-13-
С Т А Н Д А Р Т.
Дене температурасын өлшеу.
Күні бойы кездесетін температураның физиологиялық ауытқулары белгілі бір таңертеңгі және кешкі температурасы арасындағы айырмашылықты орташа есеппен алғанда 0,3-0,5 градусты құрайды.
Жас пен орта жастағы адамдарға қарағанда сәби жастағы және қарт адамдардың дене температурасы төмендеу болады.
Сонымен қатар, қалыпты жағдайда теріде өлшенетін дене температурасы кілегей қабаттағы температурадан(ауыз қуысы, тік ішегі, қынап)0,5-0,80С төмен. Қолтық асты аймағындағы дене температурасы 36-370С-қа тең.
Жоғарыда айтылған деректерге сүйене отырып, дене температурасын күніне 2 рет өлшеу керек: таңертең-ұйқыдан кейін, ашқарынға (сағат 7.00-9.00 аралығында) және кешке – күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (сағ 17.00-19.00 аралығында). Кейбір жағдайларда (дәрігердің белгілеуі бойынша) дене температурасын әрбір 3 сағ сайын өлшеу керек, оны температураны кәсіби өлшей деп атайды.
ЕСКЕРТУ! Сынапты резервуарға қайтару үшін термометрді сынап бағанасы 350 төмен орналасқанға дейін сілку керек. Манипуляцияны жүргізгеннен кейін термометрді дезинфекциялау керек: 15 минутқа 1% деохлор немесе 3% су тотығы ерітіндісінде 80 минут батыру. Дезерітінді қоңыр шыныдан жасалған ыдысқа құйылған,себебі күннің көзінде, жасанды жарықта ерітінді өз қасиетін тез жоғалтады.
Емделушінің дене температурасын өлшеу алгоритмі:
Термометрдің бүтіндігінде көзіңізді жеткізіңіз
Сынап бағанасы 350 төмен болғанша термометрді сілкіңіз.
Қолтық астында қабыну құбылыстары мен терінің зақымдануларының бар-жоғын байқаңыз.
Қолтық асты терісін құрғақ орамалмен сүртіңіз.
Термометрдің сынабы бар резервуар тері қатпарларымен толығымен қоршалған болып орналастырыңыз.
Дене температурасын 10 минут ішінде өлшеңіз.
Дене температурасын өлшегеннен соң, термометр көрсеткіштерін жеке температуралық параққа енгізеді.
ЕСКЕРТУ! Температура, АҚ, пульс көрсеткіштерін температуралық параққа графикалық тәсілмен тіркейді, сол жақта тігінен «Т», «АҚ» шкалалары болады. Кейбір температуралық парақтарда бір минут ішінде тыныс алу жиілігін графикалық тіркеуге арналған «Ц» шкаласы да бар. Температуралық парақтың төменгі бөлігінде емделішінің дене салмағын тәулік бойына қабылданған және бөлінген сұйықтық мөлшерін (су балансы), нәжіс бөлу туралы деректерді жазады және жүргізілген санитарлық өңдеуді t0 белгісімен белгілейді.
ЕСКЕРТУ! t0, PS, АҚ деректерін дұрыс енгізу үшін шкаланың бөлінулерінің «бағасын» есептей білуі қажет.Стационарда болған күн графасын екіге бөледі.
-«У»- таңертеңгі және «В»-кешкі. Таңертеңгі деректер «У» графасында нүктемен белгіленеді. «В» графасында кешкілік деректер белгіленеді. Нүктелерді бір-біріне қосқанда температуралық қисықтық пайда болады.
-14-
Достарыңызбен бөлісу: |