Паратонзилярлық абсцесс – жедел тонзиллиттің асқынуы болып келеді. Жұтынғанда ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, ауырсыну шаншыған сипатта болып, құлаққа беріледі. Науқас аузын қиналып ашады, мойын және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. - Паратонзилярлық абсцесс – жедел тонзиллиттің асқынуы болып келеді. Жұтынғанда ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, ауырсыну шаншыған сипатта болып, құлаққа беріледі. Науқас аузын қиналып ашады, мойын және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған.
- Асқынуы: қан кету, жұқтыншақ маңы абсцесі, мойынның терең флегмонасы, көмейдің ісінуі, сепсис.
- Көмек: антибиотиктер, дезинтоксикациялық терапия жүргізу. Абсцесті дәрігер-маман ашады.
Жедел лабиринтит – ішкі құлақтың қабыну ауруы. Ішкі құлаққа инфекцияның енуінен болатын жедел және созылмалы ортаңғы отиттің ауыр асқынуы болып табылады. - Жедел лабиринтит – ішкі құлақтың қабыну ауруы. Ішкі құлаққа инфекцияның енуінен болатын жедел және созылмалы ортаңғы отиттің ауыр асқынуы болып табылады.
- Клиникасы: науқаста кенеттен басының айналуы, лоқсу, құсу, естуінің төмендеуі, спонтанды нистагм болады.
- Асқынуы: науқастың есітуінің және вестибулярлық қызметінің толық жойылуы; іріңнің бас сүйек қуысына енуінен іріңді менингит, ми абсцесі болады;
Жедел жәрдем: жедел симптомдарды басу (аминазин, димедрол, транквилизаторларды егу). Бас айналғанда атропин, реланиум, преднизалон, аскорбин қышқылының қоспаларын физ. ерітіндіде тамшылатып көк тамырға егу. Дезинтоксикациялық терапия, антибиотиктер тағайындау. Ем оториноларингологиялық бөлімшеде жүргізіледі. - Жедел жәрдем: жедел симптомдарды басу (аминазин, димедрол, транквилизаторларды егу). Бас айналғанда атропин, реланиум, преднизалон, аскорбин қышқылының қоспаларын физ. ерітіндіде тамшылатып көк тамырға егу. Дезинтоксикациялық терапия, антибиотиктер тағайындау. Ем оториноларингологиялық бөлімшеде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |