Куатбекова Меруерт Малдыбаевна, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Төле би атындағы №8 гимназиясы»



бет5/5
Дата04.07.2018
өлшемі0,57 Mb.
#46420
түріСабақ
1   2   3   4   5

Сергіту сәті:

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.
Дәптермен жұмыс: Ж ж дыбысы мен әрпінің элементтерін ауада, дәптерге жазу.

Дәптерімізді ашайық.

Қолға қалам алайық,

Жазуымызды әдемі,

Маржандай қылып жазайық.
Қалыптастырушы бағалау: 2-тапсырма: «Ойлан-жұптас-бөліс»Жеке жұмыс.

Тапсырма: Берілген буындар бойынша жаңбыр тамшыларынан сөз құрап, сол сөздің буынын, дауысты, дауыссыз дыбыстарын тауып, сызбасын сыз.

лау жал жыл жа жол ға сыл рық жу тыр а жү зім



Бағалау критерийі:

1. Буындардан сөз құрап жазу

2. Дыбыстық талдау жасау

Дескриптор:

1. Жаңбыр тамшыларынан сөз құрай алады.

2. Құраған сөздерін жазады

3. Дауысты дыбыстарды ажыратады

4. Дауыссыз дыбыстарды ажыратады

Осы тапсырманың орындалу барысын кері байланыс арқылы жұппен жұмыс жасап, дұрыс берілген жауаптары арқылы тапсырмаларын тексереді. Білім алушы кері байланыс арқылы қорытынды жасайды.



3-тапсырма: «Жеке жұмыс»

Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажыратып, мәнін ажыратқан сөздерге анықтама беріп, мысал келтіріп сөйлем құрау.

Тұрма жай,

Қамыр жай.

Суға жуа-жуа,



Тазаланды жуа.

Көп мағыналы сөздер: Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Мысалы: бас – адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі.Таудың, бұлақтың басы. Бір нәрсені бас қимыл-іс-әрекет.
Жарайсыңдар!


Сурет Ж ж дыбысына арналған

Ж ж дыбысы мен әрпінің баспа, жазбаша түрі
Сауат ашу оқулығы

Сурет


Сауат ашу пәніне арналған жұмыс дәптер

Ақ түсті парақтар


Көп мағыналы сөздер, мысалдар




Сабақтың соңы

2 минут

  • Бүгінгі сабақта біз не білдік?

  • Сабақтың қай сәті қызық болды?

  • Сабақтан не үйрендік?

Кері байланыс «Қол белгі»

Кері байланыс

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау әдісіне арналған тапсырма:
1-тапсырма. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау, әр сөздің мағынасын ашу. Сөйлем құрастыру.

3-тапсырма: Қарамен берілген көп мағыналы сөздерді ажыратып, сол мәнін ажыратқан сөздерге анықтама беріп, мысал келтіріп сөйлем құрау.



Мұғалім бағалайды:

Мадақтау сөздері, смайликтер арқылы

Топтар бір-бірін бағалайды:

От шашу әдісі

Кері байланыс: Кері байланыс картасын толтыру



Табиғатқа шыққанда қауіпсіздік ережесін сақтау ережелерін таныстыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ме?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?



Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет