Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту



Дата27.12.2016
өлшемі29,66 Kb.
#5780

Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту

  • Мақсаты :
  • Диалогтік оқытудың маңызын ашу , сабаққа
  • нысан ретінде әңгімелесу түрлерін енгізу .
  • Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге
  • деген қызығушылығын арттыру , олардың
  • білім деңгейін көтеру .

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері :

  • Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді ;
  • Бастауыш және орта буынды оқыту мен оқу тәжірбиесіне диалогтік әдістерді енгізеді ;
  • Диалогтік әдістердің оқу көмегін түсіндіруге дайын болады .

Коучингті өткізу әдіс -тәсілдері

  • 1 . Топқа бөлу .
  • 2 . Миға шабуыл . Бейне ролик арқылы
  • 3 . Диалогтік оқыту туралы түсінік беру.
  • 4 . Тренинг-серпіліс .
  • 5 . Қорытындылау .
  • 6 . Кері байланыс .

Оқыту әдістері :

  • Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
  • Оқыту мен оқытудағы АКТ
  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
  • Диалогтік оқытуды қолдануға үйрету
  • Жеке жұмыс , жұппен жұмыс
  • Топтық жұмыс , ұжымдық жұмыс

Сілтемелер

  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
  • Үлестірмелі материалдар.

Сілтеме және оқуға арналған тапсырма :

  • )
  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық .
  • Үлестірмелі материалдар .
  • Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық .
  • Мұғалімдеоге арналған нұсқаулық .

Оқу нәтижесі :

  • 1 .Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді ;
  • Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады;
  • Жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді .

Түйінді идеялар

  • Диалогтік оқыту жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу .
  • Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік .

Сабақта қолданылатын материалдар :

  • А – парақтар , стикер , смайликтер ,
  • интерактивті тақта , флипчарт , маркер ,
  • қалам , бейне жазбалар

Дерек көздері

  • Әдеби материалдар , газет – журналдар , портал материалдары , тұсаукесерлер.

“ Тәтті сый” ойыны

  • 1 . Топқа бөлу ( 3 мин ) “Тәтті сый” ойыны арқылы шашылған конфеттің фантигіне қарай топқа бөлу . Мұғалімдер шашудан конфет ала отырып , үш топқа бөлінеді және басшыларын сайлайды .

“ Жақсы көңіл – күй жан азығы”

  • Мақсаты :
  • мұғалімдердің эмоционалды және көңіл – күйлерін көтеруге , кәсіби жанудың алдын – алу , өздеріне құрметпен қарау , топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту .

Эпиграф :

  • “Біз қартайғандықтан ойын ойнауды
  • тоқтатып тұрған жоқпыз , ойын
  • ойнамағандықтан қартаямыз” .
  • Бернард Шоу

“ Дыбыстық жаттығу”

  • Мақсаты : дыбыстық гимнастикамен танысу , рух пен дененің тынығуы .
  • Ережесі : өзімізді бірқалыпты , жайлы сезінеміз , тік тұрамыз , арқамызды тік ұстаймыз . Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз , ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз

“А” – бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді . “Е” – қалқанша без жұмыстарына әсер етеді . “И” – миыңызға , көзіңізге , құлағыңызға . “О” – жүрегіңіз бен өкпеңізге әсер етеді . “У” – асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге . “Х” – денеңіздің тазаруына . “Ха – ха” – көңіл – күйіңіздің көтерілуіне

Тұлғалық қасиетті анықтау

  • Орыстың психолог ғалымы И.Панариннің тест – сауалнамасы бойынша адамның тұлғалық қасиетін анықтау . 4 түрлі фигуралардың біреуін таңдап алу.
  • Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алатын жандар.

Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатын жететін жандар. Тіктөртбұрыш белгіні қалағандар жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар. Доға белгісін таңдағандар өте мейірімді, өзгенің қайғысын, қуанышын бөлісуге даяр тұратын жандар.

Кіріспе тапсырма . Микрофон әдісі ;

  • Бейне ролик “Екі баланың әңгімесі”
  • Сіздің ойыңызша көрсетілген не туралы?
  • Қалай және қандай оқыту әдіс – тәсілдері арқылы пәнді жетік ұғындырамыз?
  • Бүгінгі коучингтің тақырыбы қандай деп ойлайсыз?
  • Бүгінгі тақырыбымыз “Диалогтік оқыту”

Ғылыми зерттеу нәтижелерінде Мерсер мен Литлон диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым – қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе “пікір алмасу” барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан.

  • Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан.
  • Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі – топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталады . Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір – біріне сұрақ қоюы. Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі – төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.

Ой шақыру

  • Диалог дегеніміз не? (кластер)
  • Диалогтің қандай түрлері бар?
  • Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
  • Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?

Ақпарлама

  • Диалог - (грек сөзі) екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Диалог – ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір – бірімен жараспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді.
  • Диалогиялық байланыс процесі диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінің идеяларымен дамытады

және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.

  • және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.
  • Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті.
  • Егер сөйлеушілер көп болса оны полилог деп атайды. Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді.
  • Диалог - мұғалім үшін табыстылық пен шығармашылық кілті
  • Диалог – мұғалім үшін әмбебап педагогикалық техника
  • Диалог – басшы үшін ұжымның бәсекелестікке қабілеті.

2A жұмыс кестесі: Осы қағидаларды талқылау пайдалы ма?

  • Қағидалар
  • Иә, жоқ немесе мүмкін
  • (негіздеме ұсыныңыз!)
  • 1. Басқалардың айтқанына қарамастан, өз көзқарасыңызды ұстанасыз.
  • 2.Кезекпен олардың пікірін сұрайсыз.
  • 3. Себебін сұраңыз.
  • 4.Егер бір нәрсені түсінбесеңіз, тыныштық сақтаңыз
  • 5.Идеяны айтқан адамға емес, идеяның өзіне сыни көзбен қараңыз.
  • 6. Егер адамдар сіздің идеяңызға қарсы пікір айтса, онда олар үшін сіз оны негіздеуге тиістісіз.
  • 7. Аяқтап үлгеретіндей, жылдам таңдаңыз.
  • 8. Шешім қабылдар алдында барлық баламаларды талқылаңыз.
  • 9. Егер дұрыс шешім қабылданбаса, кім кінәлі екенін көрсетіңіз.
  • 10. Егер сіз нық негіздеме естісеңіз, өз пікіріңізді өзгерте аласыз
  • ОСЫЛАЙ № 27-ге ДЕЙІН

Шағын топтарда талқылауды ұйымдастыру

  • Оқушыларға лайықты тапсырмалар қажет;
  • Оқушыларға жеткілікті уақыт қажет;
  • Алдын-ала араласпауға тырысыңыз, бірақ мүмкіндігінше қолдау көрсетіңіз;
  • Көмек алардың алдында оқушылардан бір шешім қабылдауды сұраңыз және топ мүшелеріне жеке емес, тұтас арнап сөйлеңіз;
  • Оқушыларға негізгі қағидаларды естеріне салып отырыңыз және олардың назарын тек дұрыс жауаптарға ғана емес, түсініктемелер мен мағынасына да аударып отырыңыз.
  • Оқушылар үшін тапсырманы орындамай, оңтайлы талқылау құрып, тұжырымдамасын жасатыңыз.
  • Оқушылардан талқылау барысында бағалауды және жауап алуды сұраңыз.

1 – тапсырма . Фишбоун әдісі :

  • Зерттеушілік әңгіменің сабақта қолдану тиімділігі.
  • Бағалау : өздеріңізді критерий бойынша
  • бағалаңыздар . 1. Мазмұны.
  • 2. Топтың белсенділігі .
  • 3. Әдісті қолдануы.

Түйінді идеялар

  • Тілдің оқыту мен оқудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым – қатынас жасауда өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі.
  • Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару.
  • Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру.
  • Диалогтік оқытуды педагогиканың тиімді әдісі ретінде қарастыру.

2- тапсырма . ДЖИГСО әдісі

  • Мәтінді оқып қандай диалог түріне жататынын анықтау.
  • Бағалау : “ Екі жұлдыз, бір тілек”

3 – тапсырма: Пресс- конференция әдісі

  • “ Мәтіннің авторына журналистер сұрақ қояды”

4 – тапсырма. Зерттеушілік әңгіме

  • Әркімнің идеясы құнды болғанымен мұқият бағалау жүргізіледі.
  • Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады.
  • Қатысушылар бір – біріне сұрақ қояды.
  • Идея қайталанады және жасалынады, дірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
  • Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді , осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді.
  • Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады.
  • Ой – пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады.
  • Бағалау : Бір – бірін бағалау.

Топқа тапсырма

  • 1 топ. “Мұғалім – сабақ иесі , оқушы – бақылаушы” ( жетістіктері мен кемшілігі) постер қорғау .
  • 2 топ. “Мұғалім – бағыттаушы , оқушы – сабақ иесі” ( жетістіктері мен кемшілігі ) постер қорғау.
  • 3 топ. “Мен армандайтын сынып...” постер қорғау. Бағалау. Эксперт тобы. (бағалау, регламент, тиімділігі)

Қорытынды рефлексия

  • Рефлексия “Бес саусақ”
  • Не үйрендік?
  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Не ұнады?
  • Көңіл – күйіңіз қандай?

Сауалнама

  • Сізге өткізілген коучинг ұнады ма ?
  • Сізге осы коучингтің пайдалы тұсы болды ма?
  • Коучингтің маңыздылығы қандай болды?
  • Осы модульді іс – тәжірбиеңізге енгізесіз бе?
  • РАҚМЕТ!
  • Сәттілік тілеймін !

Презентация

  • Коучинг
  • Тақырыбы: “Диалогтік оқыту”
  • Өткізген: Камилова Р.С.
  • №43 орта мектебі

Үштік одақ

Үлгермеушіліктің үш категориясы:

  • 1-категорияға: оқушының барлық пәннен бірдей үлгермей қалып қою.
  • 2- категорияға: сабақты ішінара негізгі пәндерден үлгермейтін оқушылар жатады.
  • 3- категорияға: оқушылар сабаққа анда – санда үлгермейді.

Үлгерімі төмен оқушылар 5 топқа бөлінеді :

  • Оқуға көзқарасы дұрыс емес балалар
  • Материалды қиналып ұғатындар
  • Сабаққа дайындалу әдеттері қалыптаспағандар
  • Еңбектене білмейтіндер
  • Білуге және оқуға құштарлығы жоқ оқушылар

Оқушының үлгермеу себептері:

Мәселенің шешу жолдары:

  • Баланы зерттеу.
  • Баланы зерттеу төмендегідей түрде жүргізіледі:
  • Психолгоиялық
  • Физиологиялық
  • Педагогикалық

Баланы зерттеушілер:

  • Физиологиялық зерттеу – дәрігерлер;
  • Психологиялық зерттеу – психолог мамандар;
  • Педагогикалық зерттеу – мұғалімдер;

Физиологиялық зерттеу

  • Мысалы, шыр етіп дүниеге келгенде немесе есейе келе баланың денсаулығына кері әсер ететін кездейсоқ жағдайларға байланысты баланың даму заңдылығы бұзылуы мүмкін. Осы орайда баланың физиологиялық картасы жасалады.
  • Мұғалім медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек.

Психологиялық зерттеу

  • Баланың таным процесі , зейін, ес, қабылдау моноторингін жасау.
  • Оқушының психологиялық даму заңдылығына сәйкес еместігі анықталған күннен бастап – ақ ол баланың қызығушылығын дамытып, әр түрлі педагогикалық технологияны пайдалана отырып, барлық пәндер бойынша үздіксіз жұмыс жасау.

Керн Йерасик тесті

  • Баланың төмен, жоғары, оң-сол, сандарды тану, білу, жазу, сызу қабілеттерінің қаншалықты екенін анықтау. Қаламсапты ұстатып, баланың оңқай, солақай екенін білу.
  • Дәптер бетіне нүкте қойып, сол нүктені жоғары, төмен қарай нұсқауларды бере отырып, оқушының қабілеттерін анықтау.
  • Осындай іс-әрекеттер арқылы баланың қызығушылығы мен танымын арттыруға болады.

Педагогикалық зерттеу

Үлгерімі төмен оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері

  • Оқушының қабілетіне байланысты материалды жеңілдетіп, күші жететіндей етіп беру.
  • Толықтыру тесті.
  • Сызбалар, схемалар.”Сөз құра”,”Сөз ойла”,т.б.
  • Сурет бойынша сөйлемдер жазу, шағын әңгімелер құрастыру.
  • Жазу каллиграфиясына назар аудару ( көшіріп жазу).
  • Дидактикалық,рөлдік,қимыл-қозғалыс ойындары.

“Отбасы+оқушы+мектеп”

  • Осы жұмыстардың бәрі зерттеліп қабілеті төмен балаларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық талдау жасап, оларды дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасап отырылуы керек. Оқушының үлгеріміне тек мұғалім ғана емес, үштік одақ бірлесе отырып шешуге ықпал етуіміз қажет. Бұл үлгермеуші баланы болдырмаудың бір жолы.

Үлгермеуші оқушымен жұмыс

  • Математикадан ойын есептері, белгісіз санды табу, амалдарды қою, геометриялық фигураларды толықтыру, шамасына қарай логикалық есептер, т.б.
  • Мысалы, мына фигуралардың сыңарын тауып, фигураларды жасау, оларды айыру.

Отбасындағы жағдайлар:

  • анасының болмау себебі;
  • әкесінің болмау себебі;
  • ата-анасының ішімдікке салынуы;
  • әлеуметтік жағдайының төмен болу себебі;
  • отбасындағы қайғы – қасірет;
  • баланың қамқоршысының қолында болуы;
  • достарының әсері;
  • ата-ана тарапынан қадағаланбау.

Қорытынды

  • А.Байтұрсынұлы;” Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде- оқумен де түзеледі” дегендей, оқушыны зерттеу, онымен жұмыс жүргізу, үлгермеушіні болдырмау- оқу, іздену, еңбектену арқылы келетіні дәлелденіп отыр. Олармен тынымсыз жұмыс жүргізіп, күдер үзбей,ерінбей еңбектену қажет.
  • Үлгермеушіні болдырмау- ұстаздың міндеті және сыныпта үлгерімі төмен оқушылардың болмауы ұстаз бақыты.

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет