Мұрынның жарақаты - Мұрынның жұмсақ тіндерінің жарақаты, мұрынды ұрып алу, мұрын сүйектерінің сынуы кездеседі.
- Мұрын жарақатына тән белгілер: ауырсыну, мұрыннан қан кету, мұрынның деформациясы, жұмсақ тіндерінің ісінуі. Беттің тері астына қан құйылулар, параорбитальді гематомалар болуы мүмкін.
- Жедел көмек: қан кетуде мұздай компресс қою, жарақатты тігу, қажет жағдайда мұрынның алдыңғы немесе артқы тампонадасын жасау керек.
Жұтқыншақтың жарақаты - Ішкі және сыртқы болып 2 бөлінеді. Сыртқы жарақаттары кесілген, шаншылған сипатта болады. Ол мойын, бас сүйегі, бет, кеңірдек, өңеш жарақаттары кезінде болады. Ішкі жарақаттары жұтқыншаққа бөтен дененің түсуі кезінде болады. Клиникасы: жұтынудың қиындауы және ауырсынуы. Сонымен қатар, зақымданған ұйқы артериясынан қан кету, қанның аспирациясы байқалады.
- Жедел көмек: жарқаттаған затты алу, қанды тоқтату, ауырсынуды басатын дәрілер егу.
Достарыңызбен бөлісу: |