапов Бақытжан информатика пәні мұғалімі, ІІІ деңгейлі мұғалім
Тақырыбы: MS Word редакторы интерфейсімен танысу, мәтіндік редактордың ұғымы.
Мақсаты :
MS Word редакторы интерфейсімен танысу, мәтіндік редактордың ұғымы үйрету
Міндеттері:
7 модель идеялары бойынша әдіс –тәсілдерін қолдана отырып оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету.
Күтілетін нәтиже:
MS Word редакторы интерфейсімен танысу, мәтіндік редактордың ұғымы біледі
Кезең
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Бағалау
Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер
І
3 мин
Ұйымдастыру
Амандасу, сыныпқа ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды кеспе қағаздар арқылы топқа бөлу "ол кеспе қағаздардың бірінде сұрақтар , ал екіншісінде жауаптар берілген".
Мұғаліммен сәлемдесу
Мұғалім журнал бойынша түгелдеу кезінде оқушылар өз аты,тегін айту.
Оқушылар өз оқу құралдарын партаның үстіне қойып күнделікті дағдысын іске асыру.
Мұғалім сабақты бастаған кезде сыныпта тыныштық сақтап, ұстаздың сөзіне құлақ салу.Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. Қағаз қимасы арқылы топқа бөлінеді.
Сұрақ-жауабы бар қима қағаздар
6 мин
Үй жұмысын сұрау
Презентация жасалған тест жұмысы мен және ребус арқылы. Тест сұрақтары:
1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай? 2. WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата? 3. Құрал-саймандар тақтасында қандай батырмалар орналасқан? 4. Мәзір жолағындағы мәзір аттарын ата? 5. Файл мәзірінде қандай мәзірлер орналасқан? 6. Терезенің тақырып жолында не бейнеленеді? 7. WordPad редакторында мәтінді бас әріптермен теру үшін қай пернені қолданады? 8. WordPad редакторында меңзердің сол жағындағы символарды өшіру қай перне қолданылады? 9. WordPad редакторы терезесінде қалып-күй қатары қайда орналасқан? 10. Мәтінді беттің ортасы бойынша жазу үшін қай батырманы қолданамыз?
Параққа тесттің жауаптарын белгілейді және презентация арқылы дұрыс жауаптарын қөрсету арқылы өздерінің жауаптарын дұрыстайды.
Формативті Өзін- өзі бағалау
Презентацияда жасалған тест және ребус
ІІ
15 мин
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
Оқушылар зер қойып тыңдау, керек жерін дәптерге түртіп отыру.
Формативті бағалау, стикерлер
Электронды оқулық, презентация
16 мин
Ал осы жаңа тақырыпқа байлынысты
1. Мақал-мәтелдердегі бос орынға сөз қою арқылы жазу.
Осы тақырыпты ала отырып өздеріне берілген тапсырманы жұппен орындайды және сақтайды. Біткеннен кейін түсіндірме жүргізу.
Формативті Өзін- өзі бағалау
Компьютер, презентация, анимациялық суреттер
ІІІ
3 мин
Қорытынды (диалогтік оқыту)
Сұрақ -жауап және суреттер арқылы.
Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
Білемін, білгім келеді, не үйрендім сұрақтарына өз ойларын стикерге жазды.( INSERT әдісі)
Формативті бағадан сумативті бағалау
Стикер.
1 мин
Үйге тапсырма.MS Word редакторы интерфейсімен танысу, мәтіндік редактордың ұғымы.
Арапов Ғалымжан , информатика пәні мұғалімі, ІІІ деңгейлі мұғалім
Күні:
26.02.2014 ж.
Пән атауы:
Информатика
Сыныбы:
8-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Электрондық кесте ұғымы. MS Excel редакторы
Сабақтың мақсаты:
Электронды кесте туралы түсінік қалыптастыру;
MS Excel редакторы терезесімен таныстыру;
Күтілетін нәтиже:
- электронды кесте туралы түсінік алу;
- басқа бағдарламалардан ажырата білу;
- MS Excel редакторы терезесінің қызметін меңгеру;
- MS Excel редакторы терезесін білу және оларды қолдану.
Қолданылатын модульдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, ОүБ, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Оқушылар қағаз қиындыларын бір-біреуден алып құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді
Қағаз қиындылары
5 мин
Үй тапсырмасын сұрау
Екі топқа сұрақтар қою
Әр топ кезек-кезек сұрақтарға жауап береді
Интербелсенді тақта
13 мин
Үй тапсырмасын пысықтау
Екі топқа компьютерде тапсырма беру
Топтар тапсырмаларын компьютерде орындайды. Жұмыстарын қорғайды.
Компьютер, интербелсенді тақта
2 мин
Сыни тұрғыдан ойлануға сұрақтар қою
13 мин
Жаңа сабақты
Екі топқа жаңа сабақ жазылған ресурстарды беру, тұжырымдама жасауға тапсырма беру
Жаңа сабақ ресурстары бойынша топпен дайындалып, сол ресурстарды бір-біріне түсіндіреді. Топтар терезесінің құрылысына тұжырымдама жасайды және қорғайды.
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Қандай сезімде болдың?
Бағалау кестесіне суммативті бағасын шығару
Смайликтер арқылы топ мүшелерін бағалайды.
Оқушылар стикерге өз ойларын жазып жапсырады.
Стикерлер, смайликтер, бағалау парағы
Қысқа мерзімдік жоспар
Бегалиева Назерке, география пәні мұғалімі, ІІІ деңгейлі мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Түркістан қаласы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабақ өту барысында өткен сабаққа сүйене отырып,Түркістан қаласының тарихи маңыздылығын түсіндіру. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар Түркістан қаласының тарихи орны туралы мәлімет алады.