ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ : Қолдарыңызды инъекция жасауға дайындаңыз.
Сыйымдылығы 1 мл-ден 5 мл-ге дейін шрицті құрастырыңыз, екі инені дайындаңыз – біреуі дәріні сорып алу үшін, екіншісі егу жасау үшін ұзындығы 2-3 см болуы керек.
Ампуланың мойнын спиртпен өңдеңіз, егумен егіп, сприртке малынған мақтамен қысып сындырыңыз. Егер ерітінді флаконда болса, бірінші алюминий қақпағын ашып, флаконның резеңке тығынын спиртпен өңдеу керек.
Шприцке қуысы жуан инені жалғастырып, ампуладан немесе флаконнан дәріні сорып, ампуланы немесе флаконды инеде саусақпен ұстап тұрып, 1мл-ден 5мл-ге дейін сорып алу керек (дәрігердің нұсқауы бойынша).
Инені ауыстырып, шприцті тік ұстап, оның өткізгіштігін тексеріп ауасын шығарыңыз.
Спиртке малынған 2 мақта шариктерін дайындаңыз.
Егілетін жердің терісін спиртпен өңдеу: біріншісі мен мақтамен жерді жерді, екіншісімен тек егетін жерді өңдейді. Екінші мақтаны тастамай, саусақпен қысып ұстаңыз.
Сол қолыментеріні қысып ұстап, шприцті теріге 45º бұрышпен оң қолыңызбен ұстап, иненің 2/3 бөлігінің тереңдігіне енгізіңіз. Дәріні жіберіңіз. Спиртке малынған мақтамен егу жасаған жерді басып, инені тез суырып алыңыз. Дәрі жақсы сіңу үшін, сол қолыңызбен мақта шаригімен егу жасаған жерді уқалаңыз.
Тері астына егуді жасағанда болатын асқынулар: инфильтрат, абцесс,
жұмсақ ұлпаларда иненің сынығы қалып қоюы, дәрілік эмболия,
аллергиялық реакциялар, тері астына қателік жіберіп, басқа дәрі жіберу.