Рефлексиялық сұрақтар
|
Күні: 21.10.2015ж
Тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы диалогтік оқытудың маңызы».
|
Не болды? Қалай болды? Қандай мақсатта өткізілді?
|
«Оқыту мен оқудағы диалогтік оқытудың маңызы».
тақырыбында коучинг өткіздім. Мақсатым коучингке қатысушыларға «диалогтік оқытудың» маңызын, оқу мен оқыту үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқытуды тәжірибелеріне енгізу әдістерінің жолдарын меңгерту. «Маған ұнаған әріп» әдісімен топқа бөлінді.Бейне жазбаны көріп, әр топ ойларын жеткізді. «Кроссворд» әдісімен топта талқыланып коучинг тақырыбын өздері тапты. «Миға шабуыл» арқылы мұғалімдерді ойландырып , диалогтік оқытудың маңызы туралы өздері бір шешімге келгенше сұрақтар беріп жетелеп отырдым. Жеке тапсырма және топқа тапсырма арқылы әңгіменің түрлері (зерттеушілік, кумулятивтік, дебат) «салат жасау» арқылы дәлелденіп, зерттеушілік әңгіменің пайдалылығын өз бастарынан өткізіп сезіне білді.Сабақта әңгіменің зерттеушілік түрін қолданғанда оқушылардың шығармашылық ізденісі артатынын түсіне білді.
|
Маған не ұнады? Не сәтті өтті? Неге? Қандай дәлел көрсетуге болады?
|
Маған ұнағаны мұғалімдерде үйренуге деге құлшыныстың жоғарылығы. Топтық жұмыс жасағанда бірін-бірі тыңдап,пікірлесіп, қорғау жұмысына байланысты сұрақтар берулері. Бүгін жас мұғалімдер бойында өздеріне деген сенімділігі артқанын байқап қуандым. «Өз көзқарасымды білдіре алдым, тобыма көмектескеніме, пайдамды тигізгеніме көңіл-күйім көтерілді»- деп кері байланысқа жазғанын оқып , бойларындағы өзгеріске қуандым. Бұл да болса еңбегімнің еш кетпегенінің дәлелі. Күннен күнге мұалімдердің үйренуге деген құлшынысы менің жұмысқа деген құлшынысымды арттырды.
|
Не сәтсіз өтті? Қандай қиындықтар болды? Неге? Нәтижесі қалай болды?
|
Кейбір мұғалімдеріміздің сабақтары болуына байланысты, коучингтің қысқартылуы. Мектеп екі ауысымда оқитындықтан мұғалімдердің сабақ кестесі сәйкес келмей жатыр. Бұл шешімін табатын мәселе, уақыт өте орнына келеді. Бірақ жоспарланған жұмыс толық меңгерілді. Мұғалімдер коучингте үйренгенін өз тәжірибесінде қолданатын болады.
|
Мен не істедім немесе осы қиындықтарды жою үшін не істеймін?
|
Келесі коучингті топ мұғалімдері түгел қатыса алатындай уақытқа белгілеуім керек. Оны алдын ала хабарлап айтамын. Коучинг тақырыбын алдын ала хабарлап өтініш білдірген мұғалімдерге коучинг өткізуге жағдай жасау.
|
Мақсатқа жеттім бе? Нәтиже қалай болды? Нені өзгертуім керек? Үдерісті жақсарту үшін тағы не істеуге болады?
|
Мақсатқа қол жеткіздім. Мұғалімдер өзгеріске дайын болып сабақта диалогтік оқытуды қолдана біледі.Сабақта қолдануға ыңғайлы екендігін кері байланыста берді. Зерттеушілік әңгіме түрін сабақтарында қолданудың тиімділігін түсініп, оны қолданатындықтарын айтты. Тәжірибеде қолданғандығын көруім керек. Сонда тақырыптың қаншалықты түсінікті болғанын көремін.
|