Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері)


-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет24/35
Дата02.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#170792
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
4- СЫНЫП

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы




1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут. Балл саны – 18
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден / сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.


Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық

бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым


1. Мәтінді тыңдаңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.

Киік – қойға ұқсас жануар. Маңғолия мен Қазақстанда ғана сақталған. Киіктер шөл және далалы аймақтарда тіршілік етеді. Текелерінің бойы 126-150 см-дей. Салмағы 37 - 49 кг-дай. Ал ешкілері кішірек. 109 - 127 см-дей. Салмағы 22-37 кг-дай болады.Текесінің мүйізі бар. Ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыштау болады. Қыста түсі ақшылдау болады. Олар жылына бір рет мамырдың басында төлдейді. Киіктер үшін қасқыр қауіпті. Оның жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Киіктің еті дәмді. Мүйізі мен тұяғы, терісі құнды. Оның мүйізінен «Пантакрин» дәрісін жасайды. Тұяғын күйдіріп теміреткіге жағады. Үкімет киіктерді 2006 жылы «Қызыл кітапқа» ендірді. Өйткені олар азайып бара жатыр. Оларды қорғау жұмыстарына екі жүз миллиондай қаржы бөлінген.


Киіктер неліктен «Қызыл кітапқа» енгізілді?


А) олар азайып бара жатыр
В) оларды қасқырдан қорғау үшін
С) қойға ұқсас жануар болғандықтан
Д) оларға бүркіт, дала қыраны шабуыл жасамас үшін

Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.


Киіктің жаз айларында арқа тұсы-------------------------------------------- болады.

Киіктің ------------------------------------------------«Пантакрин» дәрісін жасайды.


Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жазыңыз және жауап беріңіз.




Сұрақ:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жауап:------------------------------------------------------------------------------------------ ---------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет