Көз және лор – ағзалар зақымданулары кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі



бет9/11
Дата23.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#113641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
214317 (1)

Көмейдің жедел стенозы

  • Бұл кенеттен тез немесе аз уақыт ішінде көмей саңылауының тарылуы немесе толық жабылып қалуы. Көмейдің жедел стенозына алып келетін жиі себептері: балалардағы ларинготрахеит, аллергиялық аурулар (көмейдің ісінуі), дифтерия, жарақаттар (механикалық, химиялық, термиялық), көмейдің орталық және перифериялық иннервациясының бұзылыстары.
  • Клиникасы: инспираторлық ентікпе.

Көмейдің жедел стенозының 4 стадиясын ажыратады:

  • Компенсация стадиясы- ішке дем алудың ұзаруы, жиі дем алу;
  • Субкомпенсация стадиясы-тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады.
  • Декомпенсация стадиясы-айқын инспираторлық ентікпе, ішке дем алу шулы, төсекте мәжбүрлі қалыпта отырады. Науқастың бетінде салқын тер, қорқыныш сезімі бар. Ерні көгерген, пульсі жиілеген.
  • Асфиксия стадиясы-науқас апатия күйінде, ұйқышылдық. Терісі бозарған, көз қарашығы кеңейген, тырысулар болады. Есінен танады. Еріксіз кіші және үлкен дәретке шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет