Қалыптастырушы бағалау Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары: қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту; ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау; уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.