Критериалды бағалау


Формативтік бағалауды жоспарлау



бет4/4
Дата21.12.2021
өлшемі76,48 Kb.
#104671
1   2   3   4
Байланысты:
критериалды бағалау

Формативтік бағалауды жоспарлау


Бағдарламада сипатталғандай оқу мақсаттары білім алушылар сыныпта меңгеретін тақырыптарды, мазмұны мен дағдыларды сипаттайды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында белгіленді және олар білім алушылар меңгеруі тиіс тақырыптардан, мазмұннан және дағдылардан тұрады. Формативтік бағалау бойынша тапсырмалар жинағында тапсырмалар оқу мақсаттарына қарай ұсынылған. Формативтік бағалау бойынша тапсырмалар жинағын сабақтарды жоспарлауда қолдану ұсынылады.



Сурет. Оқу қызметін жоспарлауға арналған құжаттар

Формативтік бағалау күнделікті оқыту және оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы ұдайы өткізіледі. Бағалаудың бұл түрі мұғалімдерге оқыту процесін түзетуге және білім алушылардың оқудағы жетістіктер деңгейін анықтауға, ал білім алушыларға – оқу мақсаттарына жету процесінде мықты әрі әлсіз тұстарын өз бетімен анықтауға мүмкіндік береді.

Формативтік бағалау процесін белсендіру үшін мұғалімге:


  • оқу мақсаттарымен үйлесімде бағалау өлшемшарттарын нақты тұжырымдау;

  • оқу мақсаттары мен бағалау өлшемшарттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру және олардың дескрипторларын әзірлеу;

  • білім алушыларды уақытылы нәтижелі кері байланыспен қамтамасыз ету;

  • оқу және бағалау процесіне түзетулер енгізу ұсынылады.

Бұл ретте білім алушылар оқу процесіне белсене қатысуға, бағалау өлшемшарттарын (дескрипторларын) түсінуге және өз бетімен және өзара бағалау дағдыларын меңгеруге тиіс.

Формативтік бағалауды жүзеге асыруды жүргізудің менадой нысандарын қолдану ұсынылады: жеке, жұппен, топта және құрамы ауыспалы жұппен.



Формативтік бағалауды сабақ жоспарына кіріктіру барысында бағалаудың осы түрінің

  • оқыту мен оқудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау») екенін;

  • белгісіз бағалау болып табылатынын;

  • оқытудың барлық мақсаттарын қамтитынын (оқу мақсаттары оқу бағдарламасында және әр пән мен сынып бойынша оқу жоспарында нақтыланған);

  • бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылатынын;

  • әр білім алушының ілгерілеушілігі туралы кері байланыс орнататынын;

  • оқыту және оқу сапаларын, оқу бағдарламасын жақсарту нәтижелерін ұсынатынын ескеру керек.

Жалпы формативтік бағалау нысандары мен әдістерін қолдану, сабақтың әр кезеңін мұқият жоспарлау және оны әріптестермен талқылау мұғалім қызметіндегі жақсы практика болып саналады. Сабақ жоспары бойынша қысқа түсіндірмелер жазу, сабақты талдау, сабақтан кейін рефлексияны жүзеге асыру мұғалім жұмысын (қызметін) жетілдіруге ықпал етеді. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартуға, сабақта қолданылатын ресурстарды, тапсырмалар мен әдістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге басқа мұғалімдермен озық тәжірибемен және ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет