Қостанай облысы. Арқалық қаласы. Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің ІІ санаттағы биология пәнінің мұғалімі Ибраева Лиза Диханқызы ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының екінші деңгейлі сертификат иегері Коучинг тақырыбы: Сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау.
Сілтеме:Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2 деңгей. 3басылым (104-109 бет)
Мақсаты: Қалыптастырушы бағалау жайлы мұғалімдердің түсініктерін қалыптастрып кеңейту.
Қалыптастырушы бағалаудағы ұйымдастыру жолдарын анықтау.
Оқыту нәтижелері: Мұғалімдер оқытудағы бағаның рөлін анықтайды, мұғалім қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын түсінп оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды.
Негізгі иделар: Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің тәжірибесін және оқушының білім деңгейін жоғары дәрежеге көтереді.
1. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Психологиялық ахуал тудыр: «мен тілектеспін» Мұғалімдер шеңберде жұптасып тұрады, алақандарымен жанасып, саусақтармен бірі-біріне осы коучинг сабағында не тілейтінін айтады.
1.2 мұғалімдерді топқа бөлу 2 мин
1.3. Мұғалімдерді сабаққа тарту Ауызша сұрақ: 1.Бағалау дегенді қалай түсінесіз? 2.Бағалау не үшін қажет?2. Мағынаны ажырату Презентация көрсету: Жалпы бағалау туралы
2.1. Топтарда постер құрастыру Тапсырма: (5 мин)
1-топ Қалыптастырушы бағалау
2-топ Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы 3- топ. Бағалау түрлері 4топ: Қалыптастырушы бағалаудың түрлері
Презентация көрсету. Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі
2.3. Тренинг Гүл жасау(5 мин) Тыңдаушылар түрлі түсті қағаздар, скотч, қайшы көмегімен гүлдеді жасайды.
Жұптасын мұғалім өз гүлін қоғайды.
Жұптасып өз жұбындағы мүшесінің гүлін бағалайды. 15 мин
2 Әр топ қарсы топты смайлдар және кері байланыс, жазбаша бағалау, ауызша бағалау арқылы бағалайды.
3. Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек
Рефлексивтік жазба
№
Шара, не әрекет атауы
Өту барысының сипаттамасы
Рефлексиялық түйін
1
Коучинг
«сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау"
Коучингке шығармашылық топ мүшелері, І,ІІІ деңгей мұғалімдері және ұжым мүшелері барлығы 28 мұғалім қатысты. Мұғалімдердің коучингке деген қызығушылығын ояту мақсатында коучинг «мен тілектеспін» деген тенингпен басталды. Онда мұғалімдер бір біріне жақсы тілектер білдірді. Одан кейін мұғалімдерді топқа бөлу үшін жемістердің суретін пайдаланып, 4 топқа бөлдім . Сабақ тарту үшін ауызша:
-бағалау дегенді қалай түсінесің?
-Бағалау не үшін қажет деген сұрақтарға мұғалімдер өз ойларымен жауап берілді.Мұғалімердің жауаптарын презентация арқылы толықтырылып өтілді.
4 топқа берілген тапсырмалар:
1. бағалау түрлері
2. Қалыптастырушы бағалау
3. Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы
4. Қалыптастырушы бағалаудың түрлері.
Топтық жұмысқа 5 мин уақыт беріліп және мәтіндер үлестірілді.Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанды,постер әзірледі. Әр топ тапсырмасын тыңдау 2 минутқа созылды, әр топтан тың, өзекті ,ұтымды ойлар айтылды, сұрақтарға жауаптар алынды, дәлелдерімен түсіндіріп өтті.. Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі туралы презентация көрсету арқылы толықтырылды. Тренинг «Гүл жасау» 15 мин.
-Жұптасып мұғалім өз гүлін қорғайды.
-әр топ басқа топтың жұмысына қалыптастырушы бағалау береді.Сабақ соңында "екі жұлдыз бір ұсыныс " айту бойынша бағалады.
Қалыптастырушы бағалау-оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. Формативтік бағалау оқушыларға өздерінің прогрестерін ұғынуға және бақылап отыруға,мұғалімнің көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытынқамтамасыз етіп, оқушылардың оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік тудырады.
.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты– оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары