Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері Критериалды бағалауды оқытудың қызметі мен ұстанымдары



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі24,08 Kb.
#123229
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
 Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері Критериалды бағалауды оқытудың қызметі мен ұстанымдары

Критериалды бағалау қағидаттары:

  1. — Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

  2. — Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

  3. — Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпаратты ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

  4. — Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. 

  5. — Дамытуға бағытталғандық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

  6. Бұл қағидаттар қалыптастырушы бағалаумен қатар жиынтық бағалауда да анық көрініс табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет