Коучинг тақырыбы: Диалогтық оқыту. Жада. Әңгімелесудің түрлері. Коучинг мақсаты



бет2/3
Дата25.06.2017
өлшемі81,62 Kb.
#20044
1   2   3

Диалогты оқытудың тиімділігі

Сабақтың тақырыбы

 Диалогты оқытудың тиімділігі

Сілтеме

АҚТ-ны қолдану,электрондық оқулық. бейнесюжеттер

Сабақтың мақсаты:

Диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін үйренуге жетелейді.өзіне деген сенімділікті оятады, бір-бірімен ой бөлісуді үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Диалогтық оқытудың маңыздылығын үйренеді,бір-бірінің ойын, пірін құрметтеуді біледі, тіл табысу қарым-қатынас жасау жолдарын үйренеді.

Пайдаланатын материалдар

Бейнефильмдер,қалам, маркер,интерактивті тақта.

Түйінді идеялар

Диалогтық оқыту арқылы әр адамның ойлау қабілетін дамытып,бір-біріне деген құрметі артады.

 

 

Коучтің әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

Бағалау

Кіріспе: таныстыру, топқа бөлу. (психологиялық ахуалды орнату, коучингтің мақсатымен таныстыру. 5 минут)

Түрлі - түсті қағаздар арқылы топқа бөлу,бір-біріне сәттілік тілейді,сабақтың мақсатын хабарлайды.

Әр мұғалім өзіне ұнаған түстерді алады, содан кейін бір түсті алған мұғалімдер бір-бір топ болып бөлінеді.Сабақтың мақсатымен таныса отырып, өздеріне мақсат қ ояды.

Мұғалімдердің іс-әрекеттерін сырттай бағалау.

№1 тапсырма 

Миға шабуыл

(10 минут)

Сұрақ-жауап

Диалог туралы не білесіңдер? Диалогтық оқыту дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай диалог түрлерін білесіңдер?


!р топ мүшелері өз ойларын жеткізеді.

Ауызша, эмоциямен,ым арқылы бағалау.

№ 2тапсырма

Ой қозғау

Презентация  «Диалогтық оқыту»



(15 минут)

Интерактивті тақтаны пайдаланып,Диалогтық оқыту туралы мәліметпен таныстыру.

Берілген мәліметтер арқылы диалогтық оқытудың ара жігін ажыратады.

Марапаттау.

№3 тапсырма Бейне фильмдерді көрсету арқылы диалогтық оқытудың мазмұнын ашу.( 20 минут)

Сергіту жаттығуы.



Бейнефильмге назар аударады.

Топтық жұмыс жасайды. Лостер немесе рөлдік ойын арқылы өз ойларын қорғайды.



Әр топ экраннан көрген көріністің мағынасын ашу үшін постер және рөлдік ойындар құрастыру арқылы қорғайды.

Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек»

Өзара бағалау,топтық бағалау.



Рефлекция (5 минут)

Мұғалімдерге арналған сауалнама

Өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлері.

Жалпы бағалау.

 

 

 

 

Алматы облысы Жамбыл ауданы ДБАГ Қарғалы №2 арнаулы мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Есенбекова алия Абдуллаевна

Коучинг  тақырыбы

Оқу үшін бағалаудың тиімділігі

Сілтеме

АҚТ-ны қолдану,нұсқаулықты қолдану.

Мақсаты:

Оқу үшін бағалаудың маңызын түсінеді.Оны қолданудың тиімділігін үйренеді.Осы әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолданады.

Түйінді идеялар

Тек қана білім үшін бағалау емес, өзін-өзі тексеру, өзіне деген сенімділік,өз деңгейін білу.

Нәтиже

Өзін-өзі бақылайды, оқу үшін бағалаудың тиімді екеніне көз жеткізеді.

Оқыту әдістері

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Жұппен, топпен жұмыс.



 

 

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Бағалау

Кіріспе.Тақырыппен таныстыру, топқа бөлу.

( мақсатымен таныстыру  5 минут)



Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін құрастыру арқылы топқа бөліну.Тақырыптың мақсатын хабарлау.

Өлеңнің әр тармағын құрастыру барысында бір топ болып бөлінеді.

Сабақтың мақсатымен таныса отырып, өзіне мақсат қояды.



Қадағалау.

Миға шабуыл

№1- тапсырма

 


Сұрақ-жауап

1.Қызығушылығын арттыру үшін қалай бағалау керек деп ойлайсыздар?

Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?

Бағалаудың маңыздылығы неде деп ойлайсыздар?



Сұрақтарға жауап беру арқылы бағалаудың түрлерімен танысады.

Ауызша,жазбаша бағаланады.

Ой қозғау

2- тапсырма

«Қоян» суретін салу арқылы бағалау.


Интерактивті тақта арқылы «Оқу үшін бағалау» туралы мәлімет беру.Қоянның суретін әрқайсысы жеке салады.

Оқу үшін бағалаудың түрлерін анықтайды.

Салған суреттерін бір-біріне беріп талқылайды.



Өзін-өзі бағалау,өзара бағалау.

Кері байланыс

3-тапсырма

Оқу үшін бағалаудың тиімділігі

 


Оқу үшін бағалаудың тиімділігін анықтау үшін постер құрастырып, оны қорғайды.

Постер арқылы әр топ

оқу үшін бағалаудың тиімді жолдарын анықтап береді.



Ауызша,эмоциямен,мадақтау арқылы бағалау.

Рефлекция

Мұғалімдерден сауалнама алу

Мұғалімнің осы сабақтан

алған әсері



Марапаттау.

 

 

 

 

 

«Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету» коучинг

Коучинг тақырыбы «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге  кәсіби қолдау көрсету»

2015-2016 оқу жыл



  Коучинг тақырыбы:

«Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге  кәсіби қолдау көрсету »

 

 

Жалпы мақсаты:



 

Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сындарлы оқыту арқылы оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Сындарлы оқыту мектеп жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі екендігін анықтау.

Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.


 

 

Оқу нәтижелері:



 

-Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады.

-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, олардың айырмашылықтары мен қолдану әдістерін түсініп, тәжірибеде тиімді қолдана алу туралы түсініктері қалыптасады.

-Мұғалімдер коучингтен алған білімдерін өз тәжірибелерімен ұштастырады, білімдерін толықтырады.



 

 

Оқыту әдістері:



 

Топтық жұмыс. Диалогтық оқыту.

ОүБ және оқуды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.



 

 

Сабақта туындаған негізгі идеялар:



 

Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек..



 

 

 

Қажетті ресурстар



 

Интерактивті тақта, презентация «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге  кәсіби қолдау көрсету », маркер, стикер, постер,  «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалау парағы,  «жұлдызша», «жүрек» пішінді стикерлар.



 

Тапсырмалар:

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс- әрекеті

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал туғызу

 (3 мин)

 Тренингтер.

2. Топқа бөлу

(5 мин)


Коучердің кіріспе сөзі: — Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу.

Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.

1. Қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен таныстырады.

«Менің жетістігім...» тренингі

(Коучингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығына жүрек пішініндегі стикер таратылып, «Менің жетістігім...» деген тірек сөзге «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз» Әркім жазған пайыздары туралы пікірлерін айтады.)

Тренингтен кейінгі түйінді сөз:

Сұрактар:

Сіз неге осы пайызды көрсеттіңіз?

Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз?

2.  «Танысу» тренингін ұйымдастыру, гүл шоғын сыйлау.Гүл шоқтары бойынша топқа бөлу



 

Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады.



Практикалық жұмыс

(10 мин)


Әр топқа ақ қағаз беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

Әзірленуге – 7 минут; қорғауға – 3 минут



Әр топ постермен жұмыс жүргізеді.

ІІ. Негізгі бөлім

3. «Қошқар мен теке» мульфильмінен  үзінді.

 (15 мин)

 


Сұрақ: 1. Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер?

Топта ақылдаса отырып, талдау. Қай топтағы қатысушының ойы сізге ұнады сол адамды жұлдызша арқылы бағалайсыз



1.Қатысушылар мульфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды.

2.Ұнаған қатысушыға жұлдызша береді.



V . Сергіту сәті

(2 минут)



Би жаттығулары

Қимыл жасау

Презентация

(15 мин)


«Жеті модуль- табысты оқытуға бағыт» презентацияланады.

Презентация қарайды.

4.Топтық жұмыс:

Суреттер сөйлейді” әдісі

(15 мин)


Әр топқа суреттер беріледі. Мұғалімдер топта суреттерді сөйлетеді. (тапсырмалар эссе, мәтін, әңгіме, диалог,бес жолды өлең )

Тақырып бойынша  дайындалып, оны қорғайды.

5. Бағалау

 (3 мин)


Бағалау парағын ұсыну

Топтар бірін-бірі бағалайды

Мақсаты:

Коучинг барысында жасаған жұмысты қорыта білу



Міндеті:

Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге жұмылдыру;Кері байланыс орната алу.



Әдісі:

Өлең шығару

(7 мин)


 «Кейін» бағанын толтыру

(5 мин)


 

«Өлең жолдары» стратегиясы

Ұстаздарға адасқан өлең жолдары беріледі, сол бойынша ұстаздар өлең жолдарын дұрыс құру тапсырылады

 

 

 



 

 

 



 

 


 «Дейін-кейін» стратегиясы

Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау  үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы   «Дейін-кейін» бағанасын толтыруды сұраймын.



Мұғалімдер «кейін» бағанын толтыра отырып, кері байланыс жасайды

Кері байланыс

(5 мин)


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін беру

Өз пікірлері мен тілектерін смайликтерге жапсырады

Коучердің қорытынды сөзі:

(3 мин)


Мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана,құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз. Табысты мұғалімнен білім алатын табысты оқушыларымыз көбейе берсін!!!

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін!



 




Коучинг жоспар:"Диалогтық оқыту"

Коучинг жоспары

Тақырыбы «Диалогтық оқыту. «

Мақсаты Коучинг барысында диалогтық оқытудың модулін терең зерттеп меңгеру .

Әдіс-тәсілдер Баяндау, сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыс, ойын элементтері

Ресурстар Нұсқаулық І деңгей, педагогика:оқу құралы, интербелсенді әдістеме:оқу құралы,Глоссарий

• «Алтын қарбыз» мультфильмhttp://www.ssyoutube.com/watch?v=wzhLz_lU2l8

http://www.ssyoutube.com/watch?v=wzhLz_lU2l8

«Бақыт пен сәттілік» мультфильмhttp://www.youtube.com/watch?v=cY0AuvZrShY

Коучинг барысы.:

Проблемалық сұрақтар

Интеллектуал-ды сұрақтар

Проблемалық сұрақтар

1.Психологиялық ахуал

Сергіту сәті. « Қара жорға» би

2. Топқа бөліну.Түстер арқылы екі топқа бөлінеді

Сары түс,жасыл түс.

Топтық ережені еске түсіреміз (бірлесіп жұмыс істейік)

3. Миға шабуыл .Екі адамның сөйлесіп отырған суреті (слайдтар көрсетіледі).Сұрақтар қойылады.Коучингтің бүгінгі тақырыбы ашылады.

Диалог. Әңгімелесіп отыру.

4. Негізгі бөлім.

№1 тапсырма

1. Джиксо әдісі арқылы топтар диалогты оқыту модулін оқып тану.

Глоссарий: Диалогтық оқыту-мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп,оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың жеке баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі.Оқушыларды мәселені анықтап,оны шешуге итермелейді және олардың іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың ажырамас бөлшегі болып табылады.

Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып,сипаттама берген:

1.Әңгіме-дебат.

2.Кумулятивтік әңгіме.

3.Зерттеушілік әңгіме.

№2 Тапсырма.

Топпен жаңа ақпаратпен алмасу.

3.Постер жасап қорғау.

1-топ өз постерлерін былай қорғады.

Әңгіме-дебаттың суретін бейнелеген,кумулятивтік әңгіменің көрінісін бейнелеген,Университеттің мұғалімі мен студенттің зерттеушілік әңгіме бейнесін салған.

Қорғаған кезде даиалогтық оқыту туралы дәлелдерді Александр (2008),Мерсер (2005),Александр(2004) оқытудағы әңгіме қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес , керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп,соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды.Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш –жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында олар тең құқылы серіктестер болып табылады.Пікір алмасу оқушылармен диалог арқылы құру арқылы іске асады,дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады деп дәлелдер келтіріп постерді тамаша қорғап шықты.

Екінші топта өз постерлерін Диалогтық оқуды зерттеген ғалымдардың дәлелдеме сөздерін келтіре отырып постерлерін қорғап шықты олар мұғалім мен оқушының кумулятивті әңгімесін бейнелеген,әңгіме-дебатқа теле-шоу бағдарламасын бейнелеген,зерттеушілік әңгімеге ұстазбен шәкіртінің ғылыми зерттеу жұмыс барысын бейнелеген.Екі топ басшысына стикер беріп марапаттады коуч.

№3 тапсырма Бейнежазба (мультфильмнен үзінді

1-топ «Алтын қарбыз». 2- топ «Бақыт пен сәттілік»).Жұптасып пікірлесіңіздер, түйінді жауабын қағазға түсіріңіздер.Диалогтың қай түріне жатады?

А) Кумулятивті диалог түрі .

1-топ « Алтын қарбыз» үзінді мультфильмінде бұл кумулятивті әңгіме өйткені онда бір адам сөйлейді ,ал екінші кейіпкер тыңдайды.Алдар бүркітті үйіне қонақ

ретінде қабылдайды жараланған қанатын емдейді.Ол алғыс ретінде бір қарбызыдң дәнін береді.

2-топ « Бақыт пен сәттілік « деген мультфильм үзіндісінде

диалог түрі –кумулятивті әңгіме.Әлім деген жігіт сөйлейді

перілер тыңдайды.Әлім батырлығымен ханшайымды қорғап азаттық әпереді.

Диалогтық оқыту модулінің ерекшілігі неде? Эссе жазу.

Әр топ мүшесі эссе жазады (5 минут) Топ спикері топтап эссені оқиды жауаптары стикермен марапатталады.

Белсенді рефлексия Проблемаларды айқындауда қандай мәселелер

туындады ?..

Осылай ойлауға не әсер етті ?..

Қорытынды

Коучтың өзін-өзі дамытуы Кері байланыс

Бүгінгі коучинг туралы пікірлеріңіз (2 жұлдыз, 1 тілек)

Жеткен жетістігім

Сәтті жақтары Ұстаздардың қызығушылығы өте жоғары.Топқа бөлініп сынып ережесін құрастырды.Топ басшысын таңдады.Топпен жұмыс жасады.Джиксо әдісі арқылы өз беттерінше топпен бірлесе отырып диалогтық оқыту модулін оқып танысты.тез бірлесіп жүмыс атқара білді.Диалогтық оқытудың тиімділігі туралы ғалымдардың есімдерін біліп ,білімдерін арттырды,тамаша постер жасап екі топта қорғай білді.Проблемалық сұрақтардан да сүрінбей өтті.Мультфильм бейнесюжетінен диалогтық оқытудың түрін анықтап дәлелдемелер келтіре отырып топпен бірлесе ,пікірлесе отырып шешім қабылдағандары сәтті шықты.Осы модульдің ерекшілігін аша білді оны эссе арқылы жазып оқып шықты. Екі топта тапсырмаларды орындап шықты.Кері байланыста осындай коучинг-сессиясының үйретері көп екенін атап өтті.Топпен жұмыс жасағандары ұнағанын айтты. Акт-ны пайдаланғаны ұнады .Ол әр адамның сын тұрғсынан ойлау қабілетін арттырып,адамдармен диалог арқылы жақсы қарым-қатынаста болатыны ұстаздарға ұнады.Әр ұстаз (2 жұлдыз, 1 тілек) тілектерін жазып шықты.

Тілектері төмендегідей болды:

Қаражан Қарлығаш:»Коучинг ұнады,Көп жаңа-әдіс тәсілдерді үйрендім,осындай коучинг-сессиялары көп болса жақсы болар еді.Миға шабуыл кезеңі ұнады.

Джиенбаева Нулифар:» Диалогтық оқыту модулін жақсы түсіндім,жоспары ұнады.Мультфильм арқылы диалог түрін тапқанымыз ұнады.Осы модульде ауызша да жазбаша да жұмыс көп жасағанымыз ұнады.Рахмет апайымызға.»

Кедергілер

Сәтсіз жақтары Әлі де болса ұстаздар ойларын ашып айтпайды.

Уақыттың жетіспеуі.Топпен жұмыс барысында сурет салғанда кейбіреулері жай отырды.

Жаңа әдіс-тәсілдер қандай әсер берді Диалогтық оқыту модулі арқылы ұстаздар ойларын айтып ортаға салғаны, проблемалардың шешуін топпен бірлесіп жүмыс жасағаны,диалогтық оқытудың негізін қалаған ғалымдардың осы модуль арқылы постер жасап немесе рольдік ойындар арқылы ,эссе жазып адамдармен тығыз байланыста болуға кең көлемде жол ашатынына көз жеткізді.Диалог арқылы әр адамның жүрегіне жол ашатып бұл модуль әр ұстазға әр түрлі қырынан көрінді.Ой қозғады

жаңа-әдіс екеніне көздері жетті.

Ұстаздардың қатысуы

Сауалнама 1-топқа 6 ұстаз қатысты ,ал екінші топқа 5 ұстаз қатысты.Бастауыш сынып мұғалімдерінен алты мұғалім қатысты,жоғары сынып мұғалімдерінен бес мүғалім қатысты.

Сауалнамаға 11 мүғалім қатысты:

1.Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды?

1.А) Өте маңызды- 11 ұстаз В) Орташа

2.Өткізілген коучинг қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ

3.Қатысушы ретінде коучтнг сізге жаңа серпін бере алды ма?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ

4.Сіздің ойыңызша осы коучингтің сізге пайдасы болды ма?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ

5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ



Өткізген күні: 28.11.2014 ж.

Семинар тақырыбы: Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: «Диалогтық оқыту»

Мақсаты: Семинар барысында диалогтық оқытудың модулін терең зерттеп меңгерту .
Әдіс-тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс,
Ресурстар: Нұсқаулық III деңгей,

Бейнебаян «Екі баланың диалогы», «Алтын қарбыз» мультфильмнен үзінді

Семинар барысы:
1.Психологиялық ахуал
2. Тренинг: От, Су, Күн, Ай. (2-слайд)

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар. 

Топтық ережені еске түсіреміз (бірлесіп жұмыс істейік)


3. Миға шабуыл .Екі баланың сөйлесіп отырған  (бейнебаян көрсетіледі).Сұрақтар қойылады. Семинардың  бүгінгі тақырыбы ашылады.
4. Негізгі бөлім.  
(3-слайд)

Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады. (Цицерон)

Мерсер мен Литлон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың ажырамас бөлшегі болып табылады.

(3 слайд)
1.Әңгіме-дебат.
2.Кумулятивтік әңгіме.
3.Зерттеушілік әңгіме.
 

(5 слайд)

Топқа тапсырма: « Алтын қарбыз» үзінді мультфильмнен. Бұл әңгіменің қай түрі.

(6 слайд)

Сұрақ қою «Бастама-жауап-кейінгі әрекетпен» ғана шектеліп қалды:

Бастама:Мұғалім: Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтады?

Жауап: Гүлдана: Құрамында әріптері  бар өрнекті

Кейінгі әрекет:Мұғалім: Жақсы!

Осының нәтижесінде сабақта диалог өз дәрежесінде көрініс таба қойған жоқ.

        Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

        Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.

(7–слайд)

Тапсырма: Мұғалім мен оқушы арасында болған диалог құрастыру.

Топқа тапсырма: « Алтын қарбыз» үзінді мультфильмнен. Бұл әңгіменің қай түрі.

« Алтын қарбыз» үзінді мультфильмінде бұл кумулятивті әңгіме өйткені онда бір адам сөйлейді ,ал екінші кейіпкер тыңдайды. Алдар бүркітті үйіне қонақ
ретінде қабылдайды жараланған қанатын емдейді.Ол алғыс ретінде бір қарбызыдың дәнін береді.
(11-слайд)

Белсенді рефлексия. Семинардың  өзін-өзі дамытуы .Кері байланыс .


Бүгінгі  семинар туралы пікірлеріңіз (2 жұлдыз, 1 тілек)

Семинар соңында мұғалімдерден сауалнама алу. Барлығы 5-сұрақ.

1.Сіз үшін өткізген  семинардың  маңыздылығы қандай болды?
А) Өте маңызды                      В) Орташа
2.Өткізілген  семинардың  қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді?
А) Ия                                   В) Жоқ
3.Қатысушы ретінде семинар сізге жаңа серпін бере алды ма?
А) Ия                                 В) Жоқ
4.Сіздің ойыңызша осы  семинардың сізге пайдасы болды ма?
А) Ия                               В) Жоқ
5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?
А) Ия                               В) Жоқ

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет