Критериалды бағалау технологиясы



Дата07.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#91201
Байланысты:
ПС-9

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

  • ТАҚЫРЫП 9
  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІНІҢ БАСТЫ ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

  • Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
  • Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.

  • Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
  • Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе əрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.

Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.

  • Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
  • Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.

Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.

  • Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
  • Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.

  • Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
  • Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.

  • Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
  • Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.

  • Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
  • Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.

Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.

  • Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
  • Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.

  • Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
  • Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.

Қорытынды:

  • Қорытынды:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет