Қанның қалың тамшысын алу алгоритмі
Әзірлеу керек:
70 % спирт, заттық әйнектер, майсызданған Никифоров қоспасы, жолдама, қаламсап, стеклограф, сіріңке, дөңгелек резеңке, крафт қағазынан жасалған конферт, лоток, залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Зарарсызданған лоток, жеке инелер(скальфикатор), пинцет (қысқыш), мақта дөңгелектері.
Процедураны орындау әрекеті:
- қолдың 4- ші саусағының терісін спиртпен тазарту
- осы саусақты скальфикатормен тесу
- қанның алғашқы тамшысын құрғақ мақта дөңгелегімен сүрту
- тесілген саусақты төмен қарату
- саусақтағы қаннның 2- ші тамшысына заттық шыныны тигізу
- тесілген жерге мақта дөңгелегін қою
- заттық шынының үстіндегі қан тамшысын 2- ші заттық
шынымен диаметрі 10-15 мм бұрыш жасап жағу
- шынының сыртқы бетіне стеклографпен қанның қалың
тамшысын айналдыру
- шынының артқы бетіне реттік номерді көрсету
- сіріңке мен дөңгелек резеңкені қолдана отырып, екі заттық
шынының арасына қанның қалың тамшысын орналастыру
- паразитологиялық лабораторияға жолдама жазу.
ЕСКЕРТУ:
қанды алу ауруға күдіктенгенде тез арада алынуы керек
қан алу кезінде асептика ережелерін сақтау қажет
шприц инесі мен Франк инелерін қолдануға болмайды
заттық шынының бетіне қолдың ізі қалмау үшін жиегінен ұстау керек
қан кепкеннен кейін оның бетінде жазу жақсы көрінуі керек
бір шыныда екі қалың қан тамшысын дайындауға болады
қызба кезі мен ұстама аралық кезеңінде қанды алған дұрыс болады.
-24-
Достарыңызбен бөлісу: |