Педикулезге қарсы іс-әрекетттерді ұйымдастыру
СТАНДАРТЫ
Педикулез табылған кезде Мейірбике жұмысы ҚР 2004 жылдың 11 наурызында шыққан № 236 «ҚР Брилла ауруы мен бөртпе сүзектің алдын – алу іс шараларын күшейту» бұйрығымен регламенттеледі.
Барлық түскен ауруларға қабылдау бөлімінде педикулезге тексеру жүргізіледі.Тексеру қорытындысы науқастың медициналық картасына және жұқпалы ауруларды тіркейтін журналға жазылады.
Педикулез табылған кезде мыналар жасалыну керек:
- № 060 үлгідегі журналға тіркеу:
- Санэпид қадағалау мекемесіне науқас жөнінде № 058 үлгідегі жедел хабарлама қағазын жіберу;
- медициналық картаның алғашқы бетіне белгі соғу;
- науқасқа санитарлы тазарту жасау;
- науқас киімі ыстық суға салынып камералық өңдеуден өткізу;
Стационарлық емдеу бөлімшелерінде:
қабылдау бөлімінде тазаланған науқас емдеу бөлімшесінде қайта қаралады;
барлық пациенттер 7 күн сайын тексеруден өтіп отырады;
Есте сақтаңыз!
Ауыр науқастарды қарау және дезинсекциялау науқасқа жедел көмек көрсетілгеннен кейін ғана жасалады.
-7-
Достарыңызбен бөлісу: |