Коучинг сессияның тақырыбы: « Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру»
Коучинг мақсаты: Ұстаздарға диалогтік оқыту туралы , маңызы жайлы түсінік қалыптастыру.
Коучинг сессиядан күтілетін нәтижелер:
1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытудың маңызын түсінеді;Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арқылы диалогтың қалыптасуы.
2. Диалогтік оқыту жайлы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Түйінді идеялар: Диалогтік оқыту білім сапасын арттырудың негізі.Мұғалімдердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру талаптарын еске түсіру
Ресурстар: Мұғалімге арналған нұсқаулық,үлестірме материалдар, бейнежазба, слайд... маркер,стикер, ақ парақ, күлегештер, интерактивті тақта,проектор.
Коучинг барысы:
Уақыты:
|
Іс-шараның түрі:
|
Мазмұны
|
Коучтің
іс-әрекеті
|
Ұстаздар
іс-әрекеті
|
Ресурс
тар
|
2 мин
|
Видеосюжет(психологиялық ахуал) Тренинг
|
Шағын топқа бөліну
(түрлі-түсті парақша арқылы)
|
Тренинг туралы қысқаша нұсқау береді.
|
Түрлі-түсті парақшалар арқылы топтарға бөлінеді,топқа бөлу мүшелері өз міндеттерімен бөліседі..
|
Түрлі-түсті парақшалар
|
10 мин
|
Ұжымдық жұмыс.
|
Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың және ұстаздардың сөйлеу мәдениетін дамыту
|
Ортақ проблемалық сұрақ қою: «Мұғалімнің іс-әрекеті туралы не айтар едіңіз?»
|
Видеосюжетті көреді, ой түйіндейді
|
видеосюжет
|
15мин
|
Жұптасып ойлану- түйінді ой айту.
|
видеоролик
|
Коуч бақылау жүргізеді
|
Видеороликті талдап Видеосюжеттегі мұғалімнің іс-әрекеті туралы пікір қалыптастырып постер сызады
|
флипчарт
|
5 мин
|
Сергіту сәті «Қара жорға»
|
«Қара жорға» би
|
Мазмұнын түсіндіреді
|
Мұғалімдер сергіту сәтін қайталайды
|
Интерактив
ті тақта
|
5 мин
|
Диалог
|
Жұптарға:
«оқушы мен мұғалім»,
«әйелі мен күйеуі»,
«телефон арқылы сөйлесу»,
«Ата-ана мен мұғалім»
«Атасы мен немересі»
«Даяршы мен қонақ»
|
Бағыт беріп,
мағынасын қысқаша түсіндіреді.
|
Тақырыптар бойынша диалог құрады,көрсетеді
|
парақ
шалар
|
Рефлексия
|
«Сөйлеу мәдениеті туралы оқушылардың пікірі»
|
Оқушылардың сұхбатын тыңдап, ойбөлісу
|
Видеосұхбатты тыңдау
|
Өзара пікір алмасады
|
Интерактив
ті тақта
|
3 мин
|
Кері байланыс
|
Тақырып туралы өз ойларын жазып, «Идеялар ағашына» жапсырады
|
Парақшалар таратады
|
Толтырады
|
Стикерлер
|
Рефлексия:
Бүгінгі өткізілген коучинг тақырыбы: «Диалогтық оқыту арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы».
”.
Коучингке қатысқан мұғалімдердің көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуы біз үшін маңызды, ол үшін әріптесім Татьяна Ивановна екеуміз әдеттегідей жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастадық «Естігенімді –ұмытпаймын, көргенімді есте сақтаймын, өз істегенімді- меңгеремін.» деп айтқан Конфуцийдің сөзін еске ала отырып «Әлемнің жеті кереметі»атты видеосюжетті тамашаладық,бұдан сюжеттегі оқушының көзқарасының мұғалімдерге әсер қалдырғандығы байқалды.Осыдан соң мұғалімдерді «ақылдылар», «күштілер», «көңілділер», «ұялшақтар» деп түрлі-түсті қағаздардың көмегімен топтарға бөліп отырғызып, видеосюжет көрсеттік.Бұл сюжетті көрсету мақсатымыз ортақ проблемалық ой тастау «Мұғалімнің іс-әрекеті туралы не айтар едіңіз?» деген сұрақ төңірегінде ой,пікірлерін флипчарт бетіне түсіріп, әр топтың көшбасшылары қорғайды.Мұғалімдер арасында қызу талқылау басталып кетті,бүрынғы дәстүрлі оқыту барысындағы оқушы мен мұғалім арасындағы сөйлеу мәнері мен қазіргі талап ерекшелігіндегі қарама қайшылық талқыланып өз ойларын ортаға салды.Топтар арасында сұрақ-жауап тартысы орын алды.Одан әрі жүргізуші коучтар ортақ ойды тұжырымдап қортындылап,коучунгтың келесі кезеңіне ауысты.
Келесі кезеңде әр топқа жеке тапсырма берілді, яғни диалог құрып көрініс көрсету: «оқушы мен мұғалім», «әйелі мен күйеуі», «телефон арқылы сөйлесу»,«Ата-ана мен мұғалім»,«Даяршы мен қонақ», «Атасы мен немересі» Осы тұста менің байқағаным коучингке қатысқан әріптестердің ішінде Шыңғысқан, Ләззат, Гүлмира,Татьяна Генадиевна,Жанкелді және жас мамандар Айзат, Валентина есімді әріптестеріміз өздерінің ұшқыр ойымен құнды пікірлерімен белсенділік танытып, өздерінің жан-жақты тәжірибелі мұғалім екендігін таныта алды.
Коучингтің соңғы кезеңінде мектебіміздің оқушыларының пікірлерін видеороликке түсіріп, «сөйлеу мәдениеті»туралы ойын тыңдап,тамашаладық.. мұғалімдер бұл каучунгтен алған әсерлерін, тұжырымдарын «Идея ағашына» стикерлерге жазып іліп,рахметтерін жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |